3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

Теориялық білімнің қажеттілігі:

 

 

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

· Тіл қоғамда қандай қызмет атқарады және оның ролі қандай?

· Ең алғаш тіл туралы заң қай жылы қабылданды?

· Тіл турал қандай тақпақ білесің?

· Тіл туралы ақын-жазушыларымыздың айтқан дәйек сөздері қандай?

· Тіл туралы қандай мақал- мәтел білесіз?

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою;

Үйге тапсырма беру:

Қазақ әліпбиі туралы оқу. Әдептілікті кім қалай түсінеді? Түсінігін жазып келу.

 

 

Қазақ әліпбиі.

Қазақ халқы VII-VIII ғасырларда туысқан түркі халықтарына тең ортақ Орхон – Енесей, Талас және көне ұйғыр жазуларын қолданған, олар тасқа қашалып жазылған. Кейін араб жазушылары мұсылман дінін енгізуіне байланысты араб жазуын пайдаландық. Осы жазуды халқымыз 1924 жылға дейін қолданды. 1924 жылы араб әріптеріне реформа жасалады. Қазақ халқының абзал ұлы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген алфавит ұсынды, оны «жәдид» (жаңа) деп атады. Оны 1929 жылға дейін қолданып келдік. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әрпін қолдандық. 1940 жылы орыс графикасына негізделген әріпке көштік. Қазіргі қазақ әліпбиі орыс жазба үлгісіне негізделген. Ол 42 әріптен тұрады. Ондағы 40 дыбыс дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екіге бөлінеді. Сондай- ақ тек кірме сөздердің құрамында кездесетін екі таңба- жуан және жіңішкелік белгілері (ь.ъ) бар.

 

 

 

Әдептілік мәдениет негізі.

 

Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Қазақ халқы осыны жақсы түсініп, жастарды отбасында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, олардың алдынан кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық. Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені, «кішіпейілділіктен кішіреймейсің» деген қағидаларды үнемі уағыздаған.

Шын мағынасындағы әдептілік дегеніміз адамның өзінің сөзіне, ісіне есеп бере білуі, қай жерде не айтып, неге араласудың белгілі бір шегін білу. Ол адамның ішкі үлкен мәдениетін, сезімталдығын, тәрбиелілігін көрсетеді. Адам өзін әдепті ұстай білуі үшін алдымен сыпайылық керек. Біреуді ден қойып тыңдай білу, сөзді бөлмеу, сабырлылық, қарапайымдылық- әдептіліктің белгісі.

Қандай бір жағдайда болмасын адам өзін ұстай білгені жөн. Ашу үстінде айтылған сөз әрқашан әділ бола бермейді. Сондықтан біреумен әлдеқалай ренжісе қалсаңыз, бірден үзілді- кесілді пікір айтпауға тырысқан жөн. Әдепті адамның талғамы да биік. Өзін де, өзгені де сыйлай білетін адам көпшілік орындарға қалай болса солай киініп бармайды.Әрине талғаммен киіну деген өз байлығын паш ету емес. Әр киімді орнымен, сыр- сымбатымен, үйлесімімен қолдана білу қажет.

 

жақсылық -доброта

зұлымдық -злость

махаббат-любовь

әділеттік –справедливость

әділетсіздік-не справедливый

борыш- должность

намыс-гордость

ар-совесть

1-жаттығу