Дәріс 15. Әлемдік экономика қалылтасуының экономикалық негіздері.
Әлемдік шаруашылықтың мәні. Әлемдік шаруашылық байланыстарының пайда болу көріністерінің негізгі формалары. Халықаралық сауда және сыртқы сауда саясаты. Капитал миграциясы. Шет елдердің тікелей және портфельдік инвестициялары. Халықаралық валюта жүйесі.
Заманауи әлемнің экономикалық бірлестіктері мен халықаралық ұйымдары.
Экономика ғаламдануы: шарттары, факторлары және зардаптары. Қазақстанның әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің артуы.
5.2 Семинар сабақтарының мазмұны
«Теориялық экономика және экономикалық практика» курсы бойынша семинар сабағының міндеті болып студенттерге ұлттық мүдде тұрғысынан белсенді азаматтық ұстанымды және ҚР стратегиясының әлеуметтік-әкономикалық дамындағы басылымдықтар туралы экономикалық көзқарастарды қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсат семинар кезінде экономикалық категориялар арасындағы диалектикалық байланыстарды танымдылық пен экономикалық заңдар талабын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтары мен эволюциясы туралы білімді жүйелі тәртіппен санасына сіңіру арқылы жүзеге асырылады.
«Теориялық экономика және экономикалық практика» курсының семинар сабағы танымдық, практикалық, әдістемелік және тәрбиелік функциясын атқарып,студенттердің курс материалдарын меңгергенін бақылау жасауға мүмкіндік береді.
5.3 «Теориялық экономика және экономикалық практика» курсынан семинар сабақтарының тақырыптары
Тақырып атаулары | Академиялық сағаттар саны | |
1. Теориялық экономика және теориялық практика пәнінің зерттеу әдістері мен пәні. | 1 | |
2. Қоғамдық өндіріс және экономика ғылымының негізгі мәселелері. | 1 | |
3. Экономикалық жүйелерге теориялық сараптама. | 1 | |
4. Тауар және ақша: теориясы мен практикасының эволюциясы. | 1 | |
5. Базар, оның басты міндеттері және жұмыс жасау механизмдері. | 1 | |
6. Кәсіпкерлік және фирмалар теориясы. | 1 | |
7. Өндіріс, шығындар және фирма табыстары. | 1 | |
8. Өндіріс факторларының нарығы және табысты бөлу. | 1 | |
9. Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы, нәтижесін есептеу. | 1 | |
10. Жалпы тепе-теңдік және әл-ауқат. | 1 | |
11. Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы. | 1 | |
12. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы функциясы. | 1 | |
13. Мемлекеттік шығыстар және салықтар. | 1 | |
14. Несие-ақша жүйесі. | 1 | |
15. Әлемдік экономика қалылтасуының экономикалық негіздері. | 1 | |
Барлығы | 15 |
Семинар сабақтарының тақырыптары