Дыбыстардың жіктелуі. Дауысты дыбыстар.
Дауыс шымылдығының керілуі нәтижесінде, ауыз қуысынан кедергісіз шығатын дыбыстарды дауысты дыбыстар деп атайды.
Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Олар: а,ә,о,ө,ы,і,ұ,ү,е,э,и,у.
Тіліміздегі дауысты дыбыстар әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрге жіктеледі.
Тілдің қатысына қарай жуан дауыстылар және жіңішке дауыстылар болып келеді. Жуан дауыстыларға а,о,ы,ұ дыбыстары, ал жіңішке дауыстыларға ә,ө,і, ү,е,э дыбыстары жатады.
Қазақ тіліндегі аталған дыбыстардан и,у дыбыстарының өзгешелігі сол- бұл екі дыбыс көрші буындардың жуан, жіңішкелігіне байланысты бірде жуан, бірде жіңішке болып отырады. Демек көршілес буын жуан болса, бұлар да жуан дауыстылар болады да; көршілес буын жіңішке болса, бұлар да жіңішке дауыстылар болады. Мысалы, қиын, сияқты дегенде, и дыбысы жуан дауысты да, тиін, киін дегенде, и дыбысы жіңішке дауысты деп есептеледі. Сондай-ақ қуан, жуын десек у дыбысы жуан дауысты қызметін атқарады да, жүру, беру деген жағдайда у дыбысының жіңішке дауысты болатыны даусыз.
Иектің қатысына қарай дауысты дыбыстар ашық дауыстылар және қысаң дауыстылар деп жіктеледі. Ашық дауыстылар: а,ә,о,ө,е; қысаң дауыстылар: ы,і,и,ұ,ү,у.
Еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстар еріндік дауыстылар мен езулік дауыстыларға дараланады. Еріндік дауыстыларды құрайтындар-о,ө,ұ,ү,у;езулік дауыстыларды құрайтындар – а,ә,и,е,э,ы,і.
Түркі халықтарының тілдері туралы
Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер тобы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады.
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады.
Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткені салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда.
Түркі тілдер тобы
Барлығы 40-тан аса тілден тұратын, 180 млн. адамның ана тілі боп табылатын түркі тілдері Алтай тілдері әулетіндегі ең үлкен тіл тобы болып табылады.
Түркі тілдерінің көбінің фонологиясы, морфологиясы және синтаксисі бірдей. Тек Шуваш, Якут, Солтүстік Сібір тілдері бұл жағынан өзгеше сипатқа ие. Түркі тілдері 6 топқа бөліне отырып, әр топқа кірген тілдер сол тілді білетін адамдар бір-бірін түсіне алатындай жақын болады. Бұған қоса көршілес өлкелердің шекараларында өте тығыз қатынас салдарынан туған түркі диалектілері табылады
жақын- близкий
көшпенді-кочевник
көршілес-соседний
әулет-потомство
пікір-мнение
1-жаттығу