2. Жұмыссыздыққа ЖҰӨ әсері. Оукен заңы

3. Инфляцияның мәні, түрлері, себептері

4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы

 

Мақсаты: жұмыссыздықтың мәні мен себептерін анықтау, еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, Оукен заңын есептеу, инфляцияның түрлерін қарастыру, инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастыру.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Жасырын жұмыссыздық, фрикциондық жұмыссыздық, маусымдық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, ұшқыр инфляция, баяу инфляция

Дәріс мәтіні

1. Жұмыссыздықтың негізгі түрлері: фрикциондық, құрылымдық, циклдық, маусымдық және жасырын.

Фрикциондық жұмыссыздық - жұмыс іздеу және оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздық тұлғалар үшін олардың сәйкес біліктілік және индивидуальдық талабына жұмыс іздеудің белгілі бір уақытын қажет етеді. Кейбір адамдар өздерін күрделі және жоғары төленетін жұмыстарды орындауға қабілеттілігін сезінеді және сондай жұмыс орындарын іздейді. Ал кейбіреулері жұмыс орындарындағы талаптарға сәйкес келмей ақысы төмен жұмыс іздеуге мәжбүр болады. Еркін нарықтық қоғамда әртүрлі себептер бойынша өзіне ыңғайлы жұмыс іздейтін әрқашанда адамдардың белгілі бір саны болады. Бұл процестер еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды және олардың тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді.

Құрылымдық жұмыссыздық. Өндіріс құрылымы өзгеріссіз қала алмайды. ҒТП және технологиялық өзгерістер нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс құрылымы да өзгереді. Кейбір мамандық түрлеріне қажеттілік қысқарады, ал кейбіреулері мүлдем жоғалуы мүмкін. Бұрын болмаған жаңа мамандықтарға сұраныс пайда болады. Жұмыс күшінің құрылымы баяу өзгереді және өндірістің жаңа құрылымына сәйкес келмейді. Осының салдарынан пайда болатын жұмыссыздық құрылымдық жұмыссыздық деп аталады.

Циклдық жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейінің шынайы деңгейден айырмашылығымен түсіндіріледі. Экономиканың циклдық құлдырау жағдайында капитал және тұтыну тауарларына сұраныстың жеткіліксіздігі өндірістің қысқаруына алып келеді. Бұл циклдық жұмыссыздықтың пайда болуына негіз болады.

Толық жұмысбастылықтың анықталуы. Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық экономикада сөзсіз кездесетін жағдай, сондықтан да олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды. Егер циклдық жұмыссыздық жоқ болса жұмысбастылық толық болады. Сонымен жұмыссыздық- еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс істемеуі. Еңбекке қабілетті адамдар (жұмыс күші) – жұмыс істейтін және істемейтін жұмысшылардың жалпы саны.

Жұмыс күші= жұмыс істейтіндер саны+жұмыссыздар

Жұмыс күшіне жатпайтындар: 16 жасқа дейінгілер, арнаулы мекемедегілер, жұмыс күші құрамынан шыққандар. Жұмыссыздықты сандық сипаттау үшін оның деңгейінің көрсеткіші қолданылады:

Жұмыссыздар саны

Жұмыссыздық деңгейі = -----------------------------------*100%

Жұмыс күші

2. Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді? Эконом белсенділік пен жұмыссыздық арасындағы сандық өзара байланысты белгілеген Оукен заңы. Бұл заңға сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейден 1%-ке өсу ЖҰӨ көлемін 2.5%-ке азайтады. Осы 2,5 Оукен коэффициенті деп аталады. Бұл 1:2,5 қатынасы жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздық пен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.

Мысалы, құлдырау жылдарында жұмыссыздық деңгейі – 9,5% немесе 6% табиғи деңгейден 3,5% -ке жоғары. Осы 3,5%×2,5 Оукен коэффициентіне көбейтіп ЖҰӨ -нің арта қалу көлемі 8,75% құрағанын көреміз. Басқаша айтқанда толық жұмысбастылық жағдайында жұмыссыздық деңгейі болатын болса ЖҰӨ 8,75% көп болған болар еді . Оукен заңы 2 бөліктен тұрады.

