Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару.
Материалдық нормалар - Азаматтардың әкiмшiлiк-құқықтық мәртебесiн, атқарушы билiк органы мен ұйымдарды бiрiктiретiн ережелер. Мысалы, атқарушы билiк органдары субъектiлерiнiң қоғамға, тұлғаларға көрсететiн заңды түрдегi құзiретi (компетенциясы)
Жергілікті мемлекеттік басқару – бұл заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болатын қызмет.
Құқықтық режим- Бұл қоғамдық қатынас іс-әрекетінің белгілі бір түрінің кешені, ол құқықтық нормамен бекітіледі және құқықтық-ұжымдық құралының жиынтығын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мәжбүрлеу- Занды норма негізінде қолданылатын және мемлекеттік билік белгілеундегі мемлекеттік іс-әрекет әдісі.
Уақытша қызметтен босату - Денсаулығы басқа адамдарға жұқпалы ауру қаупін туғызатын тұлғаларға қатысты әкімшілік бұлтартпаудың бірден-бір құралы ретінде қолданылады.
Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттік құқықтық құралдар әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Жергілікті мемлекеттік басқару - заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы тиісті аумақта мемлекеттік саясатта жүргізу.
Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін - алғашқы жағдайды қалпына келтіруші құрал.
Азаматтық және неке-отбасы құқығының негіздері:
Азаматтық құқық ғылымы – азаматтық құқық және азаматтық заңдар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласы.
Азаматтық құқық – құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы.
Азаматтық құқық қағидалары – нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.
Азматтық заңның күші – заң күшіне енгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысаны.
Азаматтық құқықтық қатынастар – қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысты болатын азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар.
Азаматтық құқықтарды қорғау – заңда көзделген, құқықтың қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіруге және құқықты бұзатын әрекеттердің жолын кесуге бағытталған шаралар жүйесі.
Ақша – кез келген басқа мүлікке айырбасталатын ерекше қасиеті бар заттық құқық ретіндегі, сондай-ақ міндеттемелік құқық ретіндегі азаматтық құқық объектісі.
Ар-намыс - бұл адамға берілген қоғамдық баға, оның рухани және әлеуметтік
қасиеттерінің өлшемі.
Акционерлік қоғам - өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға.
Азаматтың тұрғылықты жері – азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі – осы кезеңде уәкілетті адам өзінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі.
Акцепт – осы ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы.
Акцептант – ұсынысты қабыл алған тарап.
Алдын ала жасалған шарт - әр жақтың алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі.
Әрекет қабілеттілік – азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп, оларды орындау қабілеті.
Бағалы қағаз – азаматтық құқықта белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат.
Банкроттық – борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі.
Билік ету құқығы - мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Біржақты міндеттеме – міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші жағында – тек міндеттер.
Балама міндеттеме – борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға құқылы.
Біржақты шарт – бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шарт.
Отбасы – некеден, туыстықтан, бала аырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.
Неке – ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Неке шарты – некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.
Жалған неке – отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке.
Неке жасы - адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы.
Балалық шақ – кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі.
Суррогат ана шарты – балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісім берген әйелдің арасындағы келісім.
Алименттер – алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты.
Отбасылық жағдай – некеде тұрғандағы немесе айрылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы.
Азаматтық хал актілері – адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар.
Қорғаншы – қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам.
Қорғаншылық - кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Репродукциялық денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы.
Суррогат ана – суррогат ана мен ықтимал ата ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.
Мүліктің шарттық режимі – ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі.
Әкімшілік құқық негіздері:
Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқықтың әдісі - жолдардың , тәсілдердің жиынтығы, солар арқылы басқару қатынастары реттелінеді.
Әкімшілік құқықтың жүйесі - өзара байланысты әкімшілік құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері- бұл әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нысандары.
Гипотеза - нақты шарттарды көрсететін норманың бөлігі, солар болғанда норма әрекет ете бастайды.
Диспозиция - тиісті мінез - құлықтық ережесі бар норманың бөлігі.
