1-2 тақырып: Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар

Семинар жоспары:

1. Мемлекет және құқықтың пайда болуы

2. Мемлекет пен құқық түсінігі және белгілері

3. Мемлекет нысаны. Мемлекет механизмі

4. Құқықтың қайнар көздері. Құқық жүйесі

5. Құқықтық қатынастар

6. Құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері

Сабақтың мақсаты: мемлекет және құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру

 

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттің алғашқы қауымдық қоғамнан айырмашылық белгілері

2. Құқық нормасының алғашқы қауымдық құрылым нормасын ерекшелігі неде?

3. Құқық жүйесіне қандай элементтері кіреді?

4. Мемлекет механизмінің құрылысына қандай элементтер қіреді?

5. Құқық түсінігі және белгілерін атаңыз

6. Құқықтың қайнар көздерін атаңыз

7. Құқық қолдану актісі мен сатылары

8. Коғамның саяси жүйесі

9. Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде

10. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы

Глоссарии:

Абсолюттік монархия – монархиялық басқару нысанының бірі.бір адамның – монархтық шексіз мемлекеттік билігін сипаттайды

Автономия – мемлекет жерінің бір бөлігінің өзін - өзі билеу нысаны, ішкі мәселесінің шешудегі еркіндігі мен сипаты

Вето – парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға қарсылығы

Заң – ерекше жағдайдағы заң шығару органдарының билігімен қабылдаған, халықтың еркін білдіретін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғары заңдылық күші бар нормативтік акт

Мемлекет – белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы

Азаматтық қоғам – адамгершілік, діни, ұлттық әлеуметтік – экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы

Мемлекеттік аппарат – мемлекеттің алдындағы негізгі мақсаттары, міндеттері іске асыруға қажетті мемлеекттік органдардың жиынтығы.

Демократиялық режим – мемлекеттік билікті іске асырудағы халықтың жаппай қатынастарын реттеуге жататын заңмен анық берген шешімді қабылдау

Дуалистік монархия – шектклген монархия түріне жатады, конституция көлемінде әрекет етеді

Заң шығару билігі – халықпен сайланған орган, заң шығару арқылы қоғамның даму стратегиясын жасауға арналған.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары