Берілген мәтіндегі сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар.
2 жаттығу.
Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Үлгі: ой-лы,...
Ой, пайда, жаз, оқу, күз, өктем, сый, сықақ, сылдыр, үйір, іс, үлгі, жүз, тәрбие, тәлім, тежеу.
3 жаттығу.
Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Үлгі: айбын-ды-лық-тан,...
Айбындылықтан, әділеттілікті, шаруашылықтар,білгіштік, имандылық, сыйлағыш, кішіпейілділік, тарыншақ, ұрыншақ, тасымалдағандары.
4-жаттығу
Берілген сөздерге септік жалғауларын қосып жазыңыз
Ұя, гүл, дәптер, көмекші, құдірет, сыйлық, сұлу, жаңбыр, ауыл, дәрігер, орман, еңбек, байлық, балгер.
5 – жаттығу
Берілген сөздерден жұрнақ жалғану арқылы туынды сөздер жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Үлгі: сый-лы,...
Сый, күз, қыс, көктем, сауық, от, темір, тәрбие, бақыт, ағайын, жақ.
6 – жаттығу
Оқып шығып, сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар. Қосымшаның түрін (жұрнақ па, жалғау ма) ажыратыңдар.
Ата – анадан, есті, білгені, көргені, білімді, адамға
7 – жаттығу
Бұл қай сөздер?
1. Ж – дан басталса, жыл мезгілі
Қ – дан басталса, онда ол құс белгілі
Ол қай сөздер?
2. А дыбысымен айтылса, негізгі мүше,
А егер де Е – ге алмасса,
Есептік сан есім, сұрауы – неше?
Бұл қай сөз?
3. Қ – дан басталсам,
Маған қарап сабақ айтпады,
П – дан басталсам,
Маған балалар жүгін артады.
4. Фонетикалық екі ұғым бірі мен бірі сыбайлас,
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі – жазылады да көрінеді
5. Өз құрамындағы үш буын, жеті әріп, жалпы қарауындағы әріптері
құрамындағыдан алты есе көп.