Дауыссыз дыбыстар.
Дауыс шымылдығының жиырылуынан және ауыз қуысындағы мүшелердің бір-біріне кедергі жасау нәтижесінде пайда болған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атайды.
Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,щ.(у)
Дауыстылардың құрамында қаралған у дыбысының дауыссыз дыбыстарға жататын реттері де кездеседі.Егер дауыстыдағыдай буын жасай алмаса,у дыбысы дауыссыз болады:жауын,бай т.б.
Қазақтың халық педогогикасы
Ел тану. Қазақ халқының асыл сөздері, әдеби тілмен айтылған, әсіресе балаларға арналып айтылған ауыз әдебиеті шығармалары балаларды тәрбиелеуде үлкен құрал.
Мәселен, ертегі,аңыз әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылпаш тағы басқалар.Сөйлеу жүйелерін білдіру, тілдегі асыл сөздердің түрлерімен таныстыру, баланың қиялын , ойлауын дамыту үшін қолданылады.
Ертегі. Ертегі-қиялмен қисынын келтіріп, қызықты ету мақсатымен шығарған әңгімелер.Жақсылық, жамандық,достық, қастық, адалдық,батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық , аңқаулық, ақылдылық,аңғалдық, т.б. өнеге тәлім-тәрбие беру мақсатымен шығарылған әңгімелер.
Балалар әдебиеті есебінде олардың рухани ойлауын, қиялын дамыту құралы. Бұрынғылардың салт-санасы , дәстір, әдет-ғұрпы туралы мағлұмат беретін дерек. Қазақтың деректілері : «Қара батыр», «Тазша бала», «Тазша», «Үш ұл», «Ер төстік», т.б.
Аңыз. Ертегіге ұқсас болғанмен, одан гөрі әдемірек, шындыққа бейімірек, өмірге жақынырақ , дүниетанымға ықтималы молырақ әңгімелер.Мәселен, «Алдар көсе», «Жиренше шешен», «Қожанасыр», «Атымтай жомарт» сияқты әңгімелер өте қисынды, шынға ұқсас әңгімелерден құрастырылған.
Өтірік өлең адамды тапқырлыққа , өтірікті шындай етіп нануға психикалық әсер ететін шығармалар.
Бақа қызын беріпті көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке,
Құмырсқаның бір туын ұстап сойып,
Той қылып,ат шаптырды төңірекке.
Жұмбақ. Атына заты сай жұмудан шыққан: яғни қолдың ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып соны тап дегеннен шыққандай. Ойда бүгіп айтпай қойып, сол затқа ұқсас нәрселерді сипаттап айтып , ұқсастығы бойынша таптырады. Жұмбақ баланың ойлауын, сөйлеуін, зейінін дамытады. Жұмбақтың негізі- бейнелеп , тәріздеп, ұқсастыра айту; және сол жасырын заттың немесе бейненің сипатын бүкпе түрінде айту.Мысалы:
Ізі бар, қадамы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының,
Қолдарын хайуанға арта тастап,
Салады әуеніне баяғының (Арба)
Жаңылтпаш. Сөз әдейі жаңылтыу үшін құрастырылады. Шапшаң айтуға , тілде басқа сөздердің бұралып кетуіне , соның басын құрап , келістіріп айтылатын шығарма. Тіл дамыту құралы. Бай Тайқарбай, қойынды Ақшағылға жай Тақарбай. (Үш рет шапшаң айтылады)(А.Байтұрсынов. Шығармалары, А., 1989, 232-234 б.)
Мақал. Оқығанның көңілі жарық, оқымағанның беті көн шарық.У грамотного душа светлая, у неграмотноголицо темное.(Ученье-свет, а не ученье-тьма).
Білмеген мың пәлеге тұтылар- Незнающий попадет в тысячу бед.
Өнерлі өлмес, өнерсіз күн көрмес-Грамотный человек не умрет, а безграмотный не может жить.
Есердің ақылы түстен кейін- У глупого ум после полудня.
Өнерлі өрге жүзер –Ученый и против течения поплывет .
Өнер алды –қызыл тіл- Впереди знания- дар слова (красноречие).
Оқу инемен құдық қазғандай- Учиться – иглой рыть колодец (очень трудно).
Ашу-кәпір, ақыл –дос , ақылыңа ақыл қос- Гнев-враг,ум –друг,к уму прибавь разум.
Жігіт кісіге жетпіс өнер де аз-Умному человеку и 70 ремесел мало.
Оқу түбі-тоқу- Конец учения- знание.
ертегі-сказка
аңыз әңгіме-миф
өтірік өлең-ложные стихи
жұмбақ-загадка
жаңылпаш-поговорка
жарық-свет
қызықты-интересный
ойлау-думать
1-жаттығу