5.Қылмыстық іс жүргізу сатылары

6. Қылмыстық іс жүргізудің және сот төрелігінің, олардың өзара байланысы.

Сабақтың мақсаты – студенттерге азаматтық іс жүргізу құқығы саласының сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығына, және қылмыстық iс жүргiзу түсiнiгi жөнiнде айтқанда, бұл қызметтiн сот, алдын-ала тергеу және прокуратура органдары атқарумен қатар басқадай жеке тұлғалардың да (азаматтардың) мұндай iс жүргiзуге қатысатындықтары туралы негізгі мағлұматтарына жалпы сипаттама беру.

Бақылау сұрақтары:

Қылмыстық іс жүргізудің қандай сатылары болады

Сот төрелігіміз дегеніміз не

Бірінші сактыдағы сотта іс жүргізу стадиясы.

Азаматтар мен ұйымдардың субъективті құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Соттық қорғауға құқық.

Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдістері мен жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ҚР құқығының жүйесінде.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері

Азаматтық сот өндірісінің түсінігі. Бірінші сатыдағы сот өндірісінің түрлері. Азаматтық іс жүргізу сатылары.

Азаматтық іс жүргізу нысандарының мәні, негізгі белгілері мен мәні.

Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні, әдістері мен жүйесі.

Глоссарий:

Азаматтық iстердi қарау мен шешу тәртiбi - азаматтық сот iсiн жүргiзу туралы заңдармен белгiленедi. Республиканың барлық соттарында азаматтық iстердi жүргiзу тәртiбi азаматтық iс жүргiзу құқығының нормаларымен белгiленедi.

Азаматтық iс жүргiзу құқығы - мемлекет белгiлеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық iстердi қарау және шешу тәртiбiн, басқаша айтқанда, азаматтық iстер бойынша сот әдiлдiгiн, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртiбiн реттейтiн жиынтығы немесе жүйесi.

Азаматтық iс жүргiзу құқық қатынастарының басты, мiндеттi субьектiсi - мемлекеттiк билiк органы (бiрiншi сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы) сот болып табылады, басқа субьектiлер соттан қорғау сұраған тұлға немесе iске қатысуға жауапкер ретiнде не куә, сарапшы және т.б. тұлғалар болуы мүмкiн.

Азаматтық iс жүргiзу құқығының қайнар көздерi - азаматтық iстер бойынша сот әдiлдiгiн жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормаларда баянды етiлген нормативтiк актiлер болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы - Қоғам мен азаматтардың мүдделерiн қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртiптi нығайту үшiн мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу және анықтама жүргiзетiн органдар) мен сот болып табылады.

Алдын ала тергеу сатысы - Бұл әр қылмыстық iстi тез және толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын және заңмен реттелген тергеушi мен анықтама органдарының қызмет жүйесi болып табылады.

Бiрiншi сатыдағы сотта iс жүргiзу стадиясы --Қылмыстық iс айыптауқорытындысымен прокурордың 1-сатының сотына келiп түскен соң жаңа стадия басталады, бұл кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья iстi осы сотта қарауға қабылдау мәселесiн шешедi.

Кассациялық (апелляциялық) сатыда iс жүргiзу стадиясы- бұл стадияның негiзгi мақсаты-заңды күшiне еңбеген бiрiншi сатының соттары шығарған үкiмдер мен қаулылары дұрыстығын (заңдылығын, дәлелдiгiн) екiншi саты сотының тез арада тексерiп, онда қателiктер жiберiлген болса, ол қателiктердi уақытында жою болып табылады.

Үкiмдi орындау сатысы --Үкiмдi орындау қылмыстық iс жүргiзудiң соңғы стадиясы болып саналады,үкiмдi орындау бiрнеше органдардың қатысуымен атқарылады (сот, прокуратура, iшкi iстер органдары, әдiлет министрлiгiнiң органдары). Үкiм заңды күшiне енген соң орындалуға тиiс.

Мәнжазба тақырыптары:

Азаматтың сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі.

Азаматтың сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы.

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар түсінігі мен ерекшеліктері.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың алғышарттары.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың мазмұны мен объектілері.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды саралау.

Қылмыстық істерді сотта талқылау.

Депуттатық қол сұқпаушылық.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.

Блиц-тесттер:

1.Қылмыстық процестің ерекше сатысын көрсет...

A)Апелляциялық өндіріс

B)Тоқтатыла тұрған істі қайта жаңғырту

C)Прокурорлық қадағалау

D)Қадағалау тәртібіндегі өндіріс

E)анықтау

2.Қылмыстық процесс сатысының өзіндік белгісі болып табылады?

A)Қорытынды процессуалды шешім

B)Құрылым қағидалары

C)Құқықтық негіз

D)Барлық жауаптар дұрыс

E)Қылмыстық процесс сатысының өзіндік белгісі жоқ

3.Қылмыстық процестегі негізгі функцияны көрсет

A)қылмыстық заңды дұрыс қолдану

B)сараптама өндірісі

C)айыптау

D)кінәсіздерді ақтау

E)үкімді орындау

4.Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушыны қамауға алу мына жағдайда ғана жүзеге асырылады?

A)прокурор одан жауап алғаннан кейін ғана

B)бір айдан аспайтын мерзімге ғана

C)заңды өкілдердің келісімімен

D)прокурордың нұсқауымен

E)қамауға алынбайды

5.Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушыны қамауға алу мына жағдайда ғана жүзеге асырылады?

A)прокурор одан жауап алғаннан кейін ғана

B)бір айдан аспайтын мерзімге ғана

C)заңды өкілдердің келісімімен

D)прокурордың нұсқауымен

E)қамауға алынбайды

6. Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер:

A) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;

B) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;

C) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.

D) өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы бойынша;

E) Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау сатысы (қадағалау өндірісі).

7. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:

A) Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;

B) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;

C) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және талап -арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;

D) Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;

E) бәрі де дұрыс

8. Азаматтық іс жүргізу құқығы

A)азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқыктың бір саласы;

B) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;

C) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және талап -арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;

D) азаматтық іс жүргізу әрекеттер төртібін реттейтін жалпы жөне деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер;

E) тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстагы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;азаматтық іс жүргізу құқығының тарихы;шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.

9. Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы............

A)ҚР АІЖК-сі болып танылады;

B)Қ.Р. Қылмыстық Кодексі;

C)Нормативтік құқықтық актілер;

D)Президент Жарлықтары;

E)Жер Кодексі.

10.Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері дегеніміз

A)азаматтық іс жүргізудің демократиялық жөнеқаиырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын, сондай-ақ, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар.

B)қолданыстағы заңнама баптарында және оның тармақтары мен бөлшектерінде белгіленген ережелер. Мысалы, ҚР АІЖК-нің 65-бабы айтысу қағидасының мазмұнын құрайды.

С) Теория бойынша барлық азаматтың сот ісін жүргізу принциптерін құқықтық реттелуге жататын объектісі бойынша екі топқа бөліп қарастыруға болады: соттың және іс жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу әрекеттерін анықтайтын (функционалдық және сот төрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері (ұйымдастырушылық).

D) адам мен азаматтық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.

E) Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесінде қызмет ету бойынша функционалды принциптер.

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі.