1.2 Қалыпты анатомия кафедрасы

СИЛЛАБУС

 

Пән Анатомия-2 Anat-2 3204

 

Мамандығы 051301 «Жалпы медицина»

 

Оқу сағаттарының көлемі- 108 сағат

 

Курс -III

 

Семестр - V,VI

 

Бақылау түрі - Емтихан

 

 

 

Алматы, 2016 ж.

Силлабус проф.қ.а. Дүйсембаева А.Т., аға оқыт. Абилова А.А. дайындаған жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

 

Қалыпты анатомия кафедрасы мәжілісінде талқыланып, бекітілді

« ___ » ________ 2016 ж №___ хаттама

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Досаев Т.М.

 

11. Жалпы мәліметтер:

1.1 Жоғарғы оқу орнының аты: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

1.2 Қалыпты анатомия кафедрасы

1.3 Пән, пәннің коды Анатомия-2 Anat-2 3204

1.4 Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағаттарының көлемі - 108 сағат

1.6 Курс және оқу семестр і - 3 курс; 5,6 семестр

1.7 А қпалар туралы оқытушыларда

Аты-жөні Ғылыми дәрежесі Ғылыми атағы Ғылыми бағыты
1. Досаев Т.М. медицина ғылыми докторы кафедра меңгерушісі иммунология мәселесін зерттейді
2 Дюсембаева А.Т. медицина ғылыми докторы   профессор қ.а. лимфология мәселесін зерттейді
3 Муканова С.М. медицина ғылыми кандидаты доцент тірек-қимыл аппараты
4 Исабекова У.А. медицина ғылыми кандидаты доцент лимфология мәселесін зерттейді
5 Тажиметов Б.М. медицина ғылыми кандидаты доцент ішек дисбактериозы кезіндегі бронх астмасы мәселлері
6 Абилова А.А.   аға оқытушы лимфология мәселесін зерттейді
7 Жолдыбаева А.А. медицина ғылыми докторы оқытушы эмбриогенез жүйке жүйесінің
8 Пернебекова С.П.   оқытушы-стажеры  

Байланыс ақпараты:

Алматы қ., Толе би, 94, морфологиялық корпус, 1 қабат.

Телефон.: 8-777-2410970, asya_dyusembaeva@mail.ru

Пәннің саясаты:

мақсаттың орындалуына және оқу процесінің жалғасуына негізделген.

ҚР жоғарғы оқу орынындағы мұғалімдердің жалпы оқу жүйесі бойынша студенттерге қояр талаптары:

1.Практикалық сабаққа қатысу керек.Сабаққа қатыспаған студент ауырған жағдайда ғана қайта тапсыра алады.

2.Cабаққа кешікпеу.

3.Оқу процесіне белсенді қатысу (теоретиялық материалға дайындалу,ситуацпялық

есептер және тестті шешу, анатомиялық препараттармен өзіндік жұмыс жасау).

4.Тақырып жоспары бойынша аралық бақылауды уақтылы тапсыру.

5.Тақырып жоспары бойынша СӨЖ міндетті түрде тапсыру.

6. Ғылыми-зерттеу жұмысқа және кафедрадағы мәдениеттік іс-шараға қатысу.

7. Кейбір талқыланатын сұрақтардың міндетті түрде үш тілде орындалуы

 

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Анатомия-2 пәнінің жұмыс бағдарламасы адам организімінің ағзалар жүйесінің топографиялық өзара қарым-қатынасының басқа фундаменталды пәндермен интеграциясын зерттеуге бағытталған.

 

2.2. Пәннің мақсаты: Сабақ берудің модулдік принципі негізінде фундаменталдық пәндермен үйлестіру барысында адам ағзалары: жүрек-тамыр, тыныс алу, ас қорыту, несеп-жыныс, эндокриндік, тірек-қимыл, тері және оның қосалқылары, қан түзуші жүйелерінің, жастық, жыныстық және жекелік ерекшеліктерін, анатомиялық-топографиялық ара-қатынасын ескере отырып, олардың анатомиялық құрылымы туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

2.3. Пәннің міндеттері

- жүрек-тамыр, тыныс алу, ас қорыту, несеп-жыныс, эндокриндік, тірек-қимыл, қан түзуші, жүйелер ағзаларының құрылымы және топографиясы, жастық ерекшеліктері жайындағы білім негіздерін бекіту және біртұтас түсінік қалыптастыру

- алғашқы медициналық жедел көмек көрсету және денені қарау дағдыларын игеру үшін ағзалардың және олардың бөлектерінің орналасуы мен прекциясын анықтау.

- топтарда коммуникативтік дағдылар жұмыстарын дамыту (өз ойларын анық жеткізе білу, жолдастарының және оқытушының ойларымен келісу және сыйлау, зейін қойып тыңдай білу)

- ҚР нормативтік құқық базасы бойынша секциондық зерттеулер клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу ережелерін білу.

- сабаққа дайындалу барысында ғылыми оқу және анықтамшы әдебиетпен, кітапхана катологтарымен, интернет сайтарымен өзіндік жұмысты қалыптастыра білу.

 

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері

Конгнитивтік компонент (білім) – анатомиялық препараттармен және басқа да оқу құралдарымен білім алудың негізгін қалыптастыра білу, сүйектердің айырмашылықтары, жіктелуі және буындардың биомеханикасы; анатомиясы, жіктелуі және бұлшықеттердің қызметі; асқорыту, тынысалу, жүрек қантамыр және несепжыныс жүйелері ағзаларының анатомиясы, олардың құрылыс ерекшеліктері; жұлын және мидың құрылысы; эндокринді бездердің құрылысы және қызметтері; бастың, мойынның, тұлғаның және қол мен аяқтың тері жабынының құрылыс ерекшеліктері; ағзалар құрылысының және организм жүйесінің жастық ерекшеліктері; латын тілінде халықаралық анатомиялық номенклатура.

