Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап жазыңыздар.
Аң, тіс, ат, үй, оқушы, дәрігер, газ, аудан, өнеркәсіп.
3 - жаттығу.
Төмендегі сөздерді тәуелдеңдер.
Мысалы: Менің ата-м. Біздің ата-мыз.
Сенің ата-ң. Сендердің аталар-ың.
(Сіздің ата-ңыз. Сіздердің аталарыңыз)
Оның ата-сы. Олардың аталар-ы
Іні, бас, дәптер, ана, қыз.
-
4 - жаттығу.
Төмендегі сөздерді септеңіз.
Мысалы: Атау с бала
Ілік с бала-ның
Барыс с бала-ға
Табыс с бала-ны
Жатыс с бала-да
Шығыс с бала-дан
Көмектес с бала-мен
Дос, студент, қала, мұнай, аға.
5- жаттығу.
Сөздерді оқып, олардың құрамын жазбаша ажыратыңдар.
Үлгі: күзетшілік: күзет-түбір; оған –ші жұрнағы қосылғанда, кісі мағынасын білдіреді; -лік жұрнағы қосылғанда, қызмет түрін білдіреді.
Күзетшілік, адамшылық, сәнқой, аспаз, бақташы, білімпаз, беделді, ақылды, білгіш, сулық, ақтау, ынталы, жүгіргіш, балықшы, жазушы, күзем, белдік, сенімді.
6 - жаттығу.
1.Синонимдік қатарды табыңызда
1.алыс-ұзақ-шалғай
2.сөз-аспан-сабыр
3.уақыт-мезгіл-дәуір
4.жаңа-жанар-жақсы
5.тәуелсіздік-егемендік-дербес
2.Антоним сөздерді жұптастырыңыздар
1.салқын алыс
2.жақын төмен
3.жаңа арық
4.семіз жылы
5.аласа ескі
3.Омоним бола алатын сөзді табыңыздар, мысал келтіріңздер
1.бет
2.салқын
3.ара
4.жүз
5.кітап
7 - жаттығу.
Сөздердің қайсысы тура, қайсысы ауыспалы мағынаға жататынын ажыратыңыздар
1.өткір көз
2.өткір пышақ
3.қатты ағаш
4.қатты нан
5.суық сөз
6 суық күн
Сабақтың тақырыбы: Сөз тұлғасы. Махаббат-адам бойындағы асыл сезім.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Сөз тұлғасын және оның сөйлемдегі қызметін меңгерту;
- Лексика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіріру;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Махаббат- адам бойындағы асыл қасиет мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Бес жай сөйлем алып,оларды тұлғасына қарай талдау.
Сөз тұлғасы.
Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа. Бірінші жолбөлшегі «салған із» немесе «сапар» деген мағынаны білдірсе, оған –дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі «серік» деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге –тық қосымшасы жалғанып, адамдар арасындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған. Соңғы –қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр.
Сөйтіп, сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір және қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді. Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы,үй, әке, бала т.б.), қосымшалы түбірден де (мысалы,маңдай-ша, өнер-паз, біл-ім т.б.), екі түбірден де (мысалы, некен-саяқ, жақсы-жаман, аққу, Марқакөл т.б.) құралады.