Ашық буынды сөздерді теріп жазыңыз
Ат, аға, ант, бала, киік, қала, тұңғиық, шананы, әдебиет, босаға, бал, кереге, класс, қант.
4-жаттығу
Төменде берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз
Бұлақ, келімсек, жаңғақ, нан, компьютер, кітапхана.
5-жаттығу
Дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке екенін айт. Мағынасын түсіндір
Сан –сән
тұр- түр
тор-төр
ұн- үн
ор- өр
6-жаттығу
Төмендегі сөздерге қосылған буындардың дауысты дыбыстары неліктен жіңішке неліктен жуан екенін түсіндір.
Қарындаш-тар
жылқы-лар
торғай-лар
әже-лер-ім
сіңілі-лер-ім
жолдас-тар-ым
7-жаттығу
Тілдің еріннің жақтың қатысына қарай сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді жікте.
Аса киелі саналатын дәстүрлі ырымдардың бірі – тұмар тағу.
Біздің ата- баба қонысымыз, туған жеріміз, атамекеніміз- Қазақстан.
Кімде болса, мынау-елден ерекше ерке қыз
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстардың жіктелуі. Дауысты дыбыстар.Түркі халықтарының тілдері туралы.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Фонетиканың зерттейтін салаларын меңгерту;
- Фонетика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіру;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Дыбыстардың жіктелуін математикалық тәсілмен талдау арқылы сауаттылығын, тіл байлықтарын дамыту;
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Дауысты дыбыстар және оның түрлерін оқу. Берілген мәтіндегі дауысты дыбыстарға фонетикалық талдау жасау.