ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз?
50. Жас жігіт 16 жаста. Құрғақ жөтелге, ентігу, қалтырау, бас ауруы, әлсіздікке шағымданады. ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін басталған. Дене қызуы 38,7 C. ТЖ - минутына 22 рет. Өкпе аускультациясында: құрғақ ысқырықты сырылдар.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* жедел плеврит
*жедел бронхит
* өкпе туберкулезі
* бронх демікпесі
* оң жақ төменгі бөлікті пневмониясы
51. Ер адамда кеште қалтырау, бас ауруы, дене температурасы 39 С –қа дейін көтерілген. Таңертең тыныс алу кезінде жөтел және кеуде қуысының оң жартысында ауырсыну сезімі пайда бола бастаған. Аурудың алдында айтарлықтай гипотермия болған. Объективті: оң жақ жақ бетіндегі қызару. ТЖ минутына – 25 рет. Кеуде қуысының оң жартысы тыныс алу кезінде қалып қояды. Перкуссия - оң жақ жауырын асты аймағындағы дыбыстың қысқаруы. Оң жақта тыныс бронхиальды, сықыр естіледі.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
*жедел бронхит
* жедел респираторлы вирустық инфекция
* созылмалы обструктивті бронхиттің өршу сатысы
* бронх демікпесі, ауыр персистентті ағым
* ауруханадан тыс оң жақ төменгі бөікті пневмония
52. Әйел адам 25 жаста. Іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға және жыныс жолдарынан қанды бөліндінің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен - бір айға етеккірдің кешігуі. Алғашқы жүктілік 16 жаста үзіліспен аяқталып, метроэндометрит және аднекситпен асқынған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. пульсі минутына 88 рет. АҚҚ 120/70 мм.сын.бағ. бойынша. Іші симметриялы, аздап ісінген, пальпация кезінде гипогастрий аймағында ауырсыну сезімі байқалады. Құрсақ қуысында тітіркенудің белгілері әлсіз оң.
Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
*тубоовариальды түзіліс
*жатырдан тыс жүктілік
* киста аяқшаларының бұралуы
* аналық бездің апоплексиясы
* аппендицит
53. Ер адам 36 жаста. Іштің оң жақ бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады, ауырсыну сезімі шап және оң жақ бел аймағына беріледі. 2 сағат бұрын басталған. Ауырсыну бір реттік құсумен қосарланды. Науқас мазасыз. Дене температурасы 37,5 ° C. Пульсі минутына 100 рет , тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Іштің Оң жақ жартысында ауырсыну сезімі айқын , Ситковский симптомы оң.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* жедел аппендицит
* жедел холецистит
* жедел панкреатит
* жедел гепатит
* жедел гастрит
54. Ер адам 43 ж. Іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуға шағымданады. 3-ші күні дене температурасы 38,2 градусқа дейін көтеріліп, жүрек айну және құсу пайда болды. Анамнезінен: он екі елі ішектің ойық жарасы. Объективті: жағдайы ауыр. Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозғылт түсті. Пульс минутына 124 рет. АҚҚ 90/60 мм с.б. бойынша. Тілі құрғақ. Іші ісінген, тыныс алу актісіне қатыспайды, пальпация кезінде барлық аймағында ауырсыну және тырысу симптомдары бар. Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Бауыр перкуссиясында қорапты дыбыс.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* он екі елі ішектің тесілуі. Перитонит
* аш ішектің жоғарғы бөлігінің өтімсіздігі
* жедел аш ішектік өтімсіздігі
* он екі елі ішектің ойық жарасының өршу сатысы
* асқазан жарасының тесілуі
55. Жас жігітте кенеттен кофе тәрізді құсық, мелена, әлсіздік, жүрек айну пайда болды. Тексеру мәліметтері: тері жабындыларының айқын бозаруы. АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. бойынша
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* өкпелік қан кету
* ішектен қан кету
* Меллори-Вейсс синдромы
* асқазаннан қан кету
* геморроидальды қан кету
56. 30 жастағы әйел кісі. 10 күн бойы жыныс жолдарынан қанды бөліндінің бөлінуіне , әлсіздікке шағымданады. Осындай қан кету әйелдерде 25 жастан бастап жиі кездеседі. Босануы – 2 рет, түсік тастау – 1рет. Объективті: терісі бозарған, тахикардия, АҚҚ 100/60 мм с.б.бойынша. Бөлінде қан аралас, көп мөлшерде.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* дисфункционалды жатырлық қан кету
* жатырдан тыс жүктілік
* ювенильды қан кету
* жасанды түсік тастау
* түсік тастау
57. Бала 3 жаста, анасының айтуы бойынша жамбас аймағындағы қатты ауырсынуына шағымданады, 12 сағат бойы зәр шығармаған. Аурудың ұзақтығы шамамен 3 сағатты құрайды. Қарап тексергенде: жамбас үстінде шар тәрізді айқындалу,пальпацияда - тығыз эластикалық консистенция, күрт ауырсыну.
ЕҢ ықтимал диагноз:
* қысылған жарық (грыжа )
* жедел аппендицит
* жедел зәр шығару бөгелуі
* жедел бүйрек коликасы
* қуықтың жарақаты
58. Бала 9 жаста. Әлсіздікке, іште толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданады. Екінші күн ауруы. Дефекация күніне 10-12 рет. Шырышты және қан қоспасы бар сұйық нәжіс. Дене қызуы 38,7 C. Іштің пальпациясында сол жақ мықын аймағында ауырсыну.
ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз:
* жедел гастрит
* жедел панкреатит
* жедел аппендицит
* жедел энтероколит
* жедел гастроэнтерит
59. Науқас А., 14 ж. Жедел ауырсыну , көп мөлшерлі сулы нәжіс, құсу фонтанды , қайталамалы. Дене қызуы 35,4 °C, Жағдайы өте ауыр, түрі бозарған, адинамикалық, су ішуден бас тартады. Терісі сұр, құрғақ, қайта қалпына келмейтін қатпарлар жиналады. Шырышты қабаты құрғақ. Пульс пен қан қысымы анықталмайды. ТЖ минутына 28рет. Іші тартылған, пальпацияда ауырсынусыз . Анурия
ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз?
* туляремия
* тырысқақ. Эксикоз II сатысы
* сальмонеллез. Эксикоз II сатысы.
* тамақ токсикоинфекциясы. Эксикоз I сатысы.
* ЖІИ. Жедел гастроэнтерит. Эксикоз III сатысы. Гиповолемиялық шок
60. Науқас балмұздақ жегеннен кейін 2 сағаттан кейін эпигастрий айиағында бұрап ауырсыну, жүрек айну, қайталамалы құсу, әлсіздік, бас айналу байқалды.
ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз?
* оба
* тырысқақ
* дизентерия
* сальмонеллез
* тағамдық токсикоинфекция
61. Ер адам жедел әлсіздікке, іштің ауыруына, заттардың екеу болып көрінуіне, бір реттік құсуға шағымданады. Анамнезден пациент кешке қонаққа барып тамақтанғаны белгілі. Осыған ұқсас шағымдар тағы бірнеше адамда байқалады. Таңертең іште толғақ тәрізді ауырсыну сезімі, жұтудың қиындауы, ауыздың құрғауы, дауыстың төмендеуі , көз алдында тұман пайда болуы сияқты белгілер пайда болған. Науқастың жағдайы ауыр, тежеуілдеген. АҚҚ 110/70, пульсі мин 90 рет. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.
ЕҢ ықтимал диагноз:
* сіреспе
* ботулизм
* сальмонеллез
* тағамдық токсикоинфекция
* менингококты менингит
62.Кеше 2 жасар қыз балада дене қызуы 38° С көтерілген, конъюнктивалық және жұтқыншақтық гиперемия, мұрынның ағуы пайда болған. Түнде дене температурасы 40С-қа көтеріліп, терісі бозарған, қол-аяқтың дистальды бөліктері ұстап көргенде салқын болған. Балаға парацетамолды 2,5 мл дозада берді, бірақ температура төмендемеген.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ЕҢ дұрыс?
* менингит
* менингоэнцефалит
* жедел ларинготрахеит
* ЖРВИ, тырысқақ синдромы
* ЖРВИ, гипертермиялық синдромы
63. Бала 11 айлық, аурудың бірінші күні : мұрынның ағуы, дене қызуы 39,9С дейін көтерілген, кенеттен есін жоғалтты, денесі көгерген, дененің барлық бөлігінде тырысулар пайда болған. Объективті: тежеуілдеген, қарап бақылағанда пассивты. Бадамша қызарған, бөлініс жоқ. Ринорея.
Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* жедел ларинготрахеит, бронхит
* менингококкты инфекциясы, менингоэнцефалит
* жедел респираторлық ауру, пневмония
* жедел респираторлы вирустық инфекция, эпилепсия жағдайы
* жедел респираторлы вирустық инфекция, фебрильді ұстамалар
64. Жедел жәрдем бригадасы 3 жасар балаға келді. Анасының айтуы бойынша, баланың дене қызуы 39,5 ° C-қа дейін жоғарылаған, құрғақ жөтел, мұрны ағады, анасы ибуфен іштірген, бірақ бала кенеттен есін жоғалтқан, денесі көгерген, дененің барлық аймағында тырысулар көрінеді .Тежеуілдеген қарап тексергенде пассивты, нұсқауды толық орындай алмайды, сөйлеуі қиындаған. Бадамшасы қызарған, бөлінділер жоқ. Ринорея. Дене қызуы - 39,5 C. Терісі таза, ылғалды, бөртпелер жоқ.
Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* эпилепсиялық статус
*жедел трахеобронхит
* жедел ларинготрахеит
* фебрильді ұстамалар
* менингококкты инфекциясы
65. Ер адам аурудың 1 күнінде жедел медициналық көмекке жүгінді. Қонақтан келгеннен кейін 6 сағаттан кейін жедел ауырсыну сезімі пайда болды: эпигастрийдегі ауырсыну, жүрек айну, қайталамалы құсу, жиі сұйық нәжіс. Дене температурасы 38 С, терісі бозарған, көз аймағы көгерген. Эпигастрийдегі ауырсыну. Нәжіс көп мөлшерлі, сулы, жасыл түсті.
ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз:
* жедел гастрит
* жедел панкреатит
* жедел аппендицит
* жедел энтероколит
* жедел гастроэнтерит
66. 2 жасар бала жедел ауырған, дене қызуы 39 ° С дейін көтерілді, мазасыздық, құсу бір реттік, 8 сағаттан кейін анасы бөртпені байқаған. Объективті: терінің бозаруы, төменгі бөліктерде геморрагиялық бөртпелер, менингиалды белгілері оң (мойын бұлшық еттері тартылған).
Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ЕҢ дұрыс?
* менингококкты инфекция, менингококкемия, менингит
* энтеровирустық инфекция экзантема, менингит
* менингококкты инфекция менингококцемия
* геморрагиялық васкулит
*токсикалық тұмау
67. Науқас 20 жаста. Ауру жедел басталған: дене температурасы 39С дейін көтерілген, басы ауру және бұлшық ет ауыруы пайда болған. 2-ші күні тамақ қабылдауға байланысты емес құсу қосылды, мойын бұлшық еттері тартылған. Пульс минутына 56 рет, ырғақты. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. бойынша
Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ЕҢ дұрыс?
* менингит
* энцефалит
* арахноидит
* менингококцемия
* геморрагиялық васкулит
68. 8 жасар балада кенеттен әлсіздік , аштық сезімі , салқын тер пайда болды, аяқ-қолдардың дірілдеуі және тахикардия байқалады, содан кейін бала ұйқышыл болды, тырысулар дамыды.
ЕҢ ықтимал жағдай:
* қоллапс
* фебрильді ұстамалар
* анафилактикалық шок
* гипогликемиялық кома
* гепаторенальды жеткіліксіздік
69. Көшеде ес-түссіз жатқан 20 жастағы жігіт өте ауыр жағдайда. Көз қарашығы D = S, тарылған «нүкте», фотореакция жоқ. Ешқандай дене жарақаты байқалмады. Тері қабаты көгерген, инъекцияның іздері юайқалады. Тынысы сирек , беткей. Жүрек тондарыары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 70рет, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ.бойынша
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ЕҢ дұрыс?
* алкогольдік кома
* есірткі комасы
* апоплексиялық кома
* гипогликемиялық кома
* жедел жүрек жеткіліксіздігі
70. Әйел 38 жаста 2 сағат ішінде сөйлеу қабілетінің нашарлауына, оң аяқтың әлсіздігіне, бас ауруына, жүрек айнуына, құсуға, қан қысымының жоғарылауына шағымданады. Анамнезінде ұзақ уақыт бойы гормоналды контрацептивтер қолданылғаны анықталды. Объективті: есі кіресілі шығасылы, жағдайы пассивті . Оң жақ төменгі бөліктерінде бұлшықет тонусы біршама төмен. ТЖ - минутына 17 рет. Жүрек тондары айқын, ырғағы дұрыс, тахикардия. АҚҚ - 140/70 мм.сын.бағ.бойынша.,Жүрек соғу жиілігі - минутына 94 рет.
