№ 8 тақырып. Қ.Р Еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы

Семинар жоспары:

1. Еңбек құқығының түсінігі, пәні жүйесі. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар

2. Еңбек шарты ( контракт)

3. Еңбек тәртібі. Тәртіптік жауапкершілік

4. Еңбек даулары

5. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі

6. Жәрдемақы,түсінігі және түрлері

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді еңбек құқығының негіздері мен түсінігі және жүйесі жөнінде білімдерін нығайту

Бақылау сұрақтары:

1.Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастың субъектісі кімдер?

2.Еңбек шартының түрлері

3.Қандай жағдайда, қандай заңға сүйене отырып, жұмыс беруші жұмысшыныны жұмыстан шығара алады?

4.Тәртіптік жауапкершілікті қолданудың негіздемелері

5.Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы дегеніміз не?

6.Зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері қандай?

7.Жәрдемақы түсініг түрлері қандай?

8.Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі.

9.Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау қалай жүзеге асады?

10. Жұмыс бойынша кепілдік пен компенсацияларды қалай түсінесің?

Глоссарий:

Еңбек құқығы – жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек қатынастарын, жеке еңбекті қолдануға байланысты басқа да қатынастарды реттейтін құқықтың нормалар жиынтығы. Еңбек құқығының ең басты қайнар көзі- Заңдар, заң күші бар жарлықтар,Президент жарлықтары мен Үкімет қаулылары, ҚР Конституциялық кеңесі мен Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары, Министірліктер мен ведомоствалардың нормативтік құқықтың актілері.

Еңбек шарты- қызметкер өз мамандығы бойынша жұмыс берушінін актісін орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге дәл уақытында және толық көлемде жалақысын және басқа да заңдылықтармен және тараптардың келісімімен қарастырылған ақшалай өтемдерді төлеуге, еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Жұмыс уақыты -Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес, еңбек міндеттерін орындауға міндетті уакыт болып есептеледі.

Мерзімінен тыс жұмыстар -Белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар

Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы-Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орыны мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы

Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық- Қазақстан Республикасының азаматы үлкейген жасқа келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де занды негіздерде оған ең төменгі жалакы мен зейнетакының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуы.

Мәнжазба тақырыбы:

Жәрдемақы, түсінігі, түрлері

Еңбек шартының құқықтық негідері

Еңбек құқығының пәні, жүйесі және қайнар көздері

Еңбекті қорғау

Еңбек заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.

Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі, қайнар көздері

Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Блиц-тесттер:

1.ҚР еңбек заңы қашан қабылданды

A) 1999ж, 29 желтоқсан

B) 2000ж. 1 қаңтар

C) 1994ж. 27 желтоқсан

D) 1995ж. 1 наырыз

E) 1999ж. 24 желтоқсан

2.Жеке еңбек шарты:

A) жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы процесс

B) жұмыс беруші мен еңбек ұжымының арасындағы еңбек шарты

C) жұмыс беруші мен өкілді орган арасындағы қатынас

D) барлығы дұрыс емес

E) жұмыс беруші мен кәсіподақтар арасындағы еңбек шарты

3 14-16 жастағы қызметкерлер үшін аптасына қысқартылған жұмыс уақыты қанша;

A) 30

B) 25

C) 18

D) 24

E) 36

4 16-18 жастағы қызметкерлер үшін аптасына жұмыс уақыты қанша уақыт;

A) 36

B) 42

C) 34

D) 20

E) 27

5Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақыты қанша.

A) 36 сағат

B) 42 сағат

C) 41 сағат

D) 24 сағат

E) 38 сағат

6 Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға не жатады?

A) Адамның есімі, оның өмірінің құпиялығы, қадір – қасиеті, іскерлік беделі

B) аттар мен ақшалар

C) Бағалы қағаздар, мүліктер

D) Авторлық құқық, өнертапқыштық

E) Барлығы дұрыс

 

7.Еңбек даулары қандай мемлекеттік органдарымен қкралуы мүмкін

A) комитеттер

B) үкімет

C) Президент

D) Парламент

E) Соттар

8.ҚР Еңбек туралы заң неше баптан, тұрады:

A) 215 бап

B) 4 тарау, 115 бап

C) 99 бап

D) 6 тарау, 118 бап

E) 109 бап

9 Еңбек тәртібін бұзған үшін қандай жауаптылыққа тартылады:

A) азамматтық

B) қылмыстық

C) әкімшілік

D) Тәртіптік

E) Материалдық

10 Т үнгі уақыттағы жұмыс;

A) 22 сағғаттан бастап таңергенгі сағат 6-ға дейінгі аукыт

B) 12 сағат болу керек

C) 21 сағғаттан бастап таңергенгі сағат 6-ға дейінгі аукыт

D) 10 сағат болу керек

E) 22 сағғаттан бастап таңергенгі сағат 5-ға дейінгі уакыт

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

ҚР Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз (өзгертулер мен толықтырулармен). өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 21.05.2007 г.)

Қосымша әдебиеттер:

ҚР Еңбек кодексі. 2009 ж

Қ.Р. Заңы өзгерістер мен толықтырулары енгізілген 27.07.07ж. № 315-III;

Қ.Р. Заңы өзгерістері мен толықтырулары енгізілген 27.07.07 ж. № 320-III;

Қ.Р. Заңы өзгерістері мен толықтырулары енгізілген 19.12.07 г. № 9-IV ;

Қ.Р. Заңы өзгерістері мен толықтырулары енгізілген 50 04.12.08 г. № 97-IV (2009 жылдың 1 қаңтар айынан бастап енгізілген );

Қ.Р. Заңы өзгерістері мен толықтырулары енгізілген 10.12.08 г. № 101-IV ((2009 жылдың 1 қаңтар айынан бастап енгізілген );

Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.

АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005.

Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана: Атамұра. 2004

Абузярова Н.А. Трудовое право РК. –Актобе, 1997.

Гусов. К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. – М.: Юрист, 1997.

Уваров В.Н. Трудовое право РК. – Алматы: Изд. КАЗГЮА. 2000.