Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Замана және дәстүр.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Фонетиканың зерттейтін салаларын меңгерту;
- Фонетика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіру;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Дыбыстардың жіктелуін математикалық тәсілмен талдау арқылы сауаттылығын, тіл байлықтарын дамыту;
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
· Қазақ халқы ең алғаш қандай жазуларды қолданды?
· Араб жазуларын қай жылдары және не үшін пайдаларды?
· Латын әрпін қай жылға дейін пайдаландық?
· Орыс графикасына негізделген әліпбиді қай жылдан бастап пайдаландық?
· Қазіргі қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
·
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою;
Үйге тапсырма беру:
Замана және дәстүр мәті бойынша түсініктерін айту. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер жазып келу. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.
Фонетика.
Қазақ тіл білімі
Лексика Фонетика
Грамматика
Морфология Синтаксис
Фонетика тіл дыбыстарын зерттейді. Қазақ әліпбиінде 42 әріп (таңба), 36 дыбыс бар. 12 – дауысты дыбыс, 24 – дауыссыз дыбыс.
Дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, о, ө, ы, і, ү, ұ, и, у.
Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ, с, т, п, ф, к, қ, н, ң, м, л, р, й, ч, ш,щ, х, ц.
Қазақ тілінің төл дыбыстары: ә, ө, і, ү, ұ, қ, ғ, ң, һ.
Мысалы: ән, өлең, ілгіш, ұя, қалам, ғылым, аң, жиһаз
Дауысты дыбыстар:
1. Жуан: а, э, о, ы, ұ, у.
Жіңішке: ә, е, і, ү, и, у.
1. Ашық: а, е, э, о, ө.
Қысаң: ы, і, ү, ұ, у, и.
2. Езулік: а, ә, е, э, и, і, ы.
Еріндік: о, ө, ү, ұ, у.
Дауыссыз дыбыстар:
1. Қатаң: с, т, п, ф, к, қ, ч, ш, щ, х, ц, Һ.
2. Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,
3. Үнді: н, ң, м, л, р, й, у.
Буын дауысты дыбыстарға байланысты бөлінеді:
1. Ашық буын: ә-ке, а-на, ба-ла, қа-ла.
2. Тұйық буын: ас, он, ән, ақ, ел, от.
3. Бітеу буын: нан, бес, жүз, қор.,
Екпін қазақ тілінде соңғы буынға түседі: мұнай-шы-лар-дың.
Замана және дәстүр
Қазақтар ертеден көшіп-қонып, мал шаруашылығымен айналысқан. Қазақстанның оңтүстігіндегі халықтар диханшы әрі өте атқұмар болған. Қазақтар ''киіз үй'' деп аталатын жер беті іспетті дөңгелек, шаңырағы мен керегелері ағаштан жасалып, сыртынан киізбен қапталған үйлерде тұрған. Қазақ үйінің ішіндегі сандық, домбыра, әр түрлі шаруашылыққа қажетті заттар қазақ халқының қазынасы, өнері болып есептеледі. Әр заттың өзіндік ерекше орны, мәні бар. Күнделікті пайдаланылатын заттар ағаш, жүн,тері және сүйектен жасалған.
Бозбалалар мен атқұмарлар жүйрік, сұлу атқа құмар болған. Аттарды ерекше салтанатпен әсемдеп, баптап мінген. Аттың ертоқымын нағыз теріден ежелгі қазақтың дәстүрі бойынша әсемдеп жасаған. Әйелдер ер-тоқымы тіпті шебер зергерлікпен әшекейлеп жасалған. Қазақ зергерлері мен шеберлерінің талғамы өте жоғары болған. Зергерлер күмістен әр түрлі бағалы әсемдік заттар жасаған, олар ғасырлардан ғасырларға мұра болып жеткен.
Қазір қазақтар мықты салынған үйлерде тұрады. Бірақ олар бұрынғыдай тамаша шабандоздар, дала төсі әрдайым аттарға толы. Қазақтың көркем өнері өшкен жоқ, ғасырлардан ғасырларға нығайып, өсіп, көркейіп келеді.
көшу-переселиться
жүйрік- быстрый
дәстүр-обыче
әшекей-бужетерия
тері-кожа
жүн-шерсть
сандық-сундук
1-жаттығу
Қазақ тіліндегі ерекше дыбыстары бар төмендегі сөздерді оқып, синонимін тауып жазыңдар.
Тілмаш, әуез, ғұлама, көздегіш, көмек, күбір, қайғы, дәрігер, қауіп, құрбы, қымсыну, нәресте, сырқат, жұрт, төзімді, түпкі, жеңілтек, маңғаз, мәлімет, олқылық, оңаша, өжет, реңді, үстем, ықылас, сөзуар, ылғи, қолғап, тілек, уәде, дәуір, сақина, шәкірт.
2-жаттығу
Төменде берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңыз.
Ағылш...н, а...ғарту, апыр..м-ай, әдепт.., ә..лет, б..йбіше, бөр..не,бүт..н, б..ғары, б..лезік, демеуш.., Ес..л, жа..ғырық, зем..іл, көг..л, қас..рет, қор..ақ, қау..сет, ләз..әт, орналаст..ру, өкпелег..ш, р..суа, т..уекел, тәу..р, т..белес, т..йме, түт..н, ұй..мдастырушы, ..шкір, шы...ғыру, ы..ғайсыз.
3-жаттығу