Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері
Бүгінгі күні ақша-несие жүйесін одан әрі жетілдіру үрдісі жалғасуда және мемлекет алдында жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер тұр:
v Ақша-несие саясатының инфляциялық аргеттеу принципіне өту арқылы инфляция деңгейін төмен деңгейде (жылына 3-4 пайыз деңгейінде) ұстап тұру.
v Теңгенің шетел валютасына қатысты нақты бағамының өсуін тежеу арқылы әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.
v Нақты секторды несиелеуді өсіру және оның ресурстық базасын кеңейту арқылы банктік жүйе мен сақтандыру рыногының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
v Қаржы рыногына қатысушылардың бақылау қызметтерін Ұлттық Банкке жұмылдыру арқылы олардың мемлекеттік реттеудегі қызметін жетілдіру.
v Қазақстанның төлемдік жүйесін Еврокеңес стандарттарына жақындату арқылы ТМД елдері арасындағы жалпы төлемдік жүйені қалыптастыру. Мұнда Ұлттық банк электрондық ақшаларды енгізу мен дамытуды жоспарлайды.
14-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Ақша жүйесінің мәнін ашып, оның қандай типтері бар екенін анықтау. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің қызметін талдау. Ақша массасына әсер ететін негізгі көрсеткіштерді атап, елдегі ақша массасын анықтау. Несиенің қандай функциялары ең маңызды? Қазақстандағы несие саясатына шолу жасап, несиенің қай түріне сұраныс көп екенін зерттеу. Мемлекетте ақша-несие саясатын жүзеге асыратын негізгі субъект – Ұлттық банк екенін білесіздер, осы банктің қазіргі кездегі қызметіне талдау жасау. Қазақстан Республикасында банктің көрсететін қызметіне қарай қандай банктер бар? Анықтау. Ислам Даму Банкі Қазақстанда қандай рөл ойнайды?
15-тақырып. Әлемдік экономика қалыптасуының негіздері