4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

Поэзия туралы мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Үндестік заңына бағынбайтын сөздерден сөйлем құрастыру.

 

 

Үндестік заңы. Поэзия туралы.

 

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді.

1. Буын үндестігі (Гармония гласных)

2. Дыбыс үндестігі (Гармония согласных)

 

Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы (сингармонизм) дейміз.

Қазақ тіліндегі сөздердің басым көпшілігі не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан, не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі немесе сингармонизм деп атайды. Мысалы: жазу-шы-лар-ға, ән-ші-лер-ге, оқу-шы-лар, мек-теп-тер, т.б.

Қазақ тілінің байырғы сөздері не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке буындардан құрылған.Сонымен қатар қазақ тілінде сөз ішінде жуан, жіңішке дыбыстар араласып келеді. Бұндай ерекшелік төмендегідей жағдайларда:

1. Басқа тілдерден енген сөздерде (кітап, мұғалім, қадір, анекдот т.б.)

2. Біріккен сөздер мен қос сөздерде (бойжеткен, қыз-келіншек, баспасөз, жоғары-төмен т.б) кездеседі. Бұл сөздерге қосымша соңғы буынға қарай жалғанады.(бойжеткен-ді, кітап-тың, қыз-келіншек-тер, баспасөз-де).

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Қазіргі қазақ тіліндегі мынандай қосымшалардың бір тобы соңғы буынның жуан- жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.

1.Көмектес септік жалғауы: доп-пен, өзен-мен

2. –нікі, -дікі, -тікі (тәуелдікті білдіретін жұрнақ),-жан, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар: қала-нікі, шеше-тай,білім-дар, ата-еке, көке-жан, сезім-тал т.б.

3.-хана, -стан, -кент, -күнем: дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.

4. –ов, -ев, -ин: Сейсенбеков-тің, Алмабаев-тың т.б. Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.

5.-кер, -гер, -қор, -паз,, -қой, -ғой, -гөй, -кеш, -уар: қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз,кәсіп-қой, бата-гөй т.б.

6. Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей-, би- қосымщалары да үндестік заңына бағынбайды: бей-берекет, бей-бастық,бей-шара т.б.

Дыбыс үндестігі бойынша дауыссыздар бір-біріне ықпал етіп, өзара

 

үндесіп айтылады. Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі екі

сөздің жігінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер ету нәтижесінде өзгеруін дыбыс үндестігі немесе ассимиляция деп атайды.

Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады- жамбады,жанған-жаңған. Айтылуда б

Дыбысының әсерінен н дыбысы еріндік м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысы н тіл алды дыбысының ң тіл арты дыбысынаауыстырып тұр.

1.Дыбыс үндестігінің екі түрі бар. Ілгерінді және кейінді ықпал.

Түбір мен қосымшаның немесе сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысының кейінгі дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуын ілгерінді ықпал дейміз.

а)Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады.

Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік(күз-тік емес).

ә )Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б,в,г,д, дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады.

Мысалы: от-пен, космосқа, Ленинград-қа.

б)Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады.

Мысалы: айтылуы: жазылуы:

Қоныспек Қонысбек

Тыныспек Тынысбек

Тас пер тас бер

Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.

а) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п,қ,к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.

Мысалы: күрек-күрегі, доп-добы, тарақ-тарағы.

Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:

б) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ,г,б,п дыбыстарынан басталғанда,н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталды.

Мысалы: айтылуы: жазылуы:

Жампейіс Жанпейіс

Ермағамбет Ермағанбет

 

Поэзия туралы.

