Өлеңді жаттап, жатқа жазыңыз
Бабалардан қалған жалғыз байлығым,
Ана тілім- биік туым, айбыным,
Арманға да айырбастай бермейтін
Тілісің сен ішімдегі қайғының.
Тілісің сен көңілімдегі жұлдыздың,
Үнісің сен келе жатқан ұл- қыздың...
5-жаттығу
Сөздің басы мен соңы бірдей дауысты болып келетін 10сөз тауып жазыңыздар.
Үлгі: алма, іні,апа....
6-жаттығу
Дауысты дыбыспен басталып, дауысты дыбыспен аяқталатын жер-су аттарын тауып жазыңыздар.
Үлгі: Алматы, Африка.....
7-жаттығу . “АЛТЫБАҚАН” сөзіндегі дыбыстарды пайдаланып сөздер құраңыздар. Қайталанбасын.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ әліпбиі. Әдептілік мәдениет негізі.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Қазақ әліпбиінің жасалу жолдарын түсіндіру;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.