Лекция тақырыбы: Ғұндар

Жоспары:

1. Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректер.

2. Алғашқы орналасу террриториясы.

3. Ғұндар империясының құрылуы.

4. Еуропалық ғұндар.

5. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

 

Лекция мақсаты: Еуразия даласында империялық билік құрған Ұлы Ғұн мемлекетінің тарихы ерекше орын алады. Ғұндардың тарих сахынасына шығуы, Мөденің тұсында жасалған әскери реформа, Атилланың Еуропаға жорығы және Еуропа тарихындағы ғұндардың ролін түсіндіру.

Лекция мәтіні:

Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар қытайдың әйгілі үш тарихшысы еді. Олар: Біріншісі -Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цянь (б. з. б. 135-67жылдар). Оныңеңбегі «Ши-цзи» («Тарихижазбалар») 130 бөлімнен түрады. Соңғы бөлімінде Сыма Цянь хундар, Орта Азия халықтары, оғыздар, каңлылар, үйсіндер, қырғыздар және басқалар туралы да жазыпты. Хундар туралы ол келтіретін мэліметтердің бәрі өте қысқа - үзінді түрінде.

Екінші тарихшы - Бань-Гу. Ол жазған еңбек «Цянь Хань-шу» («Батыс Хань мемлекетінің құжаттары») деп аталады. Бұл еңбек біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан басталып, біздің заманымыздың 25 жылына дейінгі оқиганы камтиды.

Үшінші тарихшы - Фай Е-нің «Хоу Хань-шу» («Шығыс Хань мемлекетінің құжаттары») - жоғарыда аталған екі тарихшының ізімен жазылған аса қунды еңбек. Бір артықшылығы - түркі халықтары туралы арнайы тарауы бар. Олар: «Чжоу-шу» («Чжоу ұлысының құжатгары»), «Бэи-ши» («Алдыңғы ұлыстар тарихы»), «Түн-дянь» («Бөгде тайпалар жылнамасы»), Тайпин хуан-юи» («Көне тарих туралы дерек») және тағы басқалары.

Еуропа тарихшыларынан хундар туралы жазған Аммиан Марцеллин - біздің заманымыздың IV ғасырындағы Рим тарихшысы. Ол біздің заманымыздың I ғасырынан V ғасырына дейінгі хувдар туралы маңызды деректер қалдырған. Оның еңбегі -»Іс-қимылдар» деп аталатын 31 кітаптан түратын шығарма. Ал Гот тарихшысы, біздің заманымыздың V ғасырында емір сүрген Иордан хундар көсемі Ругила, Аттила басқарган мемлекет туралы және Аттиланың Римге жорығы туралы, соғыстың жеңістері жөнінде ете бағалы мэліметтер келтірген.

Орыс тарихшылары ішінде аса құнды деректер жазған Бичурин Н. Я. (1777-1853)- архимандрит, орыстың белгілі кытайтанушысы, 1807 жылдан бастап 14 жыл бойы Пекиндегі Орыс діни миссиясының басшысы болып, сол кезде қытай тілін үйренеді. Негізгі еңбектері Орта және Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтардың көне тарихы мен этнографиясын қытай деректемелері бойынша зерттеуге арналған.

Хундар тарихнамасына айтарлықтай үлес косқан ғалымдар Н.А.Аристов, В.В.Бартольд, Л.Гумилев, Қ.Акишев, Г.А.Қушаев, әкелі-балалы Аманжолов С. және Аманжолов А. еңбектерін айтуға болады. Аристов Н. А. Түрік тайпалары мен халықтарының этникалык құрамы және олардың саны жөніндегі мәліметтер туралы макалалар (СПб, 1887), «Живая старина» («Тірі ескілік»), 1896; Бартольд В. В. История турецко-монгольских народов. Ташкент, 1928; Бартольд В.В. Соч., т. 5. 1964; Гумилев Л. Н. Хунны: Средняя Азия и древние времена. М., 1960; Гумилев Л. Н. Қиял патшалығын іздеу. Алматы, 1992; Акишев К., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алматы, 1963).

