4-тақырып: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот

Семинар жоспары:

1. Құқық қорғау органдарының пәнінің жүйесі

2. Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары мен қағидалары

3. Құқық қорғау қызметін реттейтін нормативтік актілер

4. Сот билігі ұғымы және белгілері

Сабақтың мақсаты: «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнді оқу арқылы студеттерге игеруге, осы саладағы нормативтік актілерді қолдана білу

 

Бақылау сұрақтары:

1. Құқық қорғау органдарының пәнінің қайнар көздері

2. Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары

3. Құқық қорғау қызметінің қағидалары

4. ҚР сот жүйесінің құқықтық негіздері

5. Прокуратура органдарында жұмысты жоспарлау

6. Прокурор айыпталушыға немесе оның іс-әрекеті үшін мүліктік жауаптылығы.

7. Әділет Мнистрілігіне тәуелді мекеме

8. Жоғарғы сот кеңесіне тәуелді мекеме

9. Жоғарғы сот кеңесі жанындағы мекеме

10. Анықтау органдарының жүйесі,олардың міндеттері мен құзыреті

Глоссарий:

Сот төрелігі- адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.

Соттың құзыреті- тиісті буындағы соттар үшін бірыңғай сот саясаты айқындайтын міндеттер мен функцияларға байланысты олардың қызметінің мәселелерін шешуде заңдармен белгіленген өкілеттіктер жиынтығын білдіреді.

Прокурор - өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға.

ҚР Әділет министрлігінің маңызды міндеттері- қолданыстағы заңдарды жүйелеу, ҚР кодекстері мен заң жинақтарының ресми басылымдарын шығаруға дайындауға қатысу болып табылады.

Әділет органдары- азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияларды тіркеуді және беруді жүзеге асырады.

Алдын ала тергеу - өкілетті органдардың ҚР ҚІЖК сәйкес белгіленген өкілеттік шегінде істің мән – жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.

Алдын ала тергеу барысындағы шығарылатын қаулылар – алдын ала тергеу процесінде ҚР ҚІЖК сәйкес қандай да бір іс жүргізу шешімін қабылдау кезінде тергеуші шығаратын қаулы. Онда оның жасалған орны мен уақыты, тергеушінің аты – жөні мен лауазымы, қабылданатын шешімнің мәнісі мен негіздері, қаулының ҚР ҚІЖК қай бабына сәйкес негізделіп шығарылатыны көрсетіледі. Қаулыға тергеуші қол қояды.

Кедендік қызмет- ҚР кеден органдарында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің құрамдас бөлігі. “ҚР Мемлекеттік кызмет туралы” заңымен Мемлекеттік кіріс министрлігін кейбір арнайы актілерімен реттеледі.

Айыпталушы - өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған (және) бекіткен адам.

Азаматтық жауапкер – қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің барысында қойылған талапқа байланысты заң күшімен қылмысты не есі кіресіле – шығасылы адамның ҚР ҚК-мен тыйым салынған әрекетімен келтірілген зиян үшін мүліктік жауаптылықта болатын жеке немесе заңды тұлға.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Адвокатураны ұйымдастыру нысандары

2. Мемлекеттік органдар жүйесіндегі ішкі істер органдары, олардың міндеттері мен құзіреті.

3. Қаржы полициясы агенттігі

Блиц-тесттер:

1.Заң кең және тар мағынада түсіндіріледі. Заңның мына анықтамасы: «Заң дегеніміз – мемлекеттік биліктің ең жоғары органдары қабылдаған, ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт» қай мағынада түсініледі:

А) Заңды тар мағынада түсінуге жатады.

В) Заңды кең мағынада түсінуге жатады.

С) Екеуіне де жатады.

D) Ешқайсысына да жатпайды.

Е) Жаратылыс заңдарын түсінуге жатады.

2.Аталған нормативтік актілердің қайсысының заңдық күші жоғарырақ болады:

А) Жергілікті органдар шешімінің.

В) Үкімет қаулысының.

С) Министр бұйрығының.

D) Министрлік нұсқаудың.

Е) Премьер-министр өкімінің.

3. Заң дегеніміз:

А) Қоғам мүшелерінің ерікті келісімі.

В) Жоғарғы заң күші бар нормативтік акт.

С) Тараптардың келісімімен қамтамасыз етілетін шарт.

D) Құқықтың белгісі.

Е) Мемлекет пен оның азаматы арасындағы құқықтық байланыс.

4.Заңмен белгіленген тәртіпте және негіздерде прокурорлық қадағалау актілері міндетті:

A) Тек мемлекеттік билік органдарының лауазымды тұлғалары үшін

B) Тек лауазымды тұлғалар мен азаматтар үшін

C) Тек мемлекеттік билік органдарының лауазымды тұлғалары мен азаматтар үшін

D) Тек ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар үшін

E) Барлық органдар, ұйвмдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар үшін

5.«Прокуратура туралы» Заң қашан қабылданды:

A) 1995 ж. 21 желтоқсанда

B) 1993 ж. 21 желтоқсанда

C) 1994 ж. 21 қарашада

B) 1997 ж. 20 желтоқсанда

E) 1995 ж. 22 желтоқсанда

6. Әділет Министрін ҚР Президенті кімнің ұсынуымен тағайындайды ?

A) Премьер Министрдің

B) Жоғары Сот төрағасының

C) Сенат төрағасының

D) Бас Прокурордың.

E) Парламент

7.Кеден органдарының функцияларына кіреді:

A) Құқық қорғаушы және регулятивті

B) Фискальді және регулятивті

C) Құқық қорғаушы және фискальді

D) Фискальді, регулятивті және құқық қорғаушы

E ) Фискальді

8.Келесілердің қайсысы кеден органының жүйесіне жатпайды?

A) Брокерлік фирмалар

B) ҚР орталық кеден органы

C) Кедендік басқарулар

D) Кедендер

E) Кеден бекеттері

9. Агенттіктің Төраға жанында консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алқаның саны мен жеке құрамын кім бекітеді?

A) Агенттік төрағасы

B) Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы

C) ҚР Үкіметі

D) ҚР Парламенті

E) ҚР Президенті

10.Ұлттық қауіпсіздік органдарының қаржы-шаруашылық қызметін кім бақылайды:

A) ҚР қаржы министрлігі

B) Ұлттық қауіпсіздік органдары

C) ҚР Жоғарғы соты

D) ҚР Прокуратура органдары

E) Ішкі істер министрлігі

 

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы, 21.05.2007 ж.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық кодексі. 1998 ж.

3. ҚР-ның конституциялық заң күші бар «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Заңы 25.12.2000 ж.

4. «ҚР-дағы кеден кодексі» ҚР-ның Заңы 01.05.2003 ж.

5. ҚР-ның Президентінің «Жедел іздестіру қызметі туралы» Жарлығы. 15.09.1994 ж.

6. ҚР-ның «Сот приставтары туралы» Заңы 07.07.1997 ж.

7. «Орындау өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы 30.07.1998 ж.

8. «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы»ҚР-ның Кодексі (Салық Кодексі) 12.06.2001 ж.

9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ереже 11.05.1999 ж.

10. «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР-ның Заңы 14.07.1997 ж.

11. «Нотариат туралы» ҚР-ның Заңы 14.07.1997 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік 2001 ж.

2. Құқық қорғау органдары, Алиев М.М Оқулық Алматы 2005 ж.

3. Құқық қорғау органдары. Заңдар жинағы.Алматы-юрист. 2005 ж.

4. Сарсенбаев М.А Таможенное право РК Учебник, Алматы: Данекер, 2002