Ресейдің Қоқан, Бұхар және Хиуа хандықтарын жаулап алуы
Патшалық Ресей Орталық Азияны жаулап алуды қазақ далаларынан бастады. Бұл шапқыншылық қазақ даласын толығымен жаулап алумен аяқталды. Қазақстан Ресей қарамағында бола түрса да, бірқатар оңтүстік аудандар өздерін «бағынушы» деп санамады. Сондықтан патша соларды Ресейге қосуды мақсат етті. Патша үкімет алдағы күнде Орта Азияға шабуыл үшін негізгі база ретіңде ертерек қазақ даласын айналдыра бекініс шептерін салған болатын. Осы кездің өзінде-ақ Орск-Троицк (1835-1837 ж.ж.), Торғай-Ырғыз (1845 ж.) бекініс шептері болды. 1847 ж. Сырдария сағында Арал-Раин бекінісі салынды. Алдағы уақытта Орта Азия ішкерілей енуде Сырдария сағасы ерекше маңыз атқарады. Келесі шеп Ертіс бойымен өтеді. Мүна Семейден Сергиополь және Қапал арқылы қазіргі Алматыға дейін бекіністер салынды. Бұл жолдардың түйісі қазақтың үш жүзін бірдей жан-жағынан қоршауға мүмкіндік берді. 1853 жылы Орынбор геңерал-губернаторы Перовский Сырдарияға тағы да жорық жасап, 1 ай ішінде Ақмешіт қаласын жаулап алды. Ол жерге орыс әскерлері орна-ластырылды. Одан кейін осы өзен бойына жоғары қарай 5 бекініс тұрғызылды. Сонымен, Сырдария бекінісі Қазақ-станды оңтүстік батысынан және оңтүстіктен қамтиды. Мүның барлығы 60-жылдың басындағы басқыншылдыққа дайындық база еді. Патшалы Ресей Орта Азияға жылжу жайлы көп айтқан, бірақ 1860 жылға дейін ішкі және халықаралық жағдай сенімдірек болуға жол бермеді. Алайда 60-жылдардан бастап, Орта Азияны отарлауға бет бұрылып, оған жағдай туды.
1864 жылы Верныйдан (Алматы) Черняев, Перовскіден (Ақмешіт) Веревкин әскерлері шығады. Алға жылжи келе, олар бір-біріне жақындап, Веревкин Түркістанды, ал Черняев штурммен Әулиеатаны алды. Сол жылдың өзінде
осы екі шепті қосып, бүкіл Қазақстанды барлық жағынан қоршау басталды. Черняевке қоқандықтарды қиратып, Верев-кин отрядымен кездесудің сәті түседі. 1864 жылы 17 маусымда Қазақстан жан-жағынан қоршалып, ал қоқандықтар өз хандықтарының сыртқы шекарасында қалды.
1864 жылы қыркүйекте Черняев Шымкентті алу үшін»жаңа бағыт» басшысы болды. Ол кезде Орта Азияғаішкерілей өтуге мүмкіндік туды. 1864 жылы мамыр айында
батыс кавказдықтарымен соғыс аяқталып, поляк көтерілісі басып тасталды. Ішкі жағдай да біршама жақсара түсті. Бисмары Герман империясын құру үшін, Еуропадағы
одақтас Англия және Австралияға өзінің әскерін бағыттады да, Азия территориясына онша көз тіге алмады. Осы түста патша әскерлерінің Орталық Азияны жаулауы жалғаса берді.
Айтарлықтай күш көрсетуге қарамастан, орыс өскерлері Қоқан сарбаздарын қиратып, 1864 жылы қазанда Шымкент қаласын басып алды. Мүның ізімен Черняев Ташкентке жорыққа шығады, қала тұрғындары қарсылық кврсетіп, Веревкин отрядын қиратады. Ал Черняевшілер кері қайтуға мәжбүр болады. Соғыс нәтижесінде Ташкентті жаулаудың алғашқы шапқыншылықтары іске аспай қалды. Орыс әскер-лерінің Қоқан хандығына шабуылы Англияның наразы-лығын тудырды. Ағылшын үкіметі орыстарға «арнайы нота» жолдады.
Сарбаздар Ташкенттен қайтқаннан кейін, 1864 жылы қарашада Сыртқы істер министрі Горчаков барлық держава-ларға Орта Азияны басып алу өрекеттерін жасырған «нота-мен» мөлімдеме жасады. Онда былай деп атап көрсетті: «Ресейдің ешқандай жаулау жоспары жоқ, тек ез жерінің нақты шаруаларын белгілеп, «жабайы тайпалардан»қорғауда». 1865 жылы көктемде Ташкентке жаңа шабуыл жасалды.
Қаладан кішкене жоғары Шыршық өзені арқылы Ниязбек қамалын бомбалау басталды. Бұл Ташкентке өтетін негізгі жол еді. Көкек айында қамал толық алынып, қалаға қауіп төндірді. Мұндағы әскер басы Әлімқұл тығырықтан шығар жол іздеді. Бірақ ол іске аспады. Орыстар оны басып тастады. Осы кезде көмекке жаңа күш шыққан.