1) ЖҰӨ өсімінің белгілі бір шамасы тек қана жұмыссыздық деңгейін өсірмеу үшін қажет. Жұмыс күшінің саны жыл сайын өседі, ал оны қолдану бұл кезде одан әрі өнімді болады. Осы себептер бойынша 2,5 тен 3 %-ке дейін нақты ЖҰӨ жыл сайынғы өсімі жұмыссыздықты бұрынғы деңгейде ұстап тұруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет

2) Қарқынды өсім жұмыссыздықты азайтады, ал өсу қарқынының төмендеуі жұмыссыздардың үлесін ұлғайтады. Егер өсім қарқыны мысалы, 3 тен 5,5% -ке дейін өсетін болса, жұмыссыздық үлесі шамамен 1 % -ке түседі. Оукен заңының маңызды аспектісі оның екінші бөлігі, яғни 2:1 ережесі табылады. 2:1 ережесі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін эконом өсім қандай болуы тиіс екендігін көрсетеді.

Айталық, жұмыссыздық үлесі 8%, ал үкіметтің міндеті оны 6%-ке төмендету. Бұл салықтық ынталандыру ақша саясаты арқылы экономикалық өсудің жоғарғы темпіне қол жеткізуді білдіреді. Бірақ экономикалық өсу қандай болуы тиіс? Жұмыссыздық жыл ағымында 2%-ке түсуі тиіс. Бұл үкімет алдағы жылы нақты ЖҰӨ өсу қарқынын шамамен 6,5% деңгейінде қамтамасыз етуі тиіс екендігін білдіреді. Оның 2,5% жұмыссыздық деңгейін өткен жыл деңгейінде сақтау үшін қажет, ал тағы да 4% жұмыссыздық деңгейін 2%-ке қысқарту үшін қажет.

 

3. Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануынан болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Инфляцияға ықпал етуші факторлар мыналар:

1. Мемлекет секторының өсуі және мемлекеттің экономикаға араласуы. Бұл мемлекеттік шығындар мен табыстардың теңсіздігіне алып келеді, ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығын туғызады. Бұл жағдайда Орталық банк тапшылықты банкнот эмиссиясымен, ал коммерциялық банктер несиені кеңейтумен, яғни депозиттік-чектік эмиссиямен өтей алады. Нәтижесінде ақша санының өсуімен олардың құнсыздануы орын алады.

2. Бір жағынан трансұлттық корпорациялар ретінде жеке биліктік ірі институттардың пайда болуы, екінші жағынан кәсіпорындардың пайда болуы. Қандай да монополист бағаның жоғарғы дәрежесін ұстап тұруға мүмкіндік беретін тапшылықтың болуын қалайды. Кәсіподақтар да өздерінің мүшелерін қолдау мақсатында осындай саясатты жүргізеді. Бұл баға мен жалақының өсуіне алып келеді.

3. Тауар тапшылығы сұраныстың ұсыныстан алшақтануына алып келеді және осының негізінде бағаның өсуі.

4. Жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтығы

5. Ұлттық экономиканың ашықтығының өсуі және әлемдік шаруашылық байланыстардың кеңеюі "импортталған инфляцияның" қауіптілігін тудырады.

6. Қағаз ақшалардың эмиссиясына бақылаудың болмауы. Бұл нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының пайда болуына алып келеді. Нәтижесінде тауарларға баға өсіп, инфляциялық процестерге негіз пайда болады.

7. Экономиканың рационалдық емес құрылымы. Инфляцияның пайда болуы ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Инфляцияның сыртқы себептеріне сыртқы саудадан түсетін түсімдердің қысқаруы, төлем және сыртқы сауда балансының теріс сальдосы жатады. Ішкі себептеріне халықшаруашылық құрылымдарының деформациясы және шаруашылық механизмнің кемшіліктері жатады.

Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

- ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;

- өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғарғы мөлшерде жұмсалуы;

- өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;

- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;

- мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғарғы деңгейі;

- басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.

Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Инфляция ашық және басыңқы инфляция деп бөлінеді.

Ашық инфляция- еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңділік сұраныс жағына қарай өзгерсе және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция деп атаймыз. Ашық инфляция бірнеше көрсеткіштер бойынша жіктеледі:

1.Бағаның өсу қарқыны

2.Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы

3. Инфляцияның күтілуі және алдын-ала болжануы

Бірінші белгі, яғни бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляция 3 түрге бөлінеді:

· Баяу

· Қарқынды

· Ұшқыр

Баяу инфляция кезінде бағалар баяу өседі (жылына 10%-ке дейін). Инфляция 2-3 % болған жағдайда нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Мысалы, 1992 жылы инфляция Францияда –2,7%, Германия мен АҚШ-та –3,8% құрады.

Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи өседі (жылына 20%-тен 200%-ке дейін). Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшыратады (тұрғындардың өмір сүру деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды).