2. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы

3.Қаржы жүйесінің ұғымы. Мемлекеттік қаржы жүйесі және оның құрылымы.

4.Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері. мемлекеттік ақша қорларының қалыптасу әдістері.

5.Бюджеттің ұғымы.

6.Бюджеттердің түрлері.

7.Бюджет құрылымының ұғымы. Қазакстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылымы.

8.Қазақстан Республикасынның бюджет жүйесі құрылымының қағидалары.

9.Бюджеттік реттеу және оның әдістері.

10. Банк және банк қызметінің түсінігі

11.Қазақстан Республикасының банктік жүйесі

12.Қаржылық банкілік құқық қаржылық құқық институты ретінде

13.Сақтандыру түсінігі, қызметі

14. Сақтандыру құқығының түсінігі және пәні

15. Қаржылық сақтандыру құқығының жүйесі

Глоссарий:

Қаржы - елдегі ақша қатынастары процесстерін сипаттайтын экономикалық, категория ретінде мемлекеттің пайда болуымен және ақша қозғалысымен байланысты мемлекеттің мұхтаждығын қанағаттандыру үшін ақша қаражатын қамтамасыздандыратын ақша қорлары

Мемлекеттің қаржылық қызметі - қаржы, несие және мемлекеттік органдардың мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталған қызметі.

Мемлекеттің қаржылық жүйесі- мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және бөлу шегіндегі мемлекеттік қаржы қатынастардың жиынтығы

Қаржылық құқықтық акт - қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзіреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер.

Ақша жүйесі- бұл елдегі ақша айналымын ұйымдастырудың нысаны.

Валюта - мемлекеттің ақшалай бірлігі; екіншіден, бұл шет елдердің ақшалай бірліктері.

Валюта бағамдары- бұл елдің территориясында айналым тәртібі орнатылған қатынастағы бағамдар.Валюта бағамдарына:а) шетел валютасы;б) шетел валютаға бағалы қағаздар;в) бағалы металдар;г)табиғи бағалы тастар.

Валюталық реттеу- бұл валюталық операциялар жасау тәртібін реттеуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі.

Бюджет – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет құрылымы - бюджеттің әр. түрлерінің құрамдас бөлігінің өзара әрекетінің және мемлекеттің бюджет жүйесінің ұйымдастырушылық құрылыиын анықтайтын институт.

Бюджет жүйесі - мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу қарау бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастарының тиісті қаржылық құқықтық актілерді бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа мемлекеттік өкілетті органдарының бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Қаржылардың түсінігі, ерекшеліктері және маңызы

2. Мемлекеттің қаржылық қызметі түсінігі, қағидасы, мақсаты және міндеттемелері.

3. Қаржылық қызметі жүзеге асыру әдістері, формасы, актілер түрлері.

4. Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның құрамы.