№ 10 тақырып. Қылмыстық құқық негіздері.

Сабақтың жоспары:

1. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.

2. Қылмыст

3. Қылмыстық жаза.

4. Қылмыстық жауапкершілік

5. Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары

6. Сыбайлас жемқорлықпен бацланысты қылмыстар үшін жауапкершілік

Сабақтың мақсаты:Қылмыстыққұқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру

Бақылау сұрақтары:

1. Қылмыстық құқықтың ұғымы.

2. Қылмыстың құрамы.

3. Жаза жүйелері, түрлері.

4. Қылмыстық жауаптылық.

Глоссарий:

Қылмыстық құқық —жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтары және мемлдекет қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыстың құрамы дегеніміз — бұл қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіптіи іс әрекеттерді белгілі бір қызметтің қатарынга жатқызуға мүмкіндік беретін элементтер мен белгілердің жиынтығы.

Қылмыстың объектісі дегеніміз — қылмыстық заңдылық қорғайтыне қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Субъектісі — қылмыс жасаған тұлға.

Обьективтік жағы — қылмыстың заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс әрекеттері.

Қылмыстық жауаптылық дегеніміз — қылмыстық заң бойынша қылмыс деп бейнеленген нақты іс-әрекетті жасағаны үшін адамды мемлекет тарапынан айыптау шарасы болып табылады.

Жаза дегеніміз — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады. (ҚР 38-б, 1-бөлімі)

Әлеуметтік әдәілеттілікті қалпына келтіру дегеніміз — қылмыс істеген адам жарғы әділетті жаза тағайныдау, істелген қылмыстың қоғамға қауіпті келтірілген зиын мөлшері жаза тағайындаудың басты негіздері кә\інәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетіән әділ жаза тағайнвдау болып табылады.

Түзеу дегеніміз — қылмыс істеп, сотталғандар тұлғаның әлеуметтік психологиялық көзқарасын өзгертіп, қылмысты құбылысқа қоғамдық ережесін бұзуға, еңбексіз күнкөріске деген пиғылдарын жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады.

Қылмыс санаттары дегеніміз — оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз.

Криминология — қылмыстылық, оны туындататын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің жеке басы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы болып табылады.

 

Мәнжазба тақырыптары:

1.Қылмыс құқығының ұғымы, міндеттері мен қағидалары.