Сөздің жеке түбірден немесе қосымшалы түбірден құралуына қарай негізгі түбір және туынды түбір болады.
Туынды түбірді туынды сөз деп те атайды. Мысалы: бала- негізгі түбір, бала+лық -туынды түбір.Бір сөзге қажетіне, мүмкіндігіне қарай бірнеше жұрнақ жалғануы мүмкін.Мысалы:сый+лық, сый+ым, сый+лай, сый+ла т.б. Осы төрт сөздің негізі біреу -сый.Туынды сөз немесе туынды түбір-жұрнақ жалғану арқылы бір түбірден өрбіген сөздер.
Отбасы бақыты – бала.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе, "Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi..." делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады.
Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.
"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда", деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.
Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!
Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi».
күнделiктi-ежедневный
болашақ-будущее
сыйластық- уважение
тыныштық-тишина
дәмi-вкус
көрмейдi-не видеть
1 жаттығу.