Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Тіл туралы заңды оқу, түсінігін айту. Тіл туралы тақпақтарды, дәйекті сөздерді, мақал- мәтелдерді жаттау.
Тіл және қоғам.
Мемлекеттік тіл-Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор.
Тіл – халықтың жаны, ажары, кескін- келбеті. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұраларын ұрпақтан- ұрпаққа, алдымен, ана тілі арқылы табыс етеді. Тіл арқылы кез-келген ұлт Отанын, халқын, оның тарихы мен салт-дәстүрін танып біледі және соларға деген өзінің перзенттік махаббатын тілі арқылы жеткізеді. Тіл – тек қарым – қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге дүниетану кілті. Тіл – халықтың ұлттық мәдениетінің сақшысы және достық пен түсіністік елшісі.
Қырғыздың ұлт жазушысы Шыңғыс Айтматов : «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде . Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы» - деп баға берсе, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы : «Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі, бүрсүгүні де тағдыры.. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – ата-бабамыздың, тарихымызды ұмыту» - деп толғанады.
Тілдің тілге жаулығы жоқ. Өзге тілді құрметтеу, алдымен, өз тіліңді құрметтеуден басталады. Ана тілін жанындай сүйген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов дағыстан ақыны Расул Гамзатовқа «Өлеңіңді авар тілінде оқышы» деп тілек білдіріпті. Расул өлеңін ойға шомып тыңдаған Мұқан : « Тілің күңгірлеп жатқан тастардың үніне ұқсайды екен»,- деп тебірене теңеу айтыпты. Ал Расул Гамзатовтың өзі « Егер ертең тілім болса құрымақ. Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ»- деп жырлап кеткен жоқ па ?!
Ана тілі ... Бұл туралы қаншама айтылып келеді. Ал ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес. Бала кезіңде балдай сорып , ана сүтімен бойға сіңген қасиетті туған тіл жаныңа шуақ әкеледі, жүрекке ұлттық мақтаныш ұялатады. Қазақ халқының кешкен өмірі, аңыз ертегілері, өлең-жырлары, дүние жайындағы ұғым- түсініктері, ойы, сезімі ана тілімізде дамып, атадан-балаға мұра болып келеді.
Қазір қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында: мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда,білім беру, мәдениет, ғылым, экономика, медицина мекемелерінде, қызмет көрсету,бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде қолданылып келеді. Кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу қолға алынды. Есеп-сынақтық, қаржылық және техникалық құжаттар да қазақ тілінде жүргізіледі.
Осылайша қазақ тілін қолдану мен дамытудың бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.
Тіл туралы заң
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
1989 жылы 22 қыркүйекте Жоғарғы Кеңестің ІІ шақырылған 14 сессиясында қабылданды. І-ІІІ тарауларды алсақ, онда жалпы ережелер, мемлекеттік өкімет және басқару органдарында, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындарда тілдің қолданылуы, білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтері аталған.Қалған тараулары да бар. Заңда қазақ тілі –мемлекеттік тіл статусына ие болды. Бұдан былай қазақ тілі өз республикамызда мемлекеттік өкіметтің және басқару органдарының , құқық қорғау органдарының , қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындардың ресми тілі болып табылады . Қазақстанның әрбір азаматының тәрбие және оқып білім алу үшін қалаған тілін еркін таңдауға хұқылы . Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің , мектептерінің кең жүйесін жасау , ұлттық дәстүрлері мен мәдениет саласындағы тұрақты ғұрыптарға баулу әдісі ретінде ана тілінде тәрбиелеудің әрі оқытудың сабақтастығы мен үздіксіздігі практикасын таратуға бағытталған саясатты жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.
Жалпы білім беретін мектептерде , кәсіптік –техникалық училищелерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында қазақ тілі оқу бағдарламасының міндетті пәні болып табылады және оқу орнын бітіргені туралы құжатқа(оқу курсын толық өткедер үшін ) енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.
Оқыту мен тәрбиелеу кәсіптік –техникалық , арнаулы орта және жоғары оқу орындарында қазақ тілінде жүргізіледі.
Сайып келгенде, келешекте орыс тілінде мектеп бітіргендер қазақ тілін білуі қажет . Мектепте орысша оқыған қазақ үшін қазақ тілі ана тілі болғанмен , толық ойлау тілі бола алмайды .Өйткені олар орысша ойлайды , бұл жерде орыс тілі қалыптастырушы тілдің ролін атқарады.
Сондықтан исі қазақ әрбір адам қазақ тілін толық меңгеріп , қазақша ойлауға, қазақша дұрыс айтуға , қазақша оқуға , қазақша жазуға тиіс болады. Ол үшін Ыбырай,Шоқандардан үлгі алуға болады , олар орысша оқып, қазақ тілін жетік білген.
Тіл туралы заң 1997 жылы 11 шілдеде толықтырылып қайта қабылданды.
заң-закон
мемлекет-государство
азамат-гражданин
келешек-будущее
кәсіптік-профессиональный
қоғамдық-общественный
жоғарғы-верховный
кеңес-совет
саясат-политика
ақпарат-информация
Тіл туралы тақпақтар
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-адам тілі-өз тілім!
Тіл тірек, тіл құдірет, тіл қаруың
Беретін білім- ғылым ой ағымың.
Әлемді тамсандырған ол бір қуат
Өз тілің- Ана тілің, өз алыбың.
Ана сүттен барлық адам нәр алған,
Өз азығың өзіңмен бір жаралған.
Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,
Күш- қуат боп өн бойыңа таралған.
Ана тілің- соңғы ұлттық қорығың,
Бақытты емес үйренбесе оны кім.
Әлемдегі барлық тілді білсең де,
Толтыра алмас оны ана тіліңде.
Сен жеткізе алмас бар ма сыр менде,
Сен де туған ерлік, эпос жыр кем бе.
Саған қалай қәуіп төніп үлгерді,
«Өнер алды- қызыл тіл» деп жүргенде.
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім- ардақ тұтар айбыным.
Бабалардан қалған жалғыз байлығым,
Ана тілім, биік туым, айбыным.
Арманға да айырбастай бермейтін,
Тілісің сен ішімдегі қайғының.
Сөз саптауға сәйгүліктей жараған,
Қазақ едік тіл деп туған анадан.
«Өнер алды- қызыл тіл» деп бабалар,
Ана тілді биік шыңға балаған.
Қазақ тілі қасиеті бабамның,
Қыр- сыры көп кеңдігендей даламның.
Тіл мәртебе, ұлт мерейі сәніміз,
Жырланатын мәңгі бақи әніміз.
Тілім менің!
Ұлы Абайдай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.
Аралыммен, арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау- парызым бүгін менің.
1-жаттығу
Қазақ халқы бар тарихын көшіп өткізсе де, батпақтыға батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шыбындыға алдырмай, барлық жиған сөз байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді.