Дара сөздер мен күрделі сөздер

 

Сөздерді құрамы жағынан дара және күрделі сөздер деп бөлінеді.

Бір ғана түбірден тұратын негізгі немесе туынды түбір сөзді дара сөз дейміз. Мысалы: аспан, ата, дана, даналық, терезеде т.б. Аспан, ата, дана

сөздері бір ғана негізгі түбірден тұрса, дана+лық- туынды сөз, терезе+ де- жалғаулы сөз.

Екі немесе одан да көп түбірлердің бірігуінен, қосарлануынан, қайталануынан, қысқаруынан, тіркесуінен жасалған сөздер күрделі сөздер деп аталады.

Күрделі сөздердің түрлері

1. Біріккен және кіріккен сөздер: белбеу, бүгін, айбалта, ақсақал, Ақтау, қаламсап, орынбасар т.б.

2. Қос сөздер: биік- биік, әрең- әрең, бала- шаға, қыз- келіншек т.б.

3. Қысқарған сөздер: ААҚ, ТМД, БҰҰ, ПМУ, ПМПИ т.б.

4. Тіркесті сөздер: қара сұр, он сегіз, қара ала т.б.

Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі.

 

Өткен өмір-бәрі сабақ.Ұрпақ үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды оқу. “Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі” дейтін қазақ туыстыққа зор мән берген.

Осыған байланысты төмендегідей пайымдаулар халқымызда ежелден бар.

Қазақта “төрт құбыла” деген ұғым бар. Мұның да өзінше бөлек бір сипаты бар. Ол-“өзім”деген тұлғаны ортаға қойып,туыстық қатынасты жіліктеп таратқанда қолданылатын бағыт. Мәселен, “өзімнен жоғарғы бағыт”- ата тек болса,кейінгісі ұрпақ. Оң бағытым-нағашы жұрт,сол бағытым-жиендер. Ежелгі халық түсінігінде адам денесінде кеуде қосақталып қонған 7буын бар. Алғашқы буын “өзім”-кеуде. Екінші буын-бұғана. Онан соң-иық,шынтақ,білезік,сынық сүйем,бақай. Бала “жерден таяқ жейтін” 7 жасқа толысымен осы 7 буынды көрсетіп, әр буынға бір атаны балап, 7 атасын шегелеп отырып,қадап айтып түсіндіру әуелі әкенің , не атаның абзал борышыболған. Мәселен:кеудесіне саусағын тіреп-бұл сен, “өзің”,бұғананың басын нұсқап-бұл әкең,иығын көрсетіп-бұл атаң дейтін. Бір атадан тараған ұрпақтарды немере ағайын дейді. Неше немере ағайын бар,олар қайда тұрады,немен шұғылданады? Мал дәулеті қалай?Қандай-қандай өнері бар? Мұның бәрі талдап айтылуы тиіс.Өкінішке орай

 

тағдырдың тәлкегінен немере ағайындарын білмейтін,тіптен көз жазып қалған бауырларымыз көп бүгінде. Шынтақ-бабаң,білезік-өз атаң,бұлар-жама ағайындар. Алақандағы орта буын(сынық сүйем буыны)-тегің,башпай буыны (саусақтың соңғы буыны,қол ұшы)-түбің,бұлар қалыс ағайындар. Бұлардың шаңырағы қазір қайда,қазір кімдер бар,олардан тараған ұл мен қыз кім дегенді де құлағына құятын.

 

өткен өмір-прошлая жизнь

сабақ-урок

ұрпақ -потомки

ата-баба –семь

шежіре- летопис

жеті ата-семь потомки

ежелден –с древности

бөлек -отделно

 

1 - жаттығу.