Хундардың шығу тегі туралы тарихшылардың зерттеулеріне сүйенсек, б. з. б. IIIғасырда хундар түркіше сөйлеген және олар қаңлы, үйсін, кырғыз т.б. жиырмадан астам түркі тайпаларымен бірге өмір сүрген. Өткен ғасырларда-ақЕуропа ғалымдары хундардың кім болғанын, Еуропаға қайдан келгені туралы ғылыми зерттеулер жүргізе бастаған. Хундар өздерін әр түрлі атаған: монғолмыз, түрікпіз, славянбыз, неміспіз, иранбыз деген жәнебасқа да халыктарды айтқан. Кейінгі жылдары қазіргі Монғолия мен Байкал өңірінде көп ғасыр өмір сүрген сюннуларды (хундарды) жамандап жазған қытай жазбалары табылды. Қытайлардың оларды жек көруінің себебі де бар еді. Сюннулар (хундар) туралы жазылған бір қолжазбада мынадай мінездеме берілген: «Дәстүрлері бойынша малдың етін жеген, оның сүтін ішіп, мал терісінен киім жасап киген, малдары шөп жеп, су ішкен, жылдың әр мезгіліне карай су, шөп іздеп олар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған. Оларда ішкі және сыртқы қорғандар жоқ, тұрақты мекен-жайлары жоқ, қалалары болмаған және жер өңдеумен айналыспаған. Әрбір еркек жауынгер болған. Соғыста құстардың тобы сияқты жауына бәрі кұлшына жабылады, ал жеңілген кезінде бытырап кетеді, сонан соң қайта жиналады» дейді.

Сюннулардың тарихы кытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы 403 жылдан басталады. Біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылы олардың көсемі Мөде еді. Ол жоғары қолбасшының баласы болғаны айтылады. Қытайлар түркілерді сюннулардың (хундардың) ұрпақтары деп есептейді.

Түркі тайпаларының көпшілік бөлігі ертеде Алтайды мекендегенін түркі халқының аңыздары, тайпа, өзен, кен, тау аттары айғактайды. Түркі халқының шығуы туралы ешқандай нақты дерек болмағанымен, хун империясы ежелгі түркі мемлекеті болып саналады.

Орыс ғалымы Н. А. Аристовтың айтуынша, б. з. б. IIIғасырда хундар түркіше сейлеген. Хун замандастарына кангюйлер, үйсіндер және Жетісу бойынан ығыстырылған сақтар (қытайша: сэ) жатады. Сол кездегі Енисейде тұрған қырғыздар қытай деректеріндегі хундар дәуірін, б. з. б. 201 жылды еске түсіреді. Ежелгі қытай транскрипциясында қырғыз деген сөз - гяныунь.

Ғасырлар бойы сахарада айтылып келген ертегі-жырды, аңызды, әңгімені ең алғаш шығарып таратқан көшпелі түркі тілдес елдер. Олардың ішінде жұртшылық жүрегінен белгілі орын алып, тарихта көрнекті ат қалдырғандар үйсін мен қаңлылар, қырғыз бен ұйғырлар, одан бергі оғыз бен қыпшақтар, карлық, керей, наймандар еді. Бұл елдердің ішінде ұйғыр мен қырғыз жұрты болмаса, өзгесінің барлығы тарихи дәуірлерде бүгінгі қазақ даласында тіршілік жасап, олардан тараған рулардың көпшілігі бері келе қазақ елінің іргесін кұруға негіз болды. Сондықтан, бұл айтқан ескі рулар жасаған мәдениет бұйымының іздері де, оның ішінде халық жыры, эпос, ою-өрнек, сәулет өнері, жұртшылық салты, елдік заңы, барлык рухани тіршілігі сахараны үздіксіз коныс еткен, олардың түбегейлі мұрагері қазақ елінің тұрмысында ашығырақ сақталды».

Бұдан шығатын қорытынды: түркілер - хун ұрпақтары, адамзат тарихында ежелден келе жатыр. Олардың қалыптасуын ежелгі Қытай, Грек, Рим жұртының қалыптасу тарихымен қатар қойып салыстыруга болады.

Ғұндардың алғашқы орналасу территориясы

Хундар жұрты үш бөлікке бөлінген. Біріншісінің ішінде сюннулар болды, олар біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың-ортасынан бастап Хуанхэ өзенінің орта тұсы мен төменгі ағысындағы қазіргі Қытай жерін және Орта, Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты.

Екіншісі - біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықта сыртқы Монғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-монғол тілінде аралас сөйлеген сэнбилер. Кейіннен сэнбилер солтүстік Вәй әулетін құрған (386-534 жылдар).

Үшіншісі - түркі тілінде сөйлеген тайпалар коныстанған орта. Мұнда Ішкі Монғолияда, Байкалда, Ордостан (Ордос - Қытайдағы өзен) Алтай, Тарбағатай, Жетісуға дейінгі жерлерді мекендеген хун тайпалары қалыптаса бастайды. Бұл тайпаларда түркі тіліңде сөйлеушілер көбірек болған, ал Бұлар бұрынғы сақ тайпаларының ұрпақтарымен көрші тұрған.

Осы аталған хундар мекендеген үш бөліктегі жерлерде түркілік және монғолдық тіл тобына жататын тайпалар одағы араласып тұрған. Ал олардың батысқа өтуі ерте басталадьь/

Бұлар Еділ мен Дунай Бұлғарларының тілдерін керсетеді (Бұлғарлар славянға жатпай тұрғанда). Қазіргі уақытта Бұлғарлардың, чуваштардың тілінің негізгі бөлігі Еділ бойындағы татарларда, гагауыздарда, құмықтарда т. б. түркі тілді тайпаларда сақталған.

Мүның бәрі біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың аяғында, біздің заманымыздың I мыңжылдығының басында болған

Ғұндар империясының құрылуы

«Сүй патшалығының тарихы» деген кітаптың «Жаграпиялық дерек» деген бөлімінде былай делінген: «Бесбалық құмды аймағының терістігі - алдыңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 223-206 жылдарда) үйсіндердің дунхудағы жері, соңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 225-220 жылдары) хуңдардың ордасы тұрған жер. Ордадағы (хундардың, әскери лагері мен әскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хундардан шекаралық аймақты босатуды талап етті. Согыстан қауіптенген ақсағалдар хундардың көсемі Модеге дунхуларға жерді беру туралы кеңес айтты. Бұған Моде: «Жер - мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сірә?»- деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, соңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шығысқа қарай жылжиды. Дунхуларға тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды талкандады, басшысын өлтірді, адамдарын және малдарын өзіне қосып алды». Хун тәңірқұтының алғашқы қадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.

Біздің заманымыздан бұрынғы 203-202 жылдары Моде Саян, Алтай және жоғарғы Енисей тайпаларын (оның ішінде Хакас аумағындағы ертедегі қырғыздарды) бағындырып, өз мемлекетінің солтүстік шекарасын түбегейлі орнықтырды. Бірак әлі де ең басты екі қарсыласы - Қытай мен юэчжилер (иран тілдес ұлы жүздер) қалып еді.

Б.з.б. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталды. Ел басына Хань династиясы келді. Оның негізін калаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын кауіпсіздендіруге тырысып, б.з.б. 202 жылдың қысында хундарға қарсы әскер шығара бастады. Бірінші қақтығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі күшінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мұны байқаған Хундар шегіністі бірден токтатып, төрт атты корпусымен императорды Байдан тауының маңында қоршауға алды. «Жеті күн бойы таудағы және одан сырттағы Хань әскерлері бір-біріне азык-түлік көмегін де, әскери көмек те бере алмады»,- деп жазады тарихшы Сыма Цянь. Батыстағы сюннулар атты әскері - ақ аттарға, ал шығыс беттегілер - тұмсығында ак дағы бар сүр аттарға, солтүстіктегілер - қара тұмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар - жирен аттарға мінген».

Императорға хундармен туыстыққа негізделген бейбіт келісім шартын жасауға уәде беруден басқа жол қалмады, яғни Модеге император үйіндегі ханшайымды беруге тура келді. Бірақ император өз уәдесін хундардың дүркін-дүркін шапқыншылығынан кейін ғана орындады, ханшамен бірге жыл сайын сыйлық беріп отыруға міндетті болды. Ол сыйлықтар - жібек маталар, шарап, күріш, әшекей бұйымдар еді. Шындығына келгенде бұл салықтар көзбояушылық еді. Хундар мен Хань арасындағы бейбіт қатынас б. з. б. 166- 163 жылдарға дейін созылды. Бұдан соң туыстық пен бейбітшілік туралы шарт кайтадан басталып, жаңарып отырды.

Моде мен оның мүрагерлері, дәлірек айтқанда, тәңірқұт Лаошаньнің ең қатал соғысты ұлы жүздермен (юэчжилермен)жүргізуіне тура келді (б. з. б. 177-176 жылдары). Күрес ширек ғасырға созылды және біздің заманымыздан бұрынғы 174-167 жылдары хундар үйсіндермен одақта болудың нәтижесінде қатты шиеленіскен соғыста жеңіске жетті. Юэчилер көсемі ұрыста қаза тауып, оның бас сүйегінен тәңірқұт Лаошань ішімдік ішетін сүйек тостаған жасатады. Бұл жөнінде қытайдың жазба дерегінде: «Хундардың тәңірқұты Аслан (Лауошань) ұлы жүздер тайпасының ханын өлтіріп, оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасаткан. Алғашында ұлы жүз тайпалары Дун Хуан мен Жылан тауы арасында отыратын, енді хундардан жеңіліп, алыстағы өңірлерге қарай ауып кеткен. Ұлы жүздер (юэчжилер) хундардан жеңілген соң Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жасап, оларды бағындырып, өз ордаларын құрған» делінген. Осылайша Бұл жолғы шабуылдар арқылы хундар мен үйсін тайпалары ұлы жүздің қоныстарын тартып алып, оларды өз боданына айналдырған.

Б. з. б. 56 жылы оңтүстік хундар тәңіркүты Хуханьенің басшылығымен шапқыншылықтан бас тартады да, қытаймен бейбіт катынастар орнатады, ал кытайлар олардың тынышталуы үшін бәрін істеді, сөйтіп 50 жылдай уақыт бойы хун - қытай шекарасында қақтығыс болған жоқ. Солтүстік хундар тәңірқұты Чжичжидің басшылығымен Орта Азияға кетіп, одақтас қаңлы мемлекетіне өтгі, бірақ Бұл жерде хундар кытайдың экспедициялық корпусына тап болып, талқандалады. Өйткені қытайлар Чжичжиді қаңлы мемлекетімен бірігіп, Шығыс Түркістандағы билігіне қауіп төндіреді деп күдіктенген. Осы тұстарда хунтайпалары ыдырап, оңтүстіктегілері қытайдың боданына айналып, солтүстіктегілері кытай әскерлерінен жеңіліп, батыска карай жылжиды. Біздің заманымыздан бұрынғы 49 жылы Барқол маңында билік құрған хун тайпаларының тәңірқұты Шөже үйсіндердің терістік өңірдегі Күнбиіне елші жіберіп, оларды өздеріне қаратпақ болады. Қытай жазба деректері бұл оқиға жайлы былай деп жазады: «Үйсіндер тайпасы хундардан келген елшіні өлтіріп, басын кесіп алып, қытай патшаларының өкілдігі тұрған жерге жібереді. Өзі 8 мың әскерді бастап, тәңірқұты Шөжеге қарсы соғысқа аттанады. Алайда бұл жолғы соғыста үйсіндердің кіші Күнбиі атанған Өжет батыр жеңіске жетпеді».

Біздің заманымыздың 48 жылы хундар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік хундардыңтағдыры негізінен Хань империясынатәуелді болды. Солтүстік хундар-Енисей (ежелгі қырғыз) тайпаларынан, әсіресе дуньху - үйсін ұрпақтарынан, сэнби-Манчжуриядан айырыла бастады. Хундардың ставкалары Батыс Монғолияға, солтүстік-батыс Сібірге, Шығыс Түркістанға ығыса отырып, біздің заманымыздың IIғасырының бірінші жартысында хун тайпаларының миграциясы әуелі Қазақстанның шығысына -Тарбағатайға және Жетісуға қарай ығысты. Осы кезде хундар өздерінің 5 ғасырдай өмір сүрген Юэбан мемлекетін құрды, ол мемлекеттің ордасы Балқаш көлінің солтүстігінде орналасты. Ал кейін хундар Батыс Сібір угор тайпаларымен бірге Орал, Каспий, Еділ маңыңдағы жерлерге коныс аударды.