РМҚК «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
![]() |
РМҚК «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пән: Кәсіби қазақ тілі
Мамандығы : 0301000 Лечебное дело
Біліктілігі: 0301013 Фельдшер
Семестр: I, II, III
Алматы қ.
Оқытушысы
құрады:
____________ __________________
қолы Т.А.Ә.
«___» ______________ 20__ ж
ЦӘК отырысында
қаралды:
№ __ хаттама
«___» ______________ 20__ ж.
ЦӘҚ төрайымы
____________ __________________
қолы Т.А.Ә.
Түсінік хат
Ұсынылып отырған оқу әдістемелік кешені колледждің орыс топтарына қазақ тілін оқытуға арналған.
Бұл курс қазақ тілінен алған білімдерін тәжірибеде қолдануды, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың сапалық деңгейін көтеруді көздейді.
Бұл оқу әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік стандарттарына сай жоғары білікті мамандар даярлауға арналған.
Бұл оқу әдістемелік кешенінің мақсаты- өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін лексикалық , грамматикалық , сөйлеу үлгілері негізінде оқыта отырып, қазақ тілін толық түсініп , еркін сөйлейтін деңгейге жеткізу.
Грамматикалық материалдар негізінде қазақ тілінің төл дыбыстарын, ол дыбыстар қатысқан сөздерді қазақ тілінің айтылу ережелеріне сай айта білуге, жазылу ережелеріне сай жаза білуге дағдыландыру. Сондай сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасын байланыстыратын жалғау түрлерін меңгеру, сөз таптарын, сөйлем түрлерін, сөздердің жасалу жолдарын, олардың қолданылу ерекшеліктерін үйрету.
Лексикалық материалдар мен сөйлеу үлгілері арқылы (сұхбаттар, жағдаяттар құру) студенттерді түрлі тақырыпта әңгімелесуге, күнделікті өмірде қазақ тілінде қарым- қатынас жасай білуге үйрету.
Наурызалиева М.К.
Мыңжасарова А.Ө.
«Қазақ тілі» ЦӘК оқытушылары құрастырған «Емдеу ісі» мамандығы үшін қазақ тілі пәнінен оқу әдістемелік кешеніне арналған
Рецензия
- жалпы медицина
- емдеу ісі мамандықтары бойынша Республикалық медицина колледжі студенттеріне арналған қазақ тілі пәнінен оқу әдістемелік кешені .
Оқу әдістемелік кешенінің құрылысы:
1. граматикалық тақырыптар, лексикалық тақырыптар
2. пәнге кіріспе, мақсаты, мазмұны мен міндеті, соңғы қорытындысы,тақырыптық жоспарлары, оқытудың әдістері, білімнің бағалау әдістері,негізгі және қосымша әдебиеттер.
Оқу әдістемелік кешені ЦӘК отырысында талқыланып, бекітілген.
Оқу әдістемелік кешені : қазақ тілін оқытудағы мақсаты мен міндеті, іс қағаздарын жүргізу бойынша керекті білімдерін есепке алып, тілді оқытудағы құрылым мен мазмұн нақты көрсетілген.
Оқу әдістемелік кешені кәсіби, медициналық терминдерді оқыту кірістірілген.
Лексика , фонетика , морфология , синтаксис , орфоэпия , орфография тараулары өткізілген.
Тілдің ғылыми саласына баса назар аударылған.
ЦӘК төрайымы Орынбасарова М.Ж.