5-тақырып : Әкімшілік құқық негіздері.
Семинар жоспары:
1. Әкімшілік құқықтың түсінігі.
2. Мемлекеттік қызметшілер.
3. Атқарушы билік органдары.
Сабақтың мақсаты:Әкімшілікқұқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықтың пәні болып табылады?
2. Әкімшілік құқықтың жүйесіне түсінік беріңіз.
3. Әкімшілік-құқықтық реттеу әдістерін атаңыз.
4. Мемлекеттік қызмет дегеніміз не?
5. Қоғамдық бірлестіктерге түсінік беріңіз.
Глоссарий:
“Әкiмшiлiк”- Латынша “басқару” мағынасында, сондықтан бұл саланы көбiне басқару құқығы дейдi.
Әкiмшiлiк құқық- Мемелекеттiк басқару саласында, атқарушы мемлекеттiк органдар қызметiн жүзеге асыру процесiнде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтiн заң саласы.
Әкiмшiлiк- құқықтық нормалар- мiндеттi немесе кейде ерiктi түрде мемлекеттiк басқару органдарымен қабылданған (яғни атқарушы және заңды) атқарушы билiк сферасында қоғамдық қатынастарды реттеушi ереже
Материалдық нормалар- Азаматтардың әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн, атқарушы билiк органы мен ұйымдарды бiрiктiретiн ережелер. Мысалы, атқарушы билiк органдары субъектiлерiнiң қоғамға, тұлғаларға көрсететiн заңды түрдегi құзiретi (компетенциясы)
Әкiмшiлiк –құқықтық қатынастар- Әкiмшiлiк-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттiк басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Атқарушы билiк органдары өз қызметi барысында түрлi субъектiлермен өзара әрекет жасайды. Көп жағдайда олардың мүддесi бiр-бiрiне сәйкес келмейдi.
Әкiмшiлiк құқықтың қайнар көздерi- Әкiмшiлiк құқық субъектiлерiмен атқару билiк жүргiзу қызметi аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтiн, құқық нормаларының нысаны ретiндегi көрiнiсi
Әкімшілік құқықтық режим - Занды түрде анықталған әкімшілік құқықтық әдістердің реттелуі қандай да бір ерекше жағдайларға байланысты қатынас субъектілеріне қолданылатын тиым салу түрлері болып саналады.
![]() |
Мәнжазба тақырыптары:
1. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері.