Лекция тақырыбы: XIX-XX ғғ. басындағы Орта Азиядағы түркі мемлекеттері
Жоспары:
1. Қоқан хандығы
2. Хиуа хандығы
3. Бухара хандығы
Лекция мақсаты:XIX-XX ғғ. басындағы Орта Азиядағы Қоқан, Хиуа және Бұқара хандықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын және Ресей патшалығының Орта Азия хандықтарын отарлау тарихын түсіндіру.
Лекция мәтіні: Ресей ертеден-ақ Орта Азиямен байланыста болды. IVИван кезінде-ақ саудагерлер оның рүқсатымен Орта Азия базарларына келіп, олар туралы алғашқы мәліметті жіберген еді. Ал XVIIIғасырда орыс саудагерлері Астрахан, Қазан және Орынбор арқылы Орта Азиямен сауда жүргізді. Осы уақытта хандықтың кең сауда мүмкіншілігімен, экономи-касымен және мемлекеттік өмірімен жете танысу мақ-сатында хавдыққа бірнеше экспедиция жабдықталды. IПетр Орта Азия арқылы Үндістанға өтуге тырысты. Сондықтан да Орта Азия хандығындағы жағдаймен айналысты. Ал Орта Азияға бірнеше экспедиция, оның ішінде 1714-1716 жылдары Бухгольц және 1719 жылы Лихачев Ертіс арқылы бағыт алды. Бұл экспедициялар өз жолдарында (Ертісте) бірнеше қорғандар негізін салды. Ол салынған қорғандар: Омск, Семей, Өскемен болды. Кейіннен олар солтүстік-шығыстан Орта Азияға жылжуда тірек пункттеріне айналды. IПетр 1717 ж. бірінші экспедицияны (Черкаск-Бекович) Каспий теңізінен Әмударияға жіберді. Оған Хиуаға жетуге мүмкіндік туды, бірақ Мұнда экспедицияның барлық мүшелерін жойып жіберді. Бұл экспедицияны жібере отырып, IПетр қызықты нүсқау берді: Хиуа мен Бүхараға хандықты құттықтау үшін бара отырып, қазіргі сауда ісіне тыңшылықжасауды... Әмударияныңжанына баруды, оның ағысына, сондай-ақ плотинаға көңіл аударуды, егер мүмкіндік болса, әзірше ескі ағысына назар аударуды және қалған сағаларын білуге жіберді. (Әмударияның ескі ағысы Каспий теңізіне қарай ақты). Одан әрі IПетр Әмудария арқылы Үндістанға көтерілу қажеттігін ескертті.
XIXғасырда экспедициялар тағы да жіберілді. Орта Азия үшін Ресейдің басты қарсыласы Англияға Бұл экспедиция ғылыми тұрде жіберілгендігін сьштаурата отырып, патшалы Ресей орта Азияның осы аудандарына жанталаса үмтылды. Каспий мен Арал теңізі арасын өндіріске барометрлік нивелирле (жер беті нүктелері биіктерінің айырмасын өлшеу) үшін 1824 жьшы жіберілген Берг экспедициясының құрамында: 1600 Орал, Орынбор казактары, 6 зеңбірек, құрал-сайман, 900-ден астам қос атты жеткізушілері болды. Перовскийдің 1839 жылы Хиуаға жасаған экспедициясы нағыз өскери жорық болды. Оның құрамында 5325 солдат, 22 пушка және 10 мың түйе болды. Перовскийдің жорығы сәтсіздікке үшырады, оның керуендерінің бәрі даладағы суық аяздан үсіп өлді. Тағы да сауда және ғылыми мақсатпен жіберілген бірнеше экспедицияны атап өтуге болады. 1841 жылы инженер Никифоров экспедициясы жіберілді. Никифоровтың Хиуа ханымен келіссөзі қызықты болды. Хан оны жылы шыраймен қарсы алды, Никифоровтың орыс патшалығы атынан айтқан барлық үсыныс-тілектерін қабылдады. Бірақ келесі күні хан Никифоровты қайта қабылдағавда, ол өзінің есте сақтау қабілетінің нашарлығын, кешегі айтқанын үмытып қалғанын айтты. Осы келіссөзде ешнәрсеге қол жетпеген Никифоров Ресейдің қол астын-дағы қазақ жерлеріне шапқыншылықтарын тоқтату жөнінде ханға ультиматум қойды. Ал келіспесе, онда хан әскерлерін құртатынын айтгы, қорқьпты. Бұл ханға әсер етті. Ол Ресей-мен сауда келіссөзін беісітуге келісті, бірақ та, шындығында Бұл келісім ешқандай мәнге ие болмады. Дәл осы жылы Бүхараға Бутенов миссиясы жіберілді. Миссияның құра-мында Бүхар хандығын нақты жәнеқұнды суреттеген оқымысты ғалым Ханыков болды. Бутенов миссиясына Ағылшын өкіметінің Орта Азияға табандылықпен тереңдей енуді, яғни Ресейдің Мұнда енуіне жол бермеуді көздеп отырғанын білудің сәті түсті.
Патша екіметінің Орта Азияға экспедициясы хан елшіле-рінің Ресейге келуін тездетті. Бірақ ол көп жағдайларда нақты нәтижелерін бермеді. Осылайша көптеген экспеди-цияға қарамастан, патшалы Ресейге хандықтармен мықты байланыс орнатудың сәті түспеді. Соған қарамастан, олар-мен сауда дамыды. XIXғасырдың 30-жылдарында Бұл сауда мейлінше үлкен көлемге жетті. 10 жыл көлемінде (1827- 1837 ж.ж.) Ресейге 6951 мың сом тауар өкелінсе, Орта Азияға 4375 мың сом шығарылды. Келесі 10 жылдықта (1837- 1847 ж.ж.) шеттен әкелу 8944 мыңға, шетке шығару 5027 мың сомға жетті. Ресей мынандай заттарды шетке шыға-руды: өндірістік заттар, қолөнер төсілімен шығарьшатын кездеме, қант, мақта, жіп, жүн, жібектің кейбір түрлері әкелінді. Орта Азияда барлық уақытта мақтаны шетке шығару өсті. 1840-1850 жылдары шетке мақта шығару 100 мың пүт, ал 1850-1855 жылдары 270 мың пүт болды1.
Ресейдегі капитализмнің дамуына күшті дүмпу берген XIXғасырдың 60-жылдарыңдағы реформадан кейін Орта Азиямен қарым-қатьшас біраз өзгерді. Ресейден өнеркөсіп тауарларын әкелу дамыды. Тауар өткізетін базары мен шикізат қоры үшін орыс өнеркәсіпшілері ете үлкен қызығушылық көрсететін болды. Ресейдегі капитализмнің тез дамуы патшалықты Орта Азия территорияларын жаулап алуға итермеледі. Капитализмге үмтылуда өз шекарасын кеңейту, ішкі шекара шегінде капитал салатын жаңа орта іздеу Орта Азиямен қарым-қатынаста ерекше күшін керсетті.
Орыс капитализімінің шетке үмтьшуы XIXғасырдың екінші жартысында елдің ішкі рыногінің таралуын туғызды. 60-жылдары реформадан кейін сақталып қалған көптеген крепостниктің калдықтары тез дамуға кедергі болды. Сондықтан ол ішьсі рыноктың шегінен шығуды іздеді. Бұліздеу, отар жаулап алу патшалық капиталистік дамуды басқа аудандарға бүруға және ел ішіндегі қарама-қайшылықты әлсіретуге мүмкіндік берді. Реформадан кейін жерсіз қалған кіріптар тұрғындардың бір бөлігін жаулап алған жерлерге апару жоспарланды. Сонымен, олардың ел ішіндегі помещиктерге қарсы күшін елсірету мүмкін еді. Осылайша Мұнда помещиктер мен капиталистердің ойы сәйкес келді.
Сонымен бірге, Покровский жорамалдағандай, Орта Азияны жаулау тек орыс капитализмінің ісі деген пікір қалыптаспас үшін, мәселенің Бұл жағы ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Жаулап алуға шенеуніктер өкілдері, өскери қызметкерлер де құштар болды. Олар жаңа аудан-дарда өзіне байлық жинауға, бөтен иелікке ез қолдарын емін-еркін салуға болады деп ойлады. Бұл шенеуніктер Салтыков-Щедриннің «Ташкеннің қожалары» атты рома-нында өте айқын көрініс алды. Атап айтқаңда, Орта Азияны жаулап алудан кейін «Ташкенттіктер» сөзі түрақты мөнге ие болды. Түрлі рангідегі шенеуніктер және әр түрлі ру іскерлері Орта Азияға кең толқынмен лап берді. Бұл туралы орыс сыншысы әңгімелейді.
