3- такырып: Конституциялық құқық негіздері
Семинар жоспары: .
1. Конституциялық құқық –жетекші құқық саласы ретінде
2. ҚР Конституциясының тісінігі және мәні
3. ҚР Констициясында мемлекет нысанының негізгі белгілерінің бекітілуі.
4. ҚР-ғы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің түсінігі.
5. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің конституциялық құрылысы, оның ерекшеліктері, ұйымдастырылу ерекшеліктері, басқару нысанының белгілері туралы студенттерге түсінік беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен арақатынасы 2. ҚР-ғы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі. |
3. ҚР-ғы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
4. Референдумды өткізу тәртібі. Референдум шешімдері
5. ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, оның мемлекеттік билік
6. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен арақатынасы
7. ҚР Парламентінің жоғары билік органдары жүйесіндегі орны мен рөлі.
8. ҚР Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі: құрамы, құрылу тәртібі, оның мүшелерінің өкілеттік мерзімі
9. Сот жүйесінің орны және рөлі
Глоссарий:
Министрлік – тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органы.
Өкілеттілік – лауазымды орнына байланысты және кейбір мәселелерді шешу үшін қажетті субъектіге берілген біртұтас комплексті құқық пен міндеттілік .
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы.
Преамбула – нормативтік актінің кіріспе бөлігі , онда оны қабылдаудың себептерін көрсететін жағдайлар көрсетіледі , сол құжаттың алдындағы мақсаты және міндеті баяндалады .
Референдум- Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмірдің өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешімдердің
Сайлау жүйесі – заңмен белгіленген ережелер, қағидалар және бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.
Сайлау округі – Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау үшін сайлаушылардың мөлшермен бірдей саны ескеріліп құрылған аумақтық бірлік.
Фракция – саяси партияның немесе заңмен белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы.
Қабілеттілік – заңмен белгіленген , өзінің құқығы мен міндетін өз әрекетімен жүзеге асыру.
Құқық жүйесі – құқықтың ішкі құрамы, бірімен-бірі тығыз байланыстағы нормалар, институттар, құқық салалары және оған қосымшалар.
Қоғам –экономикалық және рухани біртұтастықпен , өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипаттайтын ,белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Құзірет- мемлекеттік орган, сондай-ақ , сол бір немесе өзге лауазымды тұлғаға иеленетін және тиісті заңды құжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі.
Құқық бұзушылық- қылмыскерлердің кінәлі , құқыққа қарсы, қоғамға зиянды әрекеті, қоғамның мүддесіне мемлекетке , жеке адамға зиян келтіреді.
Қосымша нормативті акт-заңның негізінде және оны орындау үшін шығарылған нормативті акт.
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы.
Республика Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Шетелдік азамат – Қазақстан азаматы болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігі жөнінде дәлелдемесі бар тұлға.
Мәнжазба тақырыптары:
1. ҚР конституциялық құрылысы түсінігі
2. Мемлекет егеменділігі
3. Мемлекеттік құрылыс нысаны
4. Идеологиялық және саяси плюрализм