Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері.

Әкімшілік құқықтың қатынастар.

Әкімшілік құқықтың субъектілері.

Мемлекет басқаруды үйымдастыру.

Әкімшілік құқық бұзышылық. Әкімшілік жауапкершілік.

 

Тақырып № 7-8. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері.

Қарастырылатын сұрақтар:

Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні және реттеу әдістері.Азаматтық құқықтың қатынастардың түсінігі, түрлері.Азаматтық құқықтың қатынастарының субъектілері. Занды тұлғалардың түсінігі, белгілері және түрлері.Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталуы негіздері. Мәміле, мазмұны, түрлері. Отбасы құқығының ұғымы. Отбасы және неке тұралы заңы.

Отбасы құқығы мен реттелетін қатынастары. Некеге түрудың тәртібі мен шарттары.Некені тоқтату.Ерлі- зайыптылардың құқықтары мен міндеттері. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастары.

Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.

 

Тақырып № 9. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы.

Қарастырылатын сұрақтар:

Қаржы құқығының негіздері.

Қаржы саласындағы басқару.Бюджет жүйесі.

Қаржы органдарының қызметі (Қаржылық құқық бұзушылықтар)

 

Тақырып № 10-11. Еңбек құқығының пәні және әдістері және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.

Қарастырылатын сұрақтар:

Жеке еңбек шарты.

Жұмыс уақыты, демалыс уақыты.

Еңбек тәртібі. Тәртіптік жауаптылық. Еңбек даулар.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.

Тақырып № 12-13. Қазақстан Республикасындағы экологиялық және жер құқығыныңнегіздері.

Қарастырылатын сұрақтар:

Құқықтық реттеудің объектісі ретіндегі экология түсінігі.

Экологиялық құқықтың мазмұны, реттейтін қарым-қатынастар аясы, пәні..

Экологиялық құқықтың әдісі және қайнар көздері. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік түрлері.

Жер құқығының түсінігі,жүйесі.Жер құқығы қатынастарының объектісі. Жер құқығы қатынастарының субъектілері.Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері.

 

Тақырып № 14. Қазақстан Республикасындағы қылмыстық құқық негіздері.

Қарастырылатын сұрақтар:

Қылмыс құқығының ұғымы мен міндеттері, қағидалары.

Қылмыстың ұғымы, қылмыстың құрамы.

Қылмыстарды топтастыру.

 

Тақырып № 15. Қазақстан Республикасында іс жүргізу құқық негіздері.

Қарастырылатын сұрақтар:

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. Қылмыстық іс жүргізу құқығының субъектілері.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іске тұлғалардың құрамы. Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілері. Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері.

Дәріс сабағындағы тест сұрақтары

Нұсқа 1

I – вариант.

1. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы қандай ұғыммен сипатталады?

A) Құқық бұзушылық құрылымы

B) Әрекет немесе әрекетсіздік

C) Ауыр салдар

D) Кінә

E) Есі дұрыстық

2. Алғашқы қауымдық қоғамда адамдардың мінез – құлқын қандай әлеуметтік нормалар реттейді?

A) Заңды нормалар

B) Саяси нормалар

C) Әдет – ғұрып (мононормалар)

D) Техникалық нормалар

E) Техникалық – заңды нормалар

3. Төмендегілердің қайсысы ҚР – нда қолданыстағы құқығына жатады?

A) Мораль нормалары

B) Әдет - ғұрып

C) Соттық прецидент

D) Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары
E) билет шешімдері

4. Романо – Германдық құқықтық жүйеде қолданылатын қайнар көз

A) Іскерлік……….

B) Үстем құқықтық асна
C) Соттық тәжірибе

D) Нормативтік актілер

E) Әдет – ғұрып

5. Қоғамда қалыптасып, жақсы және жаман, әділдік пен әділетсіздік, ар, ұят, борыш туралы ойларды білдіретін – құлық ережелері

A) Мораль нормалары

B) Құқық нормалары

С) Әдет нормалары

D) Діни нормалары

E) Ұйым, кәсіпорын нормалары

6. Төмендеайтылғанелдердіңқайсысындасоттарқұқықшығармашылықтақатысады, яғниқұқықтықнормаларқұрады?