Санкция - диспозицияны бұзған нәтижесінде пайда болатын жағымсыз салдарды көрсететін норманың бөлігі.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормаларының негізінде пайда болатын басқару қатынастары, олардың қатысушыларының субьективтік құқықтары мен заңдық міндеттері болады.
Субъектілер - қатысушылар субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену болып табылады.
Объектілер - неге байланысты қатынас пайда болды, өзгертілді. тоқтатылды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
Біліктілік талаптары - мемлкеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейін, құзіреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар.
Әкімшілік жауапкершілік - әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып өкіметтің арнайы органына немесе лауазымды адамның құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту, қалпына келтіру шараларды қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі.
Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси айқындаушы сиаптта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты - мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын лауазымдық өкілеттіктердің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы.
Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
Еңбек – адам мен қоғам өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық,рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі.
Еңбек қатынастары – ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмы с берушінің арасында туындайтын қатынастар.
Еңбек стажы – қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт.
Жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
Жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орныдауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны.
Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.
Қызметкер – жұмыс берушімен еңбек қатыснастарында түратын және меке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға .
Мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері .
Тәртіптік жаза – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы .
Негізгі жалақы – жалақының тарифтік ставка , лауазымдық айлықақы , кесімді бағалау бойынша төлемді қамтитын , салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі және еңбек заңнамасында салалық келісімде , ұжымдық шартта және еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер .
Тәртіптік теріс қылық – қызметкердің еңбек тәртібін бузуы , сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше орындамауы .
Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатыстарынан реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтаракт .
Іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде белгілі бір мерзімде еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу , сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға , біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу .
Арнаулы киім – қызметкерді зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім.
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;
өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың қызметкрлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
өтемақы төлемдері – жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзгеде мірдеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеугебайланысты ақшалай төлемдер;
тарифтік жүйе – еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады;
тарифтік кесте – орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы;
тарифтік разряд – жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші;
тарифтік ставка (айлықақы) – қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері;
тәртіптік жаза – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қоданатын тәртіптік әсер ету шарасы;
тәртіптік теріс қылық – қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент – ҚР-да қызметін тұрақты жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғамен қатар жеке немесе заңды тұлға, міндетті зейнетақылар жапрналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын және аударатын шетел заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері
Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы- ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немес заңды тұлға
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы- ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немес заңды тұлға
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы- міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға
Диверсификация- зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру
Жеке зейнетақы шоты – салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке атаулы шоты.
Ең төменгі зейнетақы – тиісті қаржы жылына араналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері
Қазақстан Республикасының қаржы құқығы
Қаржы - елдегі ақша қатынастары процесстерін сипаттайтын экономикалық, категория ретінде мемлекеттің пайда болуымен және ақша қозғалысымен байланысты мемлекеттің мұхтаждығын қанағаттандыру үшін ақша қаражатын қамтамасыздандыратын ақша қорлары
Мемлекеттің қаржылық қызметі - қаржы, несие және мемлекеттік органдардың мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталған қызметі.
Мемлекеттің қаржылық жүйесі- мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және бөлу шегіндегі мемлекеттік қаржы қатынастардың жиынтығы
Қаржылық құқықтық акт - қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзіреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер.
Ақша жүйесі- бұл елдегі ақша айналымын ұйымдастырудың нысаны.
Валюта - мемлекеттің ақшалай бірлігі; екіншіден, бұл шет елдердің ақшалай бірліктері.
Валюта бағамдары- бұл елдің территориясында айналым тәртібі орнатылған қатынастағы бағамдар.Валюта бағамдарына:а) шетел валютасы;б) шетел валютаға бағалы қағаздар;в) бағалы металдар;г)табиғи бағалы тастар.
Валюталық реттеу- бұл валюталық операциялар жасау тәртібін реттеуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі.
Бюджет – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет құрылымы - бюджеттің әр. түрлерінің құрамдас бөлігінің өзара әрекетінің және мемлекеттің бюджет жүйесінің ұйымдастырушылық құрылыиын анықтайтын институт.
Бюджет жүйесі - мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу қарау бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастарының тиісті қаржылық құқықтық актілерді бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа мемлекеттік өкілетті органдарының бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы.