3- тақырып. Экономикалық жүйелерге теориялық сараптама және меншік
1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
2. Меншік объектілері мен субьектілері.
3. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.
4. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері
5. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелерде шешу тәртібі
6. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі
Мақсаты: Меншік институты ұғымын жан-жақты қарастыру, әсіресе жеке меншікті талдауға басты назар салу арқылы, оның нарықтық жүйедегі рөлін көрсету. Экономикалық жүйені және оның түрлерін қарастыру арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіндіру, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін көрсету. Экономикалық жүйелердің мәнін, экономиканың негізгі проблемаларын мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру. Нарықты экономика туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, оның негізгі құрылымдарын, институттарын қарастыру және құнның (бағалылықтың) еңбектік және шекті пайдалылық теорияларын қарастыру, осы аталған түсініктерді кейінгі тақырыптарды оқығанда қажеттігін түсіндіру.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Жекешелендіру, Иемдену, Меншік, Меншік объектілері, Меншік субъектілері, Меншікті мемлекет иелігінен алу, Қоғамдастыру,Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі, Табысты бөлу әдістері, Оноре тізімі, Иемдену құқығы, Пайдалану құқығы, Басқару құқығы Дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршілік жүйе, аралас экономика, нарықтық экономика
Дәріс мәтіні.
Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет.
Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.