Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Сөзжасам

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Сөзжасам мәселелерін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

-Сөздердің жасалу ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу;

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру.

 

 

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

Отбасы мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Туынды сөздерден сөйлем құрастыру.

 

Отбасы. Сөзжасам

Морфология– сөздің құрлысын, тұлғасын зерттейді. Сөз таптарын қарастырады.

1. Сөзжасам деп жаңа сөздердің пайда болуын айтамыз.

2. Сөз түрлі бөлшектерден құралады, ол бөлшектер сөз құрамы деп аталады. Сөз құрамы деген ұғымға қосымша деген бөлшек кіреді.

Қосымша (Аффикс)

1. Жұрнақ (Суффикс) – Түбірден кейін тұрып, жаңа сөз тудыратын қосымшаны жұрнақ дейміз.

 

Жұрнақтардың екі түрі бар:

 

1.Сөз тудырушы жұрнақ-өзі жалғанған сөзге жаңа лексикалық мағына тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады

 

Мысалы: заман-дас, жер-лес, ерін-шек, біл-гіш, балық-шы.

2.Сөз түрлендіруші жұрнақ -өзі жалғанған сөзге (түбірге) сәл де болса жаңа мағына

үстейтін,бірақ негізгі лексикалық мағынасын өзгертпейтін жұрнақ сөз түрлендіруші

жұрнақ деп аталады.

 

Мысалы: үй-шік, кітап-ша, сұр-сұр-ша, кел-келер.

 

2.Жалғау (окончание)-сөздерді бір-бірімен байланыстырып,оларға грамматикалық мағына үстейтін қосымшаны жалғау дейміз.

а) Көптік жалғау – зат есімге жалғанып заттың көптігін білдіреді. Олар :

лар,-лер,-дар,-дер,- тар,-тер.

 

б). Тәуелдік жалғау- бір заттың екінші затқа немесе біреуге (адамға) тәуелді,меншікті екенін білдіреді.

 

Жақ

Дауыстыдан соң

Мысалы

Дауыссыздан соң

Мысалы

  Жуан Жіңішке

 

Жуан Жіңішке Жуан Жіңішке
І     ІІ     ІІІ -м Мыз   -ң -ыңыз   -сы     -м Міз   -ң Іңіз   -сі Атам Атамыз   Атаң Атаңыз   Атасы әжем әжеміз   әжең әжеңіз   әжесі -ым ымыз   -ың   -ыңыз   -ы -ім іміз   -ің -іңіз   -і Қолым Қолымыз   Қолың Қолыңыз   қолы көзім көзіміз   көзің көзіңіз   көзі    
                 

в).Жіктік жалғау ( Личное оконч.)

Сөзге жіктік жалғауының жалғанып түрленуі сөздің жіктелуі деп аталады

-бын (бін), -мын(мін), -пын(пін), -сың(сің),

-быз(біз), -мыз(міз), -пыз(піз), -сыз(сіз).

Мыс: Мен студент – пін (я студент).

 

г).Септік жалғау( падежн.формы)