Қоғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс | Материалдық емес өндіріс |
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. | Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары. |
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Ұдайы өндірістің типтері
жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.
2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.
Тиімділік проблемасы экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды мейілінше дұрыс пайдалануы жолдарын зерттейді.
Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше.
Теориялық экономикада әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді:
- тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды;
- фирмалар - пайданы максималдауды;
- мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін сипаттайды.
2-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау
Қарастырылып отырған тақырыпты зерттей отырып, өндіріс және өндірістің түрлерінің мәнін толық аша білу керек. Өндіріске қажетті ресурстардың түрлерін, олардың мәнін, айырмашылығын ажырата білу қажет.
Тақырыпта өндірістің мәнін толық аша отырып, оған қажетті өндіріс фаторларын атаңыз. Әрбір өндіріс факторына қатысты жеке сипаттама беріңіз, олардың қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада алатын орны қандай?
Өндіріске кеткен шығындардың сызбасын анықтаңыз.