Грекше Poiesis-шығармаларын, жасаймын, творчество деген сөзі.Поэзия -белгілі бір өлшем, жүйеге бағынып, тізбекке түскен, өлеңмен жазылған не айтылған сөз өнерінің түрі.Поэзия терминінің түпкі мағынасы әдепкіде жалпы сөз өнері, көркем әдебиет деген ұғымды білдірген.Поэзия- өнердің көне түрі. Адам өмірінің қат-қабат қыры мен сыны, қуанышы мен қайғысы, арманы мен мұраты баршасы поэзияда барлық бояуымен, сан-қилы ою өнерімен көрініс табады.Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті мұрасының дені -поэзиялық шығармалар.Көне қазақ поэзиясы өлең , толғау, ғашықтық жырлар, айтыс, батырлар жыры, қисса т.б. түрінде жеткен.Халықтық асыл қазына-фольклорлық шығармаларымен қатар, әрідегі аты шулы ақын жыраулар Қазтуған, Асан қайғы , Доспамбет, Шалкиіз, Біржан сал, Мұрат, Ақан сері , Сүйімбай мұрасы, ұазақ поэзиясының саф алтын үлгілерінен саналады.Ұлы ақын Абай поэзиясы қазақ жырының кемелге келгенінің айқын айғағы.Ол қазақ поэзиясында түбегейлі бет бұрыс жасап, өлең көкжиегін шексіз кеңейтті.Қазақтың жаңа дәуірдегі поэзиясының іргетасын қалаған С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов; Қ.Аманжолов, т.б. көрнекті ақындар.

Жыр алыбы Ж.Жабаев, Н.Байғанин, И.Байзақов, О.Шипин, т.б. қазақ поэзиясының даңқын әлемге жайды.

 

өлшем-измерение

жүйе-система

әдепкі- начальный

дәуір-век

шексіз-бесконечный

өнер- искусство

іргетас- фундамент

 

1-жаттығу

Көп нүктенің орнына көрсетілген қосымшалардың )жалғаудың немесе жұрнақтың) фонетикалық (дыбыстық) түрлерінің тиістісін қойып, олардың түрліше жалғану себебін түсіндіріңдер.

А)–ның,(-нің,-дың,-дің,-тың,-тің) бала.... ойыншығы, колхоз... малы, есік.... тұтқасы, өзен... жағасы, күн.... ыстығы, қуаныш.... белгісі.

Ә)–ға, (-ге, -қа,-ке); тау.... шығу, белес...көтерілу, қағаз... жазу, кеме... міну, завод... бару, аэроклуб.. кетті.

Б)–нан,(-нен, -дан,-ден,-тан,-тен); бетеге... биік, жусан.. аласа, тас.. қатты, сүт.. таза, жүн... тоқылған, қырман.. қайтты, өзен.. өтті.

2 –жаттығу

Бір сөз (біріккен сөз) ішіндегі және сөздердің аралығындағы көршілес дыбыстардың айтылуда өзгеру себебін, қалай үндесіп тұрғанын түсіндіріңдер.

Әлдеқалай, әлдекім, әлдеқашан, әркім,әрқалай, өнеркәсіп, боз кеуде,әр күні, әл кету, ала көз болу(араздасу), айтып бар, ала кел, қара қоңыз алып бер, кісі, отыра қал, бұлтты күні, жазып бер.

3-жаттығу

Сөздерге қалаған қосымшаларыңды жалғап көшіріңдер.

Кір. Мектеп. Көңіл. Қала. Баспасөз. Қазық. Акт. Кенші. Бұлбұл. Пошта.

 

4-жаттығу

Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін құрамына қарай талдап, бұлардың араларындағы дыбыс үндестігін табыңдар.

Бұрынғы. Аймангүл. Он бес. Орманбай. Тұзсыз. Көре алмадым. Көз сала жүр. Есенгелді. Амангелді. Досжан. Тас жол. Бос жүрмен.

 

5-жаттығу

Берілген сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, айтылудағы ерекшеліктерін байқаңдар .

Торы ала ат. Жаңа ауыл. Қара күрең. Ала кет. Көк ала. Үлкен ғалым. Жүз жылқы. Бас штаб. Сенбі. Сәрсенкүл. Қазанқап.

6-жаттығу