Берілген мәтіндегі сөздерді сөз құрамына қарай талдаңыздар.
2 жаттығу.
Мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.
Үлгі: Ел ағасыз болмас:аға түбіріне жалғанған –сыз қосымшасы- жұрнақ.
1. Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз болмас.
2. Ақылды адам елге қарайды,
Ақылсыз адам өрге қарайды.
3. Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.
4. Жолдасын таппаған ер азады.
3 жаттығу.
Оқып шығып, сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар. Қосымшалардың түрін (жұрнақ,жалғау) ажыратыңдар.
Үлгі: адамға- негізгі түбір, -ға- барыс септігінің жалғауы.
Адамға өмір бойы естен кетпейтін жақсылық істеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Құлнияз ағам мен Кәмила апам маған арнап үй салып, әкемнің құлағаншаңырағын көтеріп берді. Мұның өзі сыртқы елге пәлендей бір керемет болып көрінбес те. Бірақ бұл оқиғаға мен ерекше қараймын. Осы бір ересен жақсылықтың түпкі төркінін ағам мен апамның адамгершілік асыл қасиеттерінен, биік ақыл-парасаттарынан іздеймін.
4-жаттығу
«мектеп» сөзін табыс септік жалғауына қойып жіктеңіз
5-жаттығу
Жұрнақ арқылы жасалған сөздерді теріп жазыңыз
Білім, үлкендер, қойшы, өнерпаз, сыныптың, таулы, балықшы, кітаптың,
ойла.
6-жаттығу
1. Сөз деген не?
- Белгілі бір ұғымға берілген атау.
2. Сөз мағынасы деген не?
- Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.
3. Сөздің қандай мағыналары болады?
- Тура және ауыспалы мағыналары.
4. Сөздің тура мағынасы деген не?
- Негізгі, бастапқы мағынасы.
5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не?
- Келтірінді мағынасы.
6. Көп мағыналы сөздер деген қандай сөздер?
- Сөздің бірнеше мағынаға ие болуы.
*Салмақты, әрекет, қарулы сөздерінің біреуін таңдап, сол бойынша шағын мәтін құрау. Мәтінде көп мағыналы сөздер болуын ескеру.
Салмақты мінез
Менің атам - өте салмақты адам. Жер қозғалса да қозғалмайтын мінезі ауылдастары арасында аңызға айналған. Көл бетінде жүзген аққуларды көргенде ғана бірде бетінен (жүзінен) ерекше бір тебіреніс көргендей болдым. Атам қатты қуанғандай болды.
7-жаттығу
Төмендегі сөздерді пайдаланып, тура мағына мен ауыспалы мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.
Жел, суық, жылы, өткір, кілт.
1.Суық күндер алыс емес. (тура)
Суық сөз бойыңды жазғызбайды. (ауыспалы)
2. Қолындағы өткір пышақпен алманың қабығын тез-тез аршыды. (тура)
Өткір жігіт ешкімнен қаймықпайды. (ауыспалы)