4-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару.
Семинар жоспары:
1.Мемлекеттік басқару субъектісі ретінде.
2.Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары.
3.Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.
Сабақтың мақсаты: студенттердің мемлекеттік басқару тетіктері және мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін ұғынып, оларды игеру.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды қазіргі мемлекеттік саясатына жалпы түсінік бере отырып, Қазақстанда өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың алғы жолдарына жалпы мағлұмат беру.
Бақылау сұрақтары:
Мемлекеттік басқару қағидаларының теориялық және тәжірибелік маңызы. Басқару қағидаларын олардың мәні, байланыс сипаты және басқару тәжірибелеріне қарай сыныптау.
Қазақстан Республикасының конституциялық қағидалары және олардың әлеуметтік қызметі (ҚР Конституциясының 2 б., 1т.).
Мемлекеттік биліктің түсініктемесі және мәні.
Мемлекеттік басқарудағы саясат пен мақсат.
Мемлекеттің функцияларының, басқару функцияларының және мемлекеттік органдардың функцияларының өзара байланыстары.
Глоссарий:
Материалдық нормалар - Азаматтардың әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн, атқарушы билiк органы мен ұйымдарды бiрiктiретiн ережелер. Мысалы, атқарушы билiк органдары субъектiлерiнiң қоғамға, тұлғаларға көрсететiн заңды түрдегi құзiретi (компетенциясы)
Жергілікті мемлекеттік басқару – бұл заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болатын қызмет.
Құқықтық режим- Бұл қоғамдық қатынас іс-әрекетінің белгілі бір түрінің кешені, ол құқықтық нормамен бекітіледі және құқықтық-ұжымдық құралының жиынтығын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мәжбүрлеу- Занды норма негізінде қолданылатын және мемлекеттік билік белгілеундегі мемлекеттік іс-әрекет әдісі.
Уақытша қызметтен босату - Денсаулығы басқа адамдарға жұқпалы ауру қаупін туғызатын тұлғаларға қатысты әкімшілік бұлтартпаудың бірден-бір құралы ретінде қолданылады.
Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттік құқықтық құралдар әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Жергілікті мемлекеттік басқару - заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы тиісті аумақта мемлекеттік саясатта жүргізу.
Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін - алғашқы жағдайды қалпына келтіруші құрал.
Мәнжазба тақырыптары:
1.Мемлекеттік басқарудың мәні және ерекшеліктері