Операционалды компонент (дағдылар) – жастық аспектіде қол мен аяқ және тұлға сүйектерінің айырмашылық ерекшеліктерін анықтауды тәжірбиелік дағды негізінде қалыптастыру; анатомиялық препараттарда сүйек байланыстарының құрылымдық элементтерін анықтау; мәйітте бастың, тұлғаның аяқ пен қолдың бұлшықеттерін көрсету; бастың, мойынның, кеуде, құрсақ және кіші жамбас қуысы ағзаларын табу; жұлын және мидың бөлімдерін көрсету; мәйітте бастың, мойынның, қол және аяқтың, кеуде, құрсақ және кіші жамбас қуысы қантамырларын көрсету.

Аксиологиялық компонент (коммуникативтік дағдылар) – басқа топ студенттерімен эффективтік ынтымақтастықтың коммуникативтік дағдыларын, сабақ үстінде өзін өзі ұстай білу, студентте болашақ дәрігердің негізгі қасиетін, дәрігердің пациентпен сөйлесудегі тиэффективтік дағдыларын, науқасты алғашқы қарап тексеру дағдыларын қалыптастыру.

Құқықтық компонент – Қазақстан Республикасының стационарлы және амбулаторлық медициналық қызметерінің нормативті құқықтық базасы бойынша студенттердің білімін қалыптастыру; денсаулықсақтау және білім беру бойынша ҚР ДМ негізгі бұйрықтарын білу, ДДҚ негізгі бағдарламаларын білу, мәйіттпе жұмыс жасауда ҚР ДМ бұйрықтарын білу, студенттің міндеттері және құқықтарын білуді қалыптастыру.

Өзін-өзі жетілдіру – өзіндік даму, ПК жұмыс дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі информациялармен өзіндік жұмыс жасай білу, ПК базаларымен өзіндік жасай білу, кәсіби әдебиеттермен жұмыс жасаған кезде студенттің аналитикалық ерекшеліктерін дамыту және қалыптастыру, білімді үзіліссіз қайта қайта қосып отыруды қалыптастыру, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, тесттер, рефераттар, презентациялар жасау, оқу бейнефилмдерінің презентациясын және портфолиясын қалыптастыру.

 

2.5 Пререквизит тер: анатомия-1, гистология-1, физиология-1, патфизиология-1

2.5 Постреквизиттер: -гистология -2, физиология-2, пат.физиология-2, пат.анатомия-2, ішкі аурулар пропедевтикасы.

 

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Жүрек-қантамырлар жүйе» модулі: Жүрек. Жүректің дамуы. Кеуде қуысында жүректің орналасуы және пішіні. Жүрек артериялары мен веналары. Жүректің нервтенуі. Балалардағы ерекшеліктері.

«Тыныс алу жүйе» модулі: Жоғарғы және төменгі тыныс жолдары. Кеңірдек, бронхтар, көмей, өкпе, өкпеқап - құрылысы мен топографиясы. Балалардағы ерекшеліктері. Тыныс алу жүйесі ағзаларының қанмен қамтамасыздануы.

«Асқорыту жүйе» модулі: Іш қуысы және ішастар артындағы кеңістіктің азғаларының құрылысы және топографиясы. Ішастар. Асқорыту жүйесінің жастық ерекшеліктері.

«Эндокринді жүйе» модулі: Эндокринді аппараттың морфологиялық сипаттамасы. Жіктелуі. Эндокринді бездерді құрамының жас ерекшеліктері.

«Несеп-жыныс жүйе» модулі: Бүйрек, несепағар және несепқуықтың құрылысы және топографиясы. Жаңа туған балалар мен нәрестелердегі ерекшеліктері. Даму ақаулары мен кемістіктері. Жаңа туған балалардың ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының ерекшеліктері, олардың туғаннан кейінгі дамуы. Ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының дамуы және даму ақаулары.

«Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары» модулі: Сүйек қосылыстарының түрлері. Буындардағы қозғалыс түрлері. Тұлға және қол-аяқ сүйектерінің қосылыстары. Омыртқа бағанасы. Тұтас кеуде торы. Аяқ ұшы күмбезі. Буындардың жастық ерекшеліктері. Тірек-қимыл аппараттарының биомеханикасы. Балалардағы ерекшеліктері.

«Қан түзуші жүйе» модулі: Қан өндіру ағзалары. Иммундіқ жүйе. Иммуногенездің орталық және шеткі ағзалары, лимфа түйіндерінің, көкбауырдың, айырша бездің, сүйек кемігінің (жілік майының) жастық ерекшеліктері және дамуы. Бадамшалар. Асқорыту және тыныс алу жолдарының лимфоэпителиялды құрылымдары (бірлік және лимфа фолликулалары).

«Жүйке жүйе» модулі: Мидың бөліктері. Ми қабықтары, қабықаралық кеңістіктері. Мидың қатты қабығының синустары. Ми қарыншалары. Бассүйек жүйкесінің және жұлынның анатомиясы және топографиясы. Жұлын жүйкесінің түзілуі. Вегетативтік жүйке жүйесі. Жастық ерекшеліктері.