Қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, дыбысталу ерекшелігін айтыңыздар.

1723 жылы қазақ жасақтары Шұбартеңіз көлінің маңында жоңғар әскеріне күйрете соққы берді.

«Ақтабан шұбырынды» мезгілі Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Сабалақ батырларды танытты. Олар туралы халық дастан, жыр жазды.

Қазақ халқы осы жылдардағы қиыншылықтарға төзе білді.

2-жаттығу

Төмендегі сөздердегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жасаңыз.

Жылқышы, ұшақ, бала, әйнек, шолушы, еден, орындаушы, балапан, жатақхана, мейман, шеберхана, көзсіз, қараңғы т.б.

3-жаттығу

Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшасын қосып жазыңыз

Клуб, актив, завод, педагог, поезд, парк, банк, киоск, цех, ромб, лагерь.

4-жаттығу

Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар келген сөздерді теріп жазыңыз

Көркею, күз, парта, айналмалы, кеңірдек, парктан, треске, хабаршы, класс, құмырсқа.

5-жаттығу

Тасымалдауға болмайтын сөздерді жазыңыз

Ауа, ақпарат, ақын, тату, әріп, буын, ата, қант, алаша, бұлт, мереке, 15см, М.О.Әуезов, бала.

6-жаттығу

«К» әріпінен басталатын сөздер.

 

1. Қыздың аты.

2 Батырдың аты.

3.Құс аты.

4. Жыл мезгілі.

5. Пайдалы кен.

«Б» әріпінен басталатын сөздер.

1. Ақынның фамилясы.

2.Қаланың аты.

3.Қимыл, іс-әрекет.

4.Оқу құралы.

5. Дыбыстан не құралады?

« М » әр і пінен басталатын сөздер.

1. Адам аты.

2.Оқу орны.

3.Бас киім.

4.Сан аты.

5.Іс тігетін құрал.

« Қ» әр і пінен басталатын сөздер.

1. Ұлдың аты.

2. Қаланың аты.

3.Құс аты.

4.Төрт түлік аты.

5.Оқу құралы.

«Ш» әріпінен басталатын сөздер.

 

1. Әйгілі компазитор аты.

2. Киім аты.

3. Спорттық құрал.

4.Қала аты.

5. Іс тігетін адам.

 

7-жаттығу

ӘЗІЛ ЖҰМБАҚ- ОЙЫНЫ(анаграммалар, жұмбақтар шешу. Кім бірінші көтереді, сол топ жауап береді.)

 

1. Фонетикалық екі ұғым бірі мен бірі сыбайлас,

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі – жазылады да көрінеді.

(әріп пен дыбыс.)

2. Өз құрамында 3 буын, 7 әріп,

Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп.

(Алфавит)

3. Бір ағашта 37 алма,

Оны алып жемек болсаң

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.

(дауысты және дауыссыздыбыстар)

4. Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі,

Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.

Ол қай сөздер?

(жаз, қаз)

5. К-ден басталсам,

Маған қарап сабақ айтады.

П-дан басталсам,

Маған балалар жүгін артады.

(карта, парта)

6. Басы-ашық, аяғы-қысаң,

Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.

Саған да ол керек болар,

Өзен-көлге жақын тұрсаң.

(ау)

 

 

7. Дыбыс емес, таңба

Оқылмайды, жазылады.

Бірақ сөзден табылады

Ол қай әріп еді?

Ойлап көрші, есіңде бар ма?

(ь,ъ)

8. Жылқышының қолында-

«Ұ» әрпімен,

Ондық саны тобында-

«Ы» әрпімен.

(Құрық-қырық)

9. «С»-мен айтсаң,

Тағам ішем онымен.

«З»-мен айтсаң,

Қағам жерге оны мен.

(Қасық-қазық)

10. «Қ»-мен егер бітірсең,

Ыдыс-аяқ ол бірі.

«Н»-мен егер бітірсең,

Балықтың ол бір түрі.

(табақ-табан)

8-жаттығу

Сөйлем қалай дүниеге келеді. Мына сызба бойынша сөйлем құрастыру

Әріп------дыбыс------буын-------сөз-------сөз тіркесі---------сөйлем.

(егер сөйлемде у дыбысы болатын болса, мінездеме беру)

9-жаттығуСемантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға таратылады.

 

Сөз Дауы-сты жуан жіңішке Ашық қысаң Ерін-дік Езулік дауыссыз Қа-таң ұяң үнді
О + +   +   +          
Т               + +    
а + +   +     +        
н               +     +