Курстық жұмыстың бастапқы берілістері
Шама атауы | Өлшем бірлігі | Мәні |
1. Номиналды қуат, Р2н | [кВт] | 18,5 |
2. Қоректорабының сызықты кернеуі, Uж | [В] | 380 |
3. Айналудың синхронды жиілігі, n1 | айн/мин | 750 |
4. Полюстер саны, 2р | 8 | |
5. Ротор орамы |
| |
6. Статор орамының жалғануы |
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | 7 | |
1 | Басты өлшемдерді анықтау және электромагнитті жүктемені таңдау | 8 |
2 | Статор ойығының санын анықтау және статор орамын есептеу | 12 |
3 | Статор ойығының өлшемін есептеу | 15 |
4 | Өзекшенің өлшемін, фазалы ротордың орамын және ойықтардың санын есептеу | 19 |
5 | Ротор ойығының өлшемін есептеу | 21 |
6 | Магнитті тізбекті есептеу | 24 |
7 | Ротор және статор орамынның активті және индуктивті кедергілері | 26 |
8 | Болаттағы қосымша және механикалық шығындар | 32 |
9 | Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық мінездемелері | 34 |
Қорытынды | 42 | |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі | 43 |
КІРІСПЕ
Электр машиналары электр станцияларында, өндірісте, транспортта, авиацияда, автоматты басқару және реттеу жүйелерінде тұрмыста кеңінен қолданылады. Олар механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіреді.
Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіретін машина генератор (өндіргіш) деп аталады.
Электр энергиясын механикалық энергияға қозғалтқыш (двигатель) арқылы түрлендіреді.
Кез келген электр машинасын әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде пайдалануға болады. Оның екі жақты энергия түрлендіргіш қасиеті машинаның қайтымдылығы деп аталады. Ол бір текті токтың электр энергиясын (жиілік, айнымалы токтың фазалар саны, тұрақты ток кернеуі) екінші текті токтың энергиясына түрлендіруге де қолданылады. Мұндай электр машиналарын түрлендіргіштер деп аталады. Электр қозғалтқыштарының ішінде ең көп тарағаны үш фазалы асинхронды қозғалтқыш болып табылады. Бұл қозғалтқышты бірінші рет белгілі орыс электригі И. О. Доливо-Добровольский құрастырған.
Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы қарапайым және оны күтіп-баптау жеңіл. Кез келген айнымалы ток машинасы сияқты асинхронды қозғалтқыш екі негізгі бөліктен: статордан және ротордан тұрады.
Статор деп машинаның қозғалмайтын бөлігін, ал ротор-оның айнымалы белігін атайды.
Асинхронды машинада қайтымдылық қасиеті болады, яғни машинаны әрі генератор, әрі қозғалтқыш ретінде қолдануға болады. Асинхронды қозғалтқыштың жұмысы «Араго-Ленц дөңгелегі» (1-сурет) деп аталынған құбылысқа негізделген. Бұл құбылысты былай түсіндіруге болады, егер тұрақты магнит полюстерінің алдына осьте еркін отыратын мыстан жасалған деңгелекті (дискіні) 1 орналастырып, магнитті тұтқасы 3 арқылы өз осінің бойымен айналдырсак, онда мыс дөңгелек сол бағытта айналады, өйткені магнитті айналдырғанда оның магнит өрісі дөңгелектен өтіп онда құйынды токтар туғызады.
1 - сурет - Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс жасау принципінің схемасы