Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді табыңыз.
Қаламмен, қаздар, Әсетпен, есікті, баланікі, құлыншақ, әсемпаз, еңбекқор, дәріхана.
7-жаттығу
Қазақ тілінің үндестік заңына бағынбайтын кірме сөздерден 10 сөз тауып жазыңыздар.
Үлгі: мейрамхана, мұғалім ....
Фонетика саласы бойынша тест сұрақтары.
1 «і»әрпі жазылмайтын сөзді белгілеңіз.
а) ...ле в)...ндет с)...лім д)...рең е)...ркіт
2.Қатаң мен ұяң дауыссыздар қатар тұрған сөзді табыңыз.
а) арнау в)әдепті с)Ырысжан д)талдау е)тоқтау
3.Тіл білімін зерттейтін ғылымды атаңыз.
а)философия в)жаратылыстану с)тарих д)археология е)филология
4.Үнді дауыссыздан басталып,үнді дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.
а) біз в)олар с)сіз д)мен е)сен
5.Фонетика саласына жататын термин сөзді табыңыз.
а)қысаң в)сөз тіркесі с)жұрнақ д)синоним е)бағыныңқы
6.Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.
а)жоба в)жылан с)даугер д)бейсенбі е)сыпайы
7.Ашық дауыстылар қатарын толықтырыңыз:а,ә,о,ө,е...
а) ы в)и с)ү д)ұ е)э
8.Жуан дауысты дыбысы бар негізі түбірді табыңыз.
а) кендір в)ауыздық с)ыдыс д)жеміс е)теңіз
9.Тек дауыссыз дыбыстардан тұратын қатарды табыңыз.
а) в,б,д,е. в)ц,ш,ң,б. с)й,ж,з,й. д)л,м,н,ң,ә, е)к,л,м,о,у.
10.Езулік дауыстылардан жасалған сөзді көрсетіңіз.
а)әсемпаз в)күндізгі с)үндемейтін д)орынбасар е)құлақ
11.Әрі жуан және әрі қысаң дауысты дыбысты анықтаңыз.
а) а в)ы с)о д)ө е)ү
12.Тіл білімінің терминін табыңыз.
а) әріп в)ғарыш с)дүние д)әлем е)ғасыр
13.Қысаң дауыстылы сөзді көрсетіңіз.
а)ірің в)орақ с)Сәкен д)сабақ е)еңбек
14.Жақтың ашылуына қарай бөлінетін дауысты дыбыстардың түрін белгілеңіз.
а) еріндік в)жіңішке с)қысаң д)езулік е)жуан
15.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойыңыз.
....депті бала.
а) о в)е с)и д)ә е)а