A) Франция
B) Ресей

C) Ұлыбритания

D) Германия
E) Қазақстан

7. Әрекет және құқықтық норманы іске асыру жағдайларын анықтайтын құқықтық норманың элементі:

A) гипотеза

B) диспозиция

C) санкция

D) презумпция

E) функция

8.Заң шығару бастамашылығы құқығы дегеніміз:

A) Заңды талдау құқығы

B) Парламенттің қарауына заң жобасын енгізу құқығы

C) заң қабылдау құқығы

D) Заң жинақтау құқығы

E) заңдарды талқылау құқығы

9. Мемлекет қалыптасуының теологиялық теориясының негізгі идеясы:

A) мемлекет қоғамының объективті дамуы салдарынан пайда болды

B) мемлекет матриархаттың патриархатпен алмасуы нәтижесінде, діннің пайда болуымен қалыптасты

C) мемлекет құдайдың еркі, әмірінің нәтижесі

D) мемлекет адамның ерікті өзара келісімдерінің нәтижесінде пайда болды

E) мемлекет ежелден бар, адам қоғамымен бірге пайда болды

10. Кодификация – бұл:

A) қатынас салаларында біртұтас актіні қабылдаудан тұратын заңдар жүйелілігі

B) нормативтік – құқықтық актілерді пәндік тәртіппен бір жинаққа ұосу жолымен реттеуден тұратын заң жүйелеу түрі

C) заңды кез – келген тәртіппен жинақтау

D) нормативтік – құқытық актілерді хронологиялық тәртіппен бір жинаққа біріктіру жолымен реттеуден тұратын заңды жүйелеу түрі

E)нормативтік – құқықтық актілерді талқылау түрі

11. Құқық жүйесін құрайтын компоненттер:

A) заң нормалары, құқық институттары мен салалары

B) нормативтік актілердің, кодекстер мен басқа да бастаулардың баптары

C) құқық салалары

D) мемлекеттік органдар

E) моральдық және діни нормалар

12. Құқықтық нигилизмге тән емес белгі:

A) өмірде құқық рольінің төмендеуі

B) құқықтық мәдениеттің төменділігі
C) құқықты құрметтемеу

D) құқықты менсінбеу

E)құқыққа сәйке мінез - құлық

Нұсқа 2

1. Берілген анықтама қандай түсінікке тән: «Құқыққа қайшы, кінәлі, қоғам мен мемлекет меншігіне және адамдардың бостандығына қол сұғуы»

A) Наразылық

B) Құқық қабілеттілік

C) Құқықтық нигилизм

D) Құқықтық инфантилизм

E) Құқық бұзушылық

2. Қай теория мемлекеттің пайда болуын және оның себептерін объективті қарайды?

A) Теологиялық

B) Келісім

C) Психиологиялық

D) Тарихи - материалистік
E) Күштеу теориясы

3. Құқықтық реттеу механизмінің элементтері:

A) ҚР – ның нормативтік – құқықтық актілері, заңдары және заңға тәулді актілері

B) Құқықтық фактілер мен құқықтық қатынас

C) Құқық нормалары, құқықтық қатынас, құқықты ңске асыру мен міндеттердің актілері

D) Заңдылық және құқықтық тәртіп

E) Талдау және қолдану актілері

4. Құқық теориясында «құқық жүйесі» нені білдіреді?

A) Жеке тұлғаның нормативтік – құқықтық белгілері

B) Сот жүйесі

C) Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеумен қамтамасыз ететін құқықтар мен институттар жиынтығы

D) Құқықты реттеу әдістері

E) Заң жүйесі

5. Мораль белгілері:

А) Жүйелік

В) Жалпыға міндеттілік

С) Формальды айқындылық

D) Мемлекеттің атқарушылығы мен кепілдігі

Е) Қоғамның сана –сезімінде болады және қоғамдық пікірдің күшімен қамтамасыз етіледі

6 . Құқықтық әдет-ғұрып - бұл:

А) Қажетті мінез – құлықтың түрі мен шарасы.

