Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы: сұраныс, ұсыныс факторлары.

Ұсыныс факторына мыналар жатады:

- табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

- халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы;

- негізгі капиталдың болуы;

- өндіріске қолданылатын технология деңгейі.

Осы факторлар өндіріс көлемінің өсуін физикалық мүмкін етеді. Тек ғана сапасы бойынша жақсы ресурстардың көп саны технологиялық потенциалды қоса нақты өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда өсуге ықпал ету мен өсудің өзін айыра білу керек. Біріншіден, өсу сұраныс факторларына тәуелді. Өспелі өндірістік потенциалды жүзеге асыру үшін экономика кеңеймелі ресурстар көлемінің толық қолданылуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жиынтық шығындар деңгейінің артуы талап етіледі. Екіншіден, экономикалық өсуге бөлу факторлары да ықпал етеді. Өндірістік потенциалды мақсатқа сай пайдалану үшін тек ғана экономикалық айналымға ресурстардың толық тартылуы қамтамасыз етіліп қоймай, сондай-ақ олардың тиімді қолданылуы қажет. Өндірісті өсіруге қабілеттілік жалпы өнім шығару көлемін кеңейту үшін жеткіліксіз. Ресурстардың нақты көлемін қолдану мен оларды пайдалы өнімнің максимальды санын беретіндей бөлу қажет.

Экономикалық өсудің сұраныс факторына мыналар жатады:

- еңбек ақы мөлшері;

- мемлекеттің фискалдық саясаты;

- халықтың қор жинау бейімділігі.

Факторлардың өсуі әсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады: олар көп факторлы және екі факторлы модельдер. Көп факторлы модель – барлық аталған факторлардың өсуіне әсер етеді. Жалпы осы факторлардың бірлесіп әсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Әртүрлі факторлардың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санына әсерін тигізеді. Екі факторлы модельге еңбек және капитал жатады. Екі факторлы модельді екі вариантпен құруға болады: біріншісінде ҒТП есептелмейді, екіншісінде ҒТП есептеледі. Егер ҒТП болмаса, онда капитал қорлануы баяулап, ақтық өнім төмендеуіне алып келеді және экономикалық өсуді азайтады. ҒТП-тің орындалу шартында капитал және еңбек өнімділігі артады, инвестицияны өсіреді.

 

11-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Экономикалық циклға әсер етеін факторларды анықтап, дағдарысқа қарсы іс-шараларды уақтылы пайдалануды қарастыру. Циклдың фазаларына тән қасиеттер. Экономикалық өсу типтері, факторлары және модельдері. Қазақстан Республикасында экономикалық өсуді анықтайтын көрсеткіштерді талдап, анықтаңыз.

 

 

12-тақырып. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы функциясы

 

1. Жұмыссыздықтың мәні және себептері