Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен 1000% және одан да жоғары өседі.

Екінші белгі бойынша инфляция балансталған және баланстанбаған инфляция болып бөлінеді. Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауарлар мен қызметтер көрсетудің бір-біріне қатынасында баға өзгермейді, ал баланстанбаған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі пропорцияда өзгереді. Ол шағын және орта бизнестің дамуына кедергілер келтіреді.

Үшінші белгі бойынша күтілетін және күтілмейтін инфляция болып бөлінеді. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляцияда бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды нашарлатады.

Басыңқы инфляция оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың дамуы мен бартерлік іс -әрекетте көрінеді. Басыңқы инфляция мемлекеттің бағаны сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады.

Инфляцияның өлшенуі:

 

ТБИ а.ж.-ТБИ б.ж.

Инфляция деңгейі (баға индексі)= ------------------------- 100%

ТБИ б.ж.

Инфляцияның табысқа тигізетін ықпалын түсіну үшін ақшалай немесе номиналды және нақты табыс арасындағы айырмашылықты білу қажет. Номиналды табыс – бұл жалақы, рента, процент немесе пайда түрінде алатын ақша саны. Нақты табыс – номиналды табысқа алуға болатын тауарлар мен қызметтердің саны. Егер номиналды табыс баға деңгейіне қарағанда жоғарғы қарқынмен өсетін болса, онда нақты табыс көтеріледі.

Инфляция – жалпы бағаның өсуімен болатын тұрақты тенденция. Инфляция жағдайында бағаның әртүрлі типі бірдей өзгермейді. Кейбір бағалар тез өседі, екіншілері жай өседі, ал енді біреулері өзгеріссіз қалады.

Дефляция – жалпы бағаның түсуінен болатын тұрақты тенденция.

Дезинфляция – инфляция деңгейінің төмендеуі, сұраныс инфляциясы артық жиынтық шығындарының салдары сияқты пайда болады. Шығын инфляциясы өнім бірлігіне орта шығындардың өсуімен жиынтық ұсыныстың өсуі негізінде пайда болады.

4. Жұмысбастылық пен инфляция арасында байланыс бар. Бұл байланыс экономист Филлипспен көрсетілген. Қисық инфляция деңгейі аз болған жағдайда жұмыссыздық жоғары, ал инфляция өскенде жұмыссыздық азаятындығын көрсетеді. 1958 ж. Филлипс номиналды жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастырды. Ол келесі шешімге келді: жұмыссыздық дәрежесінің төмендеуі, бағаның және жалақының өсуімен бірге болады (Филипс қисығы).

 

Инфляция

А

3

 

2

 

 

1

D

 

 

1 2 3 жұмыссыздық (%)

 

 

Қаншаға инфляция дәрежесі жоғары болса, соншаға жұмыссыздар үлесі төмен. Мемлекеттің араласуы жиынтық сұранысты көбейтіп отырып, жұмыссыздықтың дәрежесін төмендете алады. Осы жағдайда пайда болатын еңбек нарығындағы күйзеліс жалақыны, бағаның инфляциялық өсуіне жағдай жасайды.

Инфляцияны төмендету үшін сұранысты шектейтін саясат жүргізу керек. Ал ол өндірістің қысқаруына және жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдай тек қысқа мерзімге тән. Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздықтың өте төмен дәрежесі инфляцияның өсуінен сақтайды.

Статистика көрсеткіштері көрсеткендей, инфляцияны 1% төмендету үшін жыл бойы жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі 2% жоғары болуы керек. Еңбекке деген сұраныс жоғары болған жағдайда өзіне қажетті жұмысшыларды тарту үшін жұмыс берушілер жалақының жоғарғы ставкасын ұсынады. Жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі. Бірақ бұл жағдай қысқа мерзімге тән сипат. Ұзақ мерзімде (5-10жыл ) жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейінің өзі инфляция өсімімен сақталмайды. Инфляцияны 1%-ке түсіру үшін жыл бойына жұмыссыздық 2% табиғи деңгейден жоғары болуы тиіс. Бірақ бұл жағдай да бір шешімге келген емес.

Өндірістің терең құлдырауы, яғни экономикалық өсімнің тоқтауы стагнация деп аталады. Инфляцияның стагнациямен қатар жүруі стагфляция деп аталады.

 

12-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Жұмыссыздықтың түрлерін анықтап біздің елде қай түрі басым екенін қарастыру. Мемлекетте жұмыссыздық деңгейін есептеу. Жұмыссыздықпен күресу үшін мемлекетте қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр? Оукен заңы арқылы нені анықтаймыз? Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланысты қарастырып, талдау. Инфляция деңгейін есептеп, оның зардаптарын қарастыру. Инфляцияның пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?