Тақырып 8. Өндіріс факторларының нарығы және табысты бөлу.
Талқылау сұрақтары.
1.Өндіріс факторлары базарының жұмыс жасау ерекшеліктері. Өндіріс факторларына сұраныс. Өндіріс факторларының сәйкестенуі.
2.Еңбек базары оның мәні мен ерекшеліктері. Еңбекке сұраныс пен ұсыныс.
3.Жалақы формалары және мәні.
4.Ел табысы: түрлері мен жасалу көздері. Нақты және тұрақты табыстар.
5.Капитал базары және оның құрылымы. Капитал инвестиция ретінде.
6.Капиталдың ауыспалы айналымы мен айналым. Негізгі және айналым капиталдары. Негізгі капиталдың физикалық және моральдық тозуы. Амортизация.
7.Жер базары. Жер сұранысы мен ұсынысы.Жер рентасы. Жер бағасы.
Тақырып 9. Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы, нәтижелерін есептеу.
Талқылау сұрақтары.
1.«Ұлттық экономика» категория. Макроэкономикалық талдау ерекшеліктері. Ұлттық экономика құрылымы. Ұлттық байлық және экономикалық әлауқат.
2.Қоғамдық әлауқат және адами даму.
3.Ұлттық санақ жүйе.
4.Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) және жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). ЖҰӨ сипаттау көрсеткіштері. ЖҰӨ есептеу әдістері.Ұлттық санақ жүйесінің басқа да көрсеткіштері.
Тақырып 10. Жалпы тепе-теңдік және әлауқат.
Талқылау сұрақтары.
1.Жалпы және ішінара тепе-теңдік. Табысты үлестіру. Тиімділік және әділеттілік.
2.Халықтың әлауқаты. Халық әлауқатының критерилері мен көрсеткіштері. Тұтыну қоржыны. Күнкөрістің төменгі шегі.
3.Әлауқат деңгейі өсуінің шарттары. Теңсіздік. Лоренц қисығы.