Махаббат-адам бойындағы асыл сезім.

Махаббат-адам бойындағы асыл сезім. Ол саған жеткенде өн бойыңды алапат бір күш билеп,тағатсыз күйге түсесің. Кенет бөгде бір жан сенің ең асыл жақыныңа айналады. Онымен жүздесу, оны жаныңда сезіну өміріңнің мәні, тірлігіңнің тірегі болып көрінеді.

Қазіргі кезде әрбір жастың талап-талғамы өсті. Өмірге, жалпы дүниеге көзқарасы өзгерді. Адам өзінде қалыптасқан дүниені өзіне жақын жаннан да іздейді. Егер ол жан-дәлірек айтқанда сіздің болашақ жарыңыз, талап талғам үдесінен шыға алмаса ше? Қол сілтеп, сырт айналып кете беру керек пе?

Жанұя өзінің өмірін сол өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға байланысты құрады. Қоғам өміріндегі оңды-солды жағдайлар, қиындықтар мен қайшылықтар отауға өз әсерін тигізбей қоймайды.Отау да қоғам өміріне ықпал жасайды. Себебі, жанұяда қоғамның жас мүшесі-нәресте дүниеге келеді. Ол қоғам талабына сай тәрбиеленеді, соның негізінде рухани дамуы қалыптасады.

Нәзік жанды,парасатты әйелдер ғұмыр бойы ерлерінің адал жары болумен қатар,оның күш қуатының қайнары болады.Әйел отбасының жылылығын сақтап,перзентін аялаған, махабаттына адал болған ер азаматын қадір тұтқан.

Көп нәрсе еркек пен әйелдің үндестікті сақталуына байланысты. Бұл үндестік де бұзылғанын көрсетеді.Отау өмірі-қоғам өмірінің айнасы. Олар бір- бірін тоқтаусыз қайталап жатады.

Жастардың көбісі өмір жоспарында некеге тұруды қарастырады.Қазіргі кезде неке жасарды.Осыдан он жыл бұрын ерлер 25-30 жаста, ал қыздар 22-26 жаста неке құрса, қазір орта есеппен жігіттер 20-28 жаста, ал қыздар 18-20 жаста тұрмыс құруда.

Ақша жұмсау үшін көп ақылдың керегі жоқ. Қолда бар ақшаны қажет нәрсеге жұмсай білу, бұл-ғылым. Ол әрбір адамнан ойлылықты, ұстамдылықты, білімділікті қажет етеді. Көбіміз бір айлық қаржымыздың жоспарын жасаймыз. Жоспарсыз ақша жұмсау дегеніміз, бұл-үлкен теңізге компассыз шыққан кеме сияқты.

 

 

асыл сезім-сокровенное чувство

тағатсыз-нетерпением

бөгде-чужой

жүздесу-встетится

сезіну-чувствовать

талап-талғам

парасатты-интелегентный

1 жаттығу.