ТE Е T -1 109 «Теориялық экономика және экономикалық практика»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті»
Жылу энергетика факультеті
Менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасы
«Бекітемін»
ЖЭЖТИ Директоры____________ Бахтияр Б.Т..
«____»_______________2018г.
Пәндік Syllabus
ТE Е T -1 109 «Теориялық экономика және экономикалық практика»
барлық мамандықтардағы студеннттерге:
5В071800 - Электроэнергетика
Мамандықтар:
5В060200 – Информатика;
5В070200 – Автоматтандыру және басқару;
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
5В071900 – Радиотехника, электротехника және телекоммуникация;
5В100200 – Ақпараттық қорғау жүйелері;
5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету;
5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар.
Курс | 1,2 |
Семестр | 2,4 |
Кредит саны | 2 |
ECTS кредит саны | 3 |
Жалпы сағат саны | 90 |
Дәріс | 15 |
Машықтану (сем) | 15 |
ТӨЖ | 60 |
соның ішінде СОӨЖ | 15 |
Семестрлік жұмыс | 2 |
Емтихан 2,4 |
Алматы 2018
Syllabus «Теориялық экономика және экономикалық практика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды, құрастырған: э.ғ.к., доцент Нұрпейіс Е.М.
Syllabus «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының 18.06.2018 ж. мәжілісінде қарастырылып мақұлданды, №10 хаттама.
«Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі ___________Жакупов А.А.
Syllabus ЖЭТИ оқу-әдістемелік комиссиясыың мәжілісінде қаралып және (25.06.2018 ж. №5 хаттама) бекітілген.
:
1 Оқытушы:
НҰРПЕЙІС Еділ.Мейірханұлы -э.ғ.к., доцент, Д 302.
Байланыс тел.: 8(727) 292-33-90, 87074718695, 87086038705, nurpeiis_edil @mail. ru
2 Курстың аудиториялық сабақтар өткізу уақыты мен орны сабақ кестесінде көрсетілген, СОӨЖ консультация кестесі МК кафедрасы мен деканаттың (Д302) хабарландыру тақталарына ілінген.
3 Пәннің пререквизиттері: Заманауи Қазақстан тарихы
4 Оқу пәнінің сипаттары
4.1 Курстың мақсаты – студенттерді шаруашылық жүйелердегі әртүрлі типтерінің қызмет етуі мен дамуындағы жалпы заңдылықтарымен таныстыру, экономикалық жүйелердің әртүрлі деңгейлеріндегі экономикалық процестер маңызын сипаттайтын негізгі экономикалық категориялардың арасындағы өзара байланыстарды түсіндіру.
4.2 Курстың міндеттері – Негізгі экономикалық категориялардың (тауар, ақша, құндылық, шығын, пайда, капитал, т.б.) мазмұнын және олардың өзара байланысын ашуға қатысты негізгі теориялық көзқарастар қарастырылады; Экономикалық дамудың әлеуметтік құрылымы мен қазіргі экономикалық жүйелердің сапалы алуан түрлілігі туралы жалпы түсінік қалыптастырады; Қазіргі әлемдік экономикалық көзқарастардың жетістіктерімен Қазақстанда экономикалық қатынастардың әлемдік стандарттарын қалыптасу процестері оқылады; Нарықтық экономиканың жұмыс жасау заңдылықтарымен механизмі терең ашып қарастырылады; Аралас экономикаданың негізгі институттарына (нарық, меншік, акционерлік қоғамдар, биржалар, банктер және т.б.) сипаттамалар беріледі; Ұлттық шаруашылықтың дамуы мен сыртқы экономикалық саясат жүргізілуіндегі мемлекеттің (экономикалық саясаттың) ролі ашылады.
4.3 Курсты сипаттау
«Экономикалық теория және экономикалық практика» курсы оқу пән ретінде, барлық мамандықтардағы 1-2 курс студенттеріне оқытылады. Оны меңгеруге 2 кредит бөлінген.
Теориялық білім мен оны тәжірибеде қолдана білу бойынша студенттермен бірлесе және жеке танымдық жұмыс жасауда мақсатқа жету үшін оқу жұмысының келесідей формалары пайдаланылады: дәрістер, семинар формасындағы практикалық сабақтар, рефераттар және есептік-графикалық формадағы семестрлік жұмыстар, өзекті экономикалық мәселелер бойынша баяндамалар, студенттердің білімін тексеру үшін тестілер және бақылау жұмыстары.