В) Мүмкін болатын мінез – құлықтың түрі мен шарасы

C) Әділдік туралы түсінікке сәйкес мінез – құлық ержесі

D) Мемлекеттпен санкцияландырылған, алғашқы кезден қалыптасқан қарым – қатынасты бекітетін мінез – құлық ережелері

E) Адамдардың жақсылық пен жамандық туралы түсініктерін сипаттайтын мінез – құлық ережелері

7. Құқықтық реттеу әдістері бойынша құқық нормасы бөлінеді:

A) Императивті, диспозитивті, көтермелеуші, ұсынушы (рекомендательные)

B) Заң нормалары мен оларға тәуелді нормалар

C) Жалпы қолданыстағы нормалар және шектеулі қолданыстағы нормалар

D) Материалдық нормалар мен процесуалдық нормалар

E) Рұқсат етуші, міндеттеуші, тиым салушы

8. Парламентпен қабылданған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюдан бас тартуы:

A) Вето

B) Вотум

C) Импичмент

D) Ұстап қалу мен қарсылық салмақ жүйесі

E) Құқық қағидасы

9. Мына ілімдердің қайсысы мемлекеттің пайда болу процесін обьективті түрде тереңірек қарастырады?

A) Патриархалдық

B) Теологиялық

C) Органикалық

D) Келісім

E) Тарихи – материалистік

10. Заң ұғымы бойынша Кодекс нені білдіреді:

A) Моральдық нормалардан тұратын ережелер жинағы

B) Дінге сенушілер арасындағы қатынастарды реттейтін ережелер

C) Құқық салалары бойынша құқықтық нормаларды жүйелеуден тұратын бір тұтас нормативтік акт

D) Заң негізінде және оны орындау үшін шығарылатың құқықтық акт

E) Қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің қатынастарын реттейтін мінез – құлық ережелері

11. Құқық жүйесін салаларға бөлудің негізгі критерийлерін атаңыз.

A) Заң шығарушының бақылауы (құқық шығармашылық органы)

B) Құқықтық реттеудің пәні мен әдісі

C) Құқық қайнар көзінің мінез – құлқы

D) Құқықтық сана

E) Практикалық қолданудан тәуелділік

12. Құқықтық нигилизммен күресу тәсілі ретінде халыққа құқықтық білім берудің негізгі нысынын көрсетіңіз.

A) Құқық бұзушыға қатысты жазаны қаталдату

B) Құқық бұзушыға құқықтық бақылау

C) Құқықты оқыту

D) Құқықтық реттеу

E) Жас ұрпақты құқықтық тәрбиелеу

Нұсқа 3

1. Төмендегі көрсетілген мемлекеттердің қайсысы басқару нысаны бойынша абсолюттік монархия болып табылады?

A) Великобритания

B) Қазақстан

C) Сауд Аравиясы

D) Франция

E) АҚШ

2. Өмір сүру құқықғы қай құқыққа жатады?

A) Азаматтық

B) Саяси

C) Әлеуметтік – экономикалық

D) Мәдени

E) Жеке

3. Мемлекет және құқық теориясында қоғамдық-экономикалық формация түсінігі нені түсіндіреді?

A) Өндірістік қатынас типі мен белгілі бір өндірістік тәсіл

B) Қоғам дамуынын тарихи сатылары

C) Мемлекеттің идеалды типі

E) Мемлекет нысаны, оның құрылымының элементі

D) Әр түрлі мемлекеттердің пайда болу формалары

4. Республикалық басқару нысанын білдіретін белгілер?

A) Белгіленген тәртіп бойынша басқару орнының мұрамен ауысуы

B) Шексіз билікті пайдалану

C) Мемлекет басшысында жауаптылық институтының болмауы

D) Сайлаушылар еркімен мемлекет басшысының және басқа да мемлекеттік органдардың билігін шектеу

E) Жоғарғы биліктің мұрамен ауысуы

5. Федерация – бұл…

A) Белгілі бір мақсатқа жету үшін мемлекеттердің бірігуі

B) Бірден бір бөлінбейтін мемлекет

C) Мүшелері ортақ егемендіктен басқа мемлекеттік егемендікке ие болатын күрделі мемлекеттік одақ

D) Әскери мақсаттарға қол жеткізу үшін одақтасқан уақытша мемлекет

E) Бірнеше мемлекетті біріктіретін халықаралық ұйым

6.Құқық жүйесін салаларға бөлу немесе белгілі құқықтық норманы бір құқық саласына жатқызу негізі болып табылады:

A) Сот практикасы

B) Құқықтық реттеу пәні, қағидасы мен әдісі

C) Қоғамдық қатынасқа әсер тигізу

D) Берілген идеяның негізі әсерінен заң салалары құрылады

E) Құқықтық жауапкершіліктің мінез – құлқы

7. Тұлғаның жасайтын әрекеті немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті салдарын біліп, оның зиянды зардабының болуы мүмкін екенін алдын ала сезіп, менмендікпен ондай зардаптар болмас деп сенуі. Бұл:

A) Қылмыстық менмендік

B) Тікелей қасақаналық

C) Жанама қасақаналық

D) Қылмыстық салақтық

E) Өз ісіне есеп бере алмау жағдайында болу

8. Көрсетілген анықтамалардың қайсы табиғи құқық теориясына сәйкес.

A) Құқық – бұл нормативтік актілерде көрсетілген, мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген мемлекеттің еркі

B) Заңды және жеке тұлғалардың өз әрекеттерін жүзеге асыруға арналған қабілеттілік

C) Теңдікті, бостандықты, сана, әділдік қағидаларын сипаттайтын жоғарғы, барлық уақытта қызмет ететін, мемлекеттен тәуелсіз нормалар

D) Руқсат етілген және тиым салынған, мүмкін және қажетті, құқыққа сәйкес және құқыққа қарсы критерийлер

E) Қоғамда үстемдік етуші таптың мүддесін білдіретін күрделі, көп жақты феномен

9. Құқық – бұл…..

A) Жылдар бойы қолданумен әдетке айналған тарихи қалыптасқан мінез – құлық ережелері.

B) Діни шараларды өткізуде міндетті мінез – құлық ережелері

C) Белгілі бір мемлекеттің сотының шешімдерінің біріктірілуі

D) Ар – намыс, қадір – қасиет, жақсылық пен жамандық туралы түсінікпен қалыптасқан мінез –құлық ережелері

E) Қоғамның әділдік туралы түсініктерін білдіретің, мемлекетпен құрылатын және қажетті жағдайда мәжбүрлі түрде орындатылатын жалпыға міндетті ережелер жүйесі

10.Романо – Германдық құқықтық жүйесі бар мемлекетті атаңыз.

A) Франция

B) Үндістан

C) Англия

D) АҚШ

E) Филипины

11. Техникалық нормалар – бұл…

A) Адамдар арасындағы қатынасты реттейтін мінез – құлық ережелері

B) Әділдік, жақсы мен жаман туралы түсінікке сәйкес ереже

C) Шіркеумен қабылданған мінез – құлық ережелері

D) Мемлекетпен қорғалатын салт – дәстүр

E) Техникамен, табиғатпен, өндіріс құралдарымен дұрыс қолдану ережелері

12. «Нормаларды мемлекеттік ресми тәсілдерімен білдіру және бекіту, жалпы ережелерге жалпы міндетті заңды маңыздылық беру» анықтамасын қай түсінікке жатқызуға болады?

A) саяси деклорация

B) мораль қағидалары
C) құқық қайнар көздері
D) мемлекеттік бұйрық
E) құқық принциптері

 

Бақылау жұмысы:

1 вариант - А Е аралығындағы текті студенттерге

2 вариант- ЖЛ аралығындағы текті студенттерге

3 вариант- МЯ аралығындағы текті студенттерге

Нұсқа -1.

1-тапсырма