60-жыдцары Орта Азияны жаулап алуға итермелеген тағы бір ерекше себеп болды. Бұл АҚШ-тағы мақта тапшылығын тудырған Азамат соғысы еді. Мақта негізінен, АҚШ-тан өкелінді. Орта Азия мақта шығарғанмен, ол жеткіліксіз болды. Оның Ресейге шамалы бөлігі екелінді. Америкадан мақта ала алмаған орыс тоқыма өнерквсібі американдық-тардың орнын басатын Орта Азияда мақта өндірісін дамыту үшін, Орта Азияға назарын аударуға үмтылды. Мақта тап-шылығы мақта бағасының тез өсуіне әкеп соқты. XIXғасырдың 60-жылдарының басында Орта Азия мақтасының 1 пүты 4-5 сом түрса, 1861 жылы 7 сом 50 тиын, 1862 жылы 12-13 сом, ал 1864 жылы тіпті 24 сомға жетті. Мақтаға деген сүранымының өсуі оны өндіруді үлғайтты. Орта Азияда мақта себілетін жер көлемі тез өсті.Орта Азияға шабуыл кезінде орыс патшалығы Англиямен араздасты. Англия Ресейдің Орта Азия халықтарын жаулап алуына рұқсат бермеуге ғана ұмтьшған жоқ, сондай-ақ оны өз иелігіне айналдыруды көздеді. Англия Ауғанстанға өзінің белсенділігін нығайтты. Бүхар, Қоқан хандықтарына тыңшыларын жіберді. Бұл жердегі оның барлық саясаты Ресейге бағытталды. Ағылшындар мынадай «теория»таратты. Ресей Орта Азияға шабуылдауда, ал Англия тек өзінің Индияға иеліктерін сақтап қалу мақсатымен ғана қорғануда. Ал, шындығында, Бұл ел де Орта Азияға шабуылдады және бір-біріне қарсы күресті. Ресейге Мұнда Англияға қарағанда тиімді болды, себебі Ресейден басқа Орта Азияға жақын бірден-бір мемлекет болмады.
Патшалы Ресейдің Орта Азияға жақындауын Англия Индиядағы өз иеліктеріне қауіп төнеді деп есептеді. Англия «Британ» империясы қазынасының інжу-маржанын орыс найзасының (штык) қол астында қалдырғысы келмеді. Ағылшын саясатшылары Ресей Мұнда Англияға үлкен қауіп төндіруі мүмкін деп есептеді, сондай-ақ Ресейдің Индияға барар жолы құрлық арқылы өтеді, Англия теңізге қарағанда құрлықта неғүрлым әлсіз еді.
Орта Азия хандықтарын қалайда болса иемденуге үмтыла отырып, Англия Ресейдің Орта Азияға жақындауын тоқтатуға үміттенді. Патшалы Ресейдің Орта Азия хандықтарын жаулап алуына және Британ Индиясымен көршілік қатынасты бекітуге үмтылуы, әрине , Англияның қарсылығын тудырды. Англия мен Ресейдің орта Азиядағы шиеленіскен қарама-қарсылығының мақсаты: 1. Ұлы державалар арасындағы барлық қарама-қарсылықтар мен қақтығыстарды пайдалана отырып, тиісті саясатты жүйелі жүргізу. 2. Константинопольді және Азияның барлық үлкен бөліктерін жаулауға патшалы Ресей ғасыр бойы үмтылды. Англия Ресейдің қарақшылық саясатының күшті жауы болды, сондықтан да Ресей Англияны жанындағы бөтен халықтарға билік жүргізуіне кедергі келтіретінімен қорқытты. Ресейдің Орта Азияны жаулау және осылайша Индия іргесіне бекінуі Англияның Азиядағы билігіне нақты қауіп болды. Бұл дәлел бұғаз жөніндегі сүраққа да өз әсерін тигізді. Англия мен Ресейдің Орта Азиядағы қарама-қарсылығы уақыт өте келе күшті түрге жетті. Бір сөзбен айтқанда, Орта Азияны жаулауда Ресейдің Англиямен соғысуға жақын қалған кездері де болды.
Бұғаз жөніндегі қарама-қайшылықты сипаттай келіп, К.Маркс: «Қара теңіздегі Трапезунт порты Орталық Азия мен Персия үшін, Түркістан үшін де бағалы болып табылды» деп атап көрсетті. Ал бүдан Орта Азия жөніндегі мәселе Таяу Шығыспен тығыз байланысты екенін көруге болды. Патша дипломаттары Босфорда Ресейдің нақтылы бекітіуімен Англия қарсьшығын тоқтату ерекше маңызды екенін түсінді. Қырым.соғысынан кейін, әсіресе 1857 жылы Индиядағы көтерлістен кейін Түркістанды жаулап алу патшаның агрессиялық саясатында кезек күттірмейтін іс болды.