Бүхар әмірі Қоқан хандығындағы қиындықтарды пайдаланып, Ташкентті өз билігіне алды. Овда әскери басшы болып Бүхар әмірі Ескендір-патша сайланды, ол қаланы қорғауға тиіс болды. Мүның арасында орыстар 1865 жылы 15-17 маусым аралығында Ташкентке шабуылын бастады. Барлық тұрғындар қайсарлықпен шайқасып, көшелерде өзіндік баррикадалар орнатты. Олар ағаштарды жығып, жолды бөгеді. Хан сарайына орыс әскерлерін жібермеу үшін оған өрт қойды. Бұл үрыста орыстар артиллериямен жақсы қаруланғандықтан, үш күннен кейін қала тұрғындары тізе бүкті. Орта Азияның ең ірі қаласы осылай жаулап алынды.
Патша өкіметі бүдан кейін Черняев орнына сайланған Романовқа осы істі жалғастыруды үсынды. Ол 1866 жылы Бүхараға алғашқы жорығын бастады. Өйткені Ташкентті ал-ғаңд; үхара қоқандар жағьша шыққан еді. 1866 жылы Иржар-дағы м ірдін негізгі күштерін қиратып, Ходжентті, Үратебені, Созақты басып алдьі. Енді тек Бүхара қалды. Бірақ оған да жол ашық еді. Орталық Азиядағы жауланған территориялар 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығын құрумен біріктірілді. Басшы больш генерал фон Кауфман сайпанды. Ол осы халықтарға қарсы соғыс жариялауға, бейбіт бітімге келуге түрлі шаралар қолдануға құқылы болды.
Орыс ескерлерінің Бүхараға шабуылдары мұсылман тұрғындарының наразылығын тудырды. Бүхар әмірі «газават соғысын» жариялады. Ол 1868 жылы наурыз айында бастал-ды. Жаппай халық орыс басқарушыларға наразылығын білдірді. Мұсылман діни насихатшылар православиялық-тарға қарсы күресін күшейтті. Осыңан барып Ташкентте, Оралтөбеде және басқа да аудандарда көтерілістер басталды. Генерал Кауфман Бүхараны басып жаншу үшін 1868 жылы жаңа қорғаннан көптеген әскерлермен жорыққа шығады. Наурыз айының 2-сінде Самарқандты жаулап, оңтүстік батысқа беттейді. Ал Бүхар әміріне үлкен қол жинап, патща өскерлеріне қарсы шығуға мүмкіндік туады. Бірақ 1868 жылы 2-ші маусымда Қорған түбінде Әмір толық жеңіліске үшырады. Бұл кезде Самарқандта Кауфманға қарсы ұлттық көтеріліс басталды. Орыс бөлімдері қалаға тығылып, Шахрисябтар үрысына 1 апта бойы төтеп берді. Мүны есті-ген генерал Кауфман орыс гарнизондарына көмек көрсету үшін дереу қайта оралды. Көтерілісшілерге әмірдің жеңілісі туралы хабар жеткенде, олардың арасында іріткі туады. Шахрисябтар орыс әскеріне жалғыз төтеп бере алмайтынын сезігі, кетуді үйғарды. Ал Кауфман көтерілісшілерді ерекше қаталдықпен басып, ер адамдарды аяусыз жазалайды. Көте-ріліс жеңіліске үшьірағаннан кейін, 1868 жылы Қоқан ханымен келісім жасалады. Худояр хан жерлерін беріп, өзінің тәуелділігін мойындайды. Оның өзінде Қоқанд және Ферғана жазығының батыс бөлігі қалып, қалған басқа Шымкент, Ташкент т.б. қалалар заңды тұрде Ресей қарамағына өтеді. Сонымен қатар орыс саудагерлеріне бүкіл хандықта еркін сауда құқын беріп, кез келген тауарға салым екі жарым процент болып жарияланды.
Бүхарамен келісім 1869 жылы жасалып, патшалық жаулап алған жерлер салықтан босатылып, орыс саудагерлеріне бес жүз мың сом контрибуция төленуге тиіс болды. Оларға Қоқан хандығындағы сияқты құқықтар орнатылды. Бүхара да орыс патшалығының қол астына өтті. Өйткені Заравшан суы Бүхараға баратын, яғни кез келген уақытта су бермей, бағындыруға болар еді.
Хандармен келісімге келе отырып, Ресей ішкі саяси мақсаттарды көздейді. Ол Англияға өзінің жаулап алған хандықтарды қорғауға алғандығын және олардың төуелсіз екендігін көрсеткісі келді. Ал шындығында, хандықтар Ресейге толық бағынышты болатын. Бүхара мен Қоқанды жаулау кезінде Ресей мен Англия қарым-қатынасы өте шиеленісе түседі. Англия Ауғанстанды жаулап алу арқылы Орталық Азия шекараларына жақындауды көздеді. Ол Ресейдің Орталық Азияда жьшжуына қарсылық көрсете бастады. Ауғанстан және Қашқарда орныққан Англия Ауғанстанды Ресейге қарсы қоя бастады. Бірақ 70-жылдардың басында Ресей үшін халықаралық жағдай тиімді болды. Сондықтан Англия Ресеймен келісімге келуге мәжбүр болды. Ол бойынша Ресей Хиуа хандығын, ал Англия Ауғанстанды қорғауға тиіс. Осы шарт патшалыққа Хиуаны жаулауға жол ашты. Бұл кезде- халықаралық қатынастар патша өскерлерінің жаңа жорығына жағдай туғызды. 1870 жылы Франция және Германия арасындағы соғыс француздардың жеңілісімен аяқталды. Франция талқандалды. Бұл бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірген Париж жүмысшыларының көтерілісін өршітті. Сондықтан Англия Еуропада жақтастарының болмауынан, Ресеймен келісімге келуге мәжбүр болды. 1873 жылы көктемдегі келісімінен кейін, Ресей Хиуаны жаулауды бастады. Қозғалыс Орынбордан тура Хиуаға, Маңғышлақтан Краснаводскіге, ал генерал Кауфман Ташкенттен шықты. Орынбор өскері Маңғышлақтағы әскермен бірікті. Хиуа түбінде оларға Кауфман өскері қосылды. Красноводск әскері құм даладан өте алмай, кері қайтады, қалғандары Хиуаға жетеді, қала соғыссыз беріледі. 1873 жьшы тамыз айында Мүхаммед Рахим 11 бейбіт шарт жасады. Онда Хиуа Ресейге бағынуға тиіс болды. Әмудария өзенінің оң қанатындағы жерлер Ресейге өтті. Мүнда орыс кемелері еркін, ал Хиуада Бүхара кемелері орыс үкіметінің рүқсатымен жүзе алады. Орыс саудагерлері Хиуа жерінің сол жағына қойма т.б. салуға құқық алып, барлық салықтардан босатылды. Сонымен қатар Хиуа ханы Ресейге 2 200 мың сом контрибуция төлеуге міндетті болды. Түркімен иомудтары Головочевтің қатаң жазасын алды. 1300 адам өлтіріліп, 5 000 мал алынып, 300 000 сомға контрибуция салынды. Түркімен иомудтарының өте нашар түратындары небәрі 100 000 сом жинады. Бірақ ол ол үшін түйелерін, өйелдерінің өшекей бүйымдарын сатты, бүдан артық ақша жинай алмады. Сөйтіп, патша генералдары жаулап алынған халықтарына билік жүргізді. Ақырында орыс самодержавиесі Орта Азиядағы үш хандықты жаулап, оларды өзіне вассалды тәуелді етті. Орыс патшалығын Индиядан Англия мемлекетінің иелігіндегі Ауғанстан бөліп түратын еді. Бірақ жаулап алушылар халық көтерілісіне тап болды. Дөл осындай көтеріліс 1875 жыл Қоқанда, Үзгент қала ауданында Пулатхан және Автобачи басшылығымен болды. Көтерліс самодержавиені жақтаушы Худояр ханға қарсы бағьпталды. Көтеріліс басшылары ханды Ресейге сатьшып кеткені үшін айыптады. Олар орыс билеуші өкіметі мен ханды толық жоюды көздеді. Бұл көтерілістің ұлт-азаттық мәні болды. Олар тек орыс өкіметі емес, өз хандарын да айыптады. Худояр хан орыс әкімшілігіне қашып кетті. Орнына ұлы Насыр-Эдцин хан болды. Бірақ ол үзаққа бармады. Көтерілісшілер Ходжент, Наманган, Әндіжан, Намангай, Ферғананың шығыс бөліктерін алды. Кауфман кетерілісті тез басу үшін Қоқанды алды. Жаңа хан Насыр-Элдин қала есігін ашып, көтерілісшілерді сатып жіберді. Халық сонда да басылмады. Әндіжанда Автобачи 70 мың әскер жинады. Троцский әскерлерін Пулат хан талқаңдады. Көтерілісшілер Қоқанды алып, орыстарды қуып шықты. Осылай көтеріліс үлкен сипат алды. Орыс өкіметі Скоболев жазалау әскерін жасақтады. Ол көтеріліс ауданындағы барлық ер адамдарды дерлік қырды, ез еркімен берілгендер де жазаланды. 1876 жылы қаңтар айында Әбдірахман-Автобачи және Пулат хан берілді. 1877 жылы 19 ақпан орыс өкіметі Қоқан хандығының жойылуын (ликвидациясын) жариялап, оның орнына орыс генерал-губернаторлығының басшылығымен Ферғана облысы құрылды.