Қазақ тілінде 7 септік бар

Септіктер Сұрақтар Мысалдар (примеры)
Атау септік Кім? Не? Бала, үй
Ілік септік Кімнің? Ненің? Баланың, үйдің
Барыс септік Кімге? Неге? Балаға, үйге
Табыс септік Кімді? Нені? Баланы, үйді
Жатыс септік Кімде? Неде? Балада, үйде
Шығыс септік Кімнен? Неден? Баладан, үйден
Көмектес септік Кіммен? Немен? Баламен, үймен

 

 

 

Отбасы

 

Отбасы - сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.

« Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы

адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

 

отбасы-семья

сыйластық -уважение

орта-общество

ұжым-коллектив

шарт-условие

даналық-мудрость

 

1- жаттығу.

Мына сөздерге –шы, -ші жұрнақтарын қосып жазыңыз.

Тәрбие, бақша, мұнай, жұмыс, колхоз, етік.

2 - жаттығу.