ЕҢ ықтимал диагноз:
* өкпе ісінуі
* нейроциркуляторлық дистония
* өтпелі ишемиялық шабуыл
* жедел гипертензивті энцефалопатия
* жедел мидағы қан айналым бұзылысы
71. Науқас 58 жаста. Шағымдары: бас ауруы, бас айналу, басындағы шу, сол жақ аяқтардағы әлсіздік. Бір апта ішінде жағдайының нашарлауы. Бүгін таңертең төсектен түскенде құлаған. Объективті: санасы айқын. Назолабиалды қатпардың тегістігі, оң жақтағы жоғарғы қабақтың төмен түсуі. Сол жақ аяқ бұлшықеттерінің күші күрт төмендеген. Жүрек дыбыстары анық, қатты, аортада 2 тон акценты. АҚҚ 190/100 мм сын. бағ. Бойынша (қалыптыда 150/90).
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* бет невриті
* артериалды гипертензия, криз сатысы
* артериалды гипертензия, өкпе ісінуі
* артериалды гипертензия, криз, инсульт
* артериалды гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия
72. Миының жарақаты бар ер адам: көзін ашпайды, сөйлеуі бұзылған, аяқтары иілген күйде.
Емделуші үшін сананың қай деңгейі ЕҢ ықтимал?
* кома
* анық
* сопор
* ступор
* анық емес
73. Автокөлік апатында автобуста тұрған ер адам құлап, бетінің, мойынының және аяқ-қолдарының бұлшықеттері қысылып, аузынан көбіктенетін сұйықтық шығады. 3-4 минуттан кейін құрысулар тоқтап, тыныс біркелкі болып, ұйықтап кетті. ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз:
* коллапс
* естен тану
* басынан күн өту
* есірткі комасы
* эпилепсиялық ұстама
74. Ер адам 50 жаста автомобиль апатынан кейін бас ауруы, бас айналу, бір реттік құсу сияқты шағымдар пайда болған. Неврологиялық статус: ретроградтық амнезия, анизокория, нистагм, мойынның бұлщық еттерінің тартылуы.
ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз?
* Менингит
* БМЖ. Мидың контузиясы
* БМЖ. Бас сүйегінің сынуы
* БМЖ. Мидың қысылуы
* БМЖ. Мидың шайқалуы
# 75*! Футбол матчы кезінде спортшы ішке аяқпен соққы алды. Іштің қатты ауырсынуына шағымданады. Сол жақ қабырға астында қараған кезде өткір ауырсыну анықталады, Щеткин-Блумберг симптомы оң.
ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз?
* жедел аппендицит
* іштің аралас жарақаты
* іштің оқшауланған жарақаты
* іш қуысына енетін жарақат
* іштің комбинирленген жарақаты
# 76*! Төбелес кезінде жасөспірімнің ішіне өткір затпен соққы жасалынды. Қарап тексергенде, іштің алдыңғы қабырғасында ұзындығы 5 см, орташа қан кетуі бар жарақат анықталды . Жарадан жіңішке ішектің бір бөлігі шығып тұрады.
ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз?
* жедел аппендицит
* іштің аралас жарақаты
* іштің оқшауланған жарақаты
* іш қуысына енетін жарақат
* іштің комбинирленген жарақаты
#77* Автобус жүргізушісі авария кезінде кеудемен рульге соғылды. Тынысы жиі, беткей, кеуде қуысында қозғалған кезде ауру сезімі ұлғаяды. Пальпация кезінде кенеттен локальды ауру сезімі мен III және IV қабырғалар проекциясында ортаңғы және артқы қолтық асты сызықтарда крепитация естіледі, сол жерде ісіну мен көгеру анықталады.
Алдын-ала диагнозды көрсетіңіз.
* қабырғалар сынығы
* төстің соғылуы
* бұғана сынығы
* қабырғааралық невралгия
* иық сүйегінің жабық жарақаты
# 78*! 3 жасар бала байқаусыздан қайнаған судан аяқтарының термиялық күйігін алды. Жедