1.2. график. Жиынтық сұраныстың қисығы.

 

Р

 

Р1

А D 2

Р2

А D 1

А D

 

Q 1 Q 2 ЖҰӨ

Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі.

Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.

1.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.

 

 

Р А S

3

 

2

1

 

Q

 

Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық, ұзақ мерзімде - АS - тік сызық. 1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім 2 – аралық мерзім 3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім.

 

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.

- Нарықтық құрырылымы.

- Өнімділік.

- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

9-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Макроэкономика экономиканың қандай мәселелерін қарастырады? Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді дұрыс талдай білу. Оларды есептеу амалдарын анықтау. Макроэкономикалық тепе-теңдік дегеніміз не және ол бұзылған жағдайда қандай жағдай қалыптасады?

Тақырып 10. Макроэкономикалық (жалпы) тепе-теңдік және әл-ауқат.

  1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы.
  2. Ұлттық экономика масштабындағы жинақ және тұтынудың кейнсиандық талдауы.
  3. “АD-AS” үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.

Мақсаты: Макроэкономиканың қалыптасу заңдалықтары мен макроэкономикалық қайшылықтардың туу себебін түсіндіре отырып, оның зардаптарын азайтудың жолдарын қарастыратын модельдерді терең талдау жасау.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Ұлттық экономика және макроэкономикалық тепе-теңдік; Апат-катастрофа теориясы; Жалпы және ішінара тепе-теңдік; Л.Вальрас тепе-теңдігі; Жеке табыс; Жиынтық сұраныс; Жиынтық ұсыныс; ЖҰӨ-нің дефляторы; Қолда қалған табыс; Макроэкономика; Таза ұлттық өнім; Тұтыну бағаларының индексі; Ұлттық есеп жүйесі; Ұлттық табыс; Үнемшілдік шегі; Тұтыну қоржыны; Күнкөріс шегі; Кедейлік.

Дәріс мәтіні

Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін экономикалық ілімнің бөлімі. Макроэкономика экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары болып үкімет, кәсіподақ, орталық банктер, өндірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады. Макроэкономика тауар көлемі мен бағасын агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады. Мұнда ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.

Макроэкономикалық аспектіде ұлттық экономиканың құрылымы елдің өндірістік ресурстарының бір-бірімен нақты қалыптасқан қатынастар жүйесімен олардың мөлшерінің экономикалық агенттер арасында өндіріс бөлумен, сонымен қатар ұлттық өнімнің өндірілу, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде қалыптасқан құрамдық бөлінуімен сипатталады.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.

Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдік болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді.

Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда да осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын нөлге тең болады.

Ұлттық экономикалық тепе-теңдікке жету үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Оның мәні: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық коньюктураның жағдайын үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болушыларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлеміне өсіреді, немесе төмендетеді.

Экономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық субьектілердің болжауларының қателіктерінің немесе мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық коньюктураның ауытқуларын жатқызады. Бұл жағдайда, экономикалық субьектілердің күтімдеріне сәйкес келетін экономикалық болмыстың практика жүзінде қандай болмасын, ол тепе-теңдік болмысы деп ұйғарылады. Ал эконмикада рационалды субьектілер әрекет еткендіктен, олардың күтімдері орынды деп есептеледі, оларды тепе-теңдікке жету үшін мемлекеттің кірісуі қажет болмайды.

Ұлттық экономикалық қызмет ету нәтижесін өлшеу үшін теория мен шаруашылық практикада әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштердің бірнеше түрі ұлттық өндірістің көлемінің шамасын бағалау үшін қолданылады. Оған жататындар: жалпы қоғамдық өнім, түпкі қоғамдық өнім, таза қоғамдық өнім, таза ұлттық өнім, жалпы іштік өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, арадағы өнім.

Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем практикасында 1953 ж. бастап қолданылып келеді.

10-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Макроэкономика экономиканың қандай мәселелерін қарастырады? Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді дұрыс талдай білу. Оларды есептеу амалдарын анықтау. Макроэкономикалық тепе-теңдік дегеніміз не және ол бұзылған жағдайда қандай жағдай қалыптасады? Кедейлік. Әл-ауқат. Күнкөріс. Тұтыну қоржыны ұғымдарын талдау.