1. Студент лекцияға қатысып, лекцияны конспектілеуге міндетті.

2. Студент семинар сабағы сұрақтарына жауап беру кезінде ғылымның қайнар көздеріне сілтеме жасап немесе нақты автордың еңбегіне жүгіне отырып конспетісіндегі жазғандарын пайдаланып материалдарды ауызша немесе жазбаша еркін жеткізуге міндетті. Оқытушы студенттердің семинар сабағы сұрақтарына дайындық деңгейін ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып жазған коспектілерін тексереді. Егер, студент семинар сабағының сұрақтарынан туындалатын проблемаларға нақты материалдар мен статистикаға жүгініп негізгі жауап беруші студентті толықтыратын болса, онда толықтырушы студенттің жоғары баға алу мүмкіндігі артады.

3. Семинар сабағын белгісіз себептермен жіберген және қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер сол тақырыпты арнайы бөлінген СОӨЖ дегі консультация сағаттарында өтеуге және бағасын көтеруге мүмкіндігі бар. Лекцияға толық қатысқан, барлық семинар сабақтарынан дұрыс бағасы бар және әрбір семинар тақырыптарының сұрақтарына уақытылы конспект жасаған, сол сияқты екі семестрлік жұмысты сапалы орындап, уақытылы өткізіп, жұмысты қорғаған студент қана пәннен емтиханға жіберілетіндігіне үмітті.

4. Студенттердің семинар сабағындағы жауабы мен семестрлік жұмыстарды орындауы 9 балдық шкала жүйесімен бағаланады. Семинар сабағының қорытындысы 50% құрайды. Екі семестрлік жұмыстың әрқайсысын сапалы орындап, уақытылы өткізіп, қорғау 10%-дан тұрады(2х10=20%), бір аралық бақылау 10%-ға бағаланады (2х10=20%). Лекцияға қатысу 10%-ға бағаланады. Барлығы: емтихансыз 50+20+20+10=100%.

5. ЭТЭП курсы бойынша қорытынды баға: 60%-емтиханға жіберу рейтигнен тұрады және 40% емтихан бағасынан тұрады. Барлығы: 60+40=100%

 

5. Пәннің мазмұны

Сағаттардың сабақ түрлеріне қарай бөлінуі

Тақырып атаулары Күндізгі оқу бөлімдеріне академ сағ. саны Лекц семи СӨЖ СОӨЖ

Жедел.және қысқартылған акдем. сағат саны

Лекц семи СӨЖ СОӨЖ

   

1. Теориялық экономика және экономикалық практика пәнінің зерттеу әдістері мен пәні.     1 1 3 0,5   0,5 0,5 0,5 1
2. Қоғамдық өндіріс және экономика ғылымының негізгі мәселелері.     1 1 3 0,5     0,5 0,5 0,5 1
3. Экономикалық жүйелерге теориялық сараптама.     1 1 3 0,5     0,5 0,5 0,5 1
4. Тауар және ақша: теориясы мен практикасының эволюциясы.   1 1 3 1   0,5 0,5 0,5 1
5. Базар, оның басты міндеттері және жұмыс жасау механизмдері.     1 1 3 0,5   0,5 0,5 0,5 1
6. Кәсіпкерлік және фирма теориясы.     1 1 3 1   0,5 0,5 0,5 1
7. Өндіріс, шығындар және фирма табыстары.   1 1 3 1   0,5 0,5 0,5 1
8. Өндіріс факторларының нарығы және табысты бөлу.   1 1 3 1   1 1 0,5 1
9. Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы, нәтижелерін есептеу.   1 1 3 1   0,5 0,5 1 1
10. Жалпы тепе-теңдік және әл-ауқат.   1 1 3 1   0,5 0,5 0,5 1
11. Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың тұрақсыздығы. 1 1 3 1   0,5 0,5 0,5 1
12. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы функциясы.   1 1 3 1     0,5 0,5 0,5 1
13. Мемлекеттік шығыстар және салықтар.   1 1 3 1   0,5 0,5 0,5 1
14. Несие-ақша жүйесі.   1 1 3 1   0,5 0,5 0,5 1
15. Әлемдік экономика қалылтасуының экономикалық негіздері.   1 1 3 1   0,5 0,5 0,5 1
   
   

Барлығы: 15 15 45 15

8 8 8 15

 

5.1 Дәріс сабақтарының мазмұны