Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы. Поэзия туралы.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Үндестік заңы туралы түсінік беру, олардың түрлерімен танысу;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Дыбыстардың жіктелуін математикалық тәсілмен талдау арқылы сауаттылығын, тіл байлықтарын дамыту;

- Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Берілген мәтіндер бойынша оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу;

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу;

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу;

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.