Осылай жеткен тіліміз туралы ақын- жазушыларымыздың дәйекті сөздері.
1.Сөздің асыл болуы- адамға ұнауымен. Жырлау- толғауда айтылатын көрнекі, әсерлі сөзді дарынды сөз деп айту қолайлы.
(А. Байтұрсынұлы)
2.Сөз- ұлы құдірет, ұлылығы – сөзбен адамдарды табыстыруға болады.
(Л. Толстой)
3.Ана тілін құрметтеу- анаңды да сыйлау деген сөз.
(Ғ. Мүсірепов)
4.Ана тілі- халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп- өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. (Ж. Аймауытов)
5.Сөзі жоғалған жұрттың , өзі де жоғалады.
(А. Байтұрсынұлы)
6.Алтын күнен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
(М. Жұмабаев)
7.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
(Б. Момышұлы)
2-жаттығу
Тіл сөзі бар тұрақты тіркестер берілген соның мағынасын сәйкестендіру қажет.
• Тіл байлану а) сөзге шебер, шешен
• Тіл азар ә) сөзіне тірек етті
• Тілге тиек етті б) үндемей қалды
• Тілдің майын тамызу в) тіл алмайтын
• Тілдеп жіберді г) өте дәмді тағам туралы
• Тілге келмеді ғ)азғырғанға елікті
• Тілге ерді д)бір сөз де айта алмады
• Тілді суырып әкетті е) ұрысты, балағаттады
3-жаттығу
Мақал- мәтелдерді жалғастырыңыз
* Тіл тас жарады, тас жармаса ……
· Бал тамған тілден ………..
· Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі
……….
· Жыланның уы тісінде, Адамның ...
тілі....
· Ең ащы да тіл, ең …….
· Басқа пәле – ……….
· Білім кілті – ………..
· Тілге құрмет – ………….
4-жаттығу