Түбір мен қосымша.
Сөздің мағына беретін, бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады.
Түбірдің ерекшеліктері:
1. Сөздің мағына беретін бөлшегі.
2. Қосымша жалғанбай-ақ дербестігі болады.
3. Қосымшасыз да дербес қызмет атқарады.
4. Түбір морфема дара да, қосымша морфеманы жалғап та , қайталанып та (айта –айта, қарай –қарай),басқа морфемалармен қосарланып та (тау –тас , ата-ана), бірігіп те (тасбақа, бүгін), тіркесіп те (тас жол, ақ сары) жұмсала алады.
5. Түбірге бір немесе бірнеше қосымша жалғанса да, тұлғасын сақтайды: апа+лар+ымыз+ға, жол+дас+тық+тың т.б.
Сөздің түбіріне қосылып, оған қосымша мағына үстейтін бөлшек қосымша деп аталады.
Қосымшаның ерекшеліктері
1. Түбірден жеке мағына бере алмайды: білімді, басшы.
Бұл сөздердегі -ім, -ді, -шы- қосымша морфемалар, оларды өзі қосылып тұрған түбірден бөліп қолдана алмаймыз.
2. Қосымшылар түбірге жаңа мағына қосады: біл десек, қимыл, іс әрекетті білдіреді; ал білім десек , дерексіз заттық мағынаға ауысып тұр; -ді қосылып сындық мағына жасалған: білімді адам (қандай?) немесе қосымша мағына үстейді: мектеп+ке бағыттық мағына беріп тұр.
3. Қосымша морфемада дербестік болмайды, түбірдің айтылуына қарай өзгеріп отырады (мектеп+тер, бала+лар, адам+дар, үй+лер, кітап+тар).
Қосымшаның екі түрі бар: жұрнақ және жалғау.
Жұрнақ - өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертетін немесе оған мағына үстейтін, сөз бен сөзді жалғастыру, байланыстыру қызметіне қатыспайтын қосымша.
Жұрнақтардың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақтар, сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Өзі жалғанған түбірдің түпкі лексикалық мағынасын өзгертіп, жаңа мағына жайсайтын жұрнақ сөз тудырушы деп (өнер- зат есім , өнер+ лі сын есім, тәрбие зат есім, тәрбие+ле –етістік), жалғанған сөздің мағынасын өзгерте алмайтын, тек оған қосымша мағына үстейтін жұрнақ сөз түрлендіруші
(ақ+шыл, көл+шік деген сөздерді -шыл сындық мағынаны сақтаған , ақ деген түр-түс анық сияқты берілсе, ақшыл солғын тартқан сынды анықтайды , сол сияқты көлден көлшік кішкене екендігін білдіруімен ғана ажыратылады) деп аталады.