4.4 Курстың негізгі міндеттері Курстың көмегімен өзара байланысқан келесідей міндеттер шешіледі:
1. Негізгі экономикалық категориялардың (тауар, ақша, бағалық, шығын, пайда, капитал, т.б.) мазмұнын және олардың өзара байланысын ашуға қатысты негізгі теориялық көзқарастар қарастырылады;
2. Экономикалық дамудың әлеуметтік құрылымы мен қазіргі экономикалық жүйелердің сапалы алуан түрлілігі туралы жалпы түсінік қалыптасады;
3. Қазіргі экономикалық көзқарастардың жетістіктері мен Қазақстанда экономикалық қатынастардың әлемдік стандарттарын қалыптасу процестері оқылады;
4. Нарықтық экономиканың жұмыс жасау заңдылықтары мен механизмдері ашып қарастырылады;
5. Аралас экономиканың негізгі институттарына (нарық, меншік, акционерлік қоғамдар, биржалар, банктер және т.б.) сипаттамалары беріледі;
6. Ұлттық шаруашылықтың дамуы мен сыртқы экономикалық саясаттың жүргізілуіндегі мемлекеттің (экономикалық саясаттың) рөлі ашылады.
4.5 Күтілетін нәтижелер
студент білуге міндетті:
- семестр соңында теориялық экономика және экономикалық практика курсы бойынша оқу жоспарындағы материалдарды игергені туралы білімін көрсету.
- Қазақстан экономикасының негізгі даму бағыттары мен кезеңдерін.
- ҚР қазіргі заманғы экономикалық саясатын.
студент жасай білуге міндетті:
- өздігінен күрделі және көп аспектілі (қырлы) экономикалық құбылыстар мен оқиғаларға сараптама жасап, қорытынды.
- қойылған сауалдарға ретімен логикалық тұрғыдан дұрыс жауап беріп, семестрлік жұмыстарын қорғап және пікір жазуды.
- теориялық экономика және теориялық практика курсының негізгі бөлімін оқытушының жетекшілігімен студент өздігінен оқып сараптама.
- Белгіленген екі (2) семестрлік жұмысты уақытында орындап тапсыруға. Бірінші семестрлік жұмыс теориялық тұрғыдан міндетті түрде ізденімпаздық сипатта болуы қажет. Екінші семестрлік жұмыс курс тақырыптары бойынша есептер шығарып және жаттығуларды орындауға бағытталған. Семестрлік ұмысты орындау барысында, студент теориялық білімін тәжірибе жүзінде көрсете білуі керек.
студент қандай тәжірибе жинайды
- экономикалық ақпараттарды өңдеу мен сараптама жасау тәжірибесін, жүйелеуге.
- өздігінен оқу құралдармен, электронды оқулықтармен, интернет көздерімен, бұқаралық басылымдармен, тағы басқада экономикалық материалдармен, кестелермен, графиктермен және схемалармен жұмыс жасауға.
- зерттеу жұмысына дағдылануға.
- алған білімін ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге, дағдылануға.
4.6 Курстың бағыты және идеологиясы
1. Студент сабақ кестесіне сай пән сабақтарының барлық түрлеріне (лекцияға, семинарға, СОӨЖ) қатысуға міндетті. Лекция мен семинар сабақтарынан конспект жазуға бір қалың дәптер арауы тиіс.
2. Студент барлық берілген тапсырмаларды уақытылы орындауға, семинар сабақтарының сұрақтарын талдауға белсене араласуға, семинар сабақтарының әрбір сұрақтарына конспект жасауға міндетті.
3. Белгілі себептермен жіберілген семинар сабақтарын (анықтамасы ұсынылып, деканат тарапынан рұқсат өкімі болған жағдайда) өздігінен оқып, конспект жасап оны СОӨЖ сағаты кезінде ауызша немесе жазбаша өтелу мүмкіндігі берілген. Оқытушы консультацияға арнап мамандықтар бойынша бөлек консультация кестесін ұсынады, ол кафедра мен деканаттың хабарландыру тақтасына ілінеді. Белгілі себептермен жіберілген семинар сабағының өтелу бағасы 9 балдық жүйе бойынша 4 балмен (74%) бағаланады.
4 Студент семестрлік жұмысты бекітілген график бойынша өткізуге міндетті.. Себебсіз, уақытында өткізілмеген семестрлік жұмыс бағасы төмендетіледі. Себепсіз үш (3) ,күнге кешіктірілген семестрлік жұмысқа (40-50%) аралығында балл қойылып, қорғауға жіберілмейді.
5. Лекция мен семинарларға енбей қалған тақырыптарды, студенттер оқытушы жетекшілігімен өздігінен оқиды.
6. Студент, АЭжБУ- да сабаққа қатысудың бекітілген тәртібі мен әдебі туралы ережесін сақтауға міндетті (оқытушыдан кейін аудиторияға кірмеу, сырт киіммен сабақта отырмау, ұялы телефонды сабақ кезінде өшіру, таза ұқыпты әрі жинақы киіну, аудиторияда пән сабағына қатыссыз жұмыспен айналыспау, түзу және тыныш отыру т.б.).
4.7 Бағалау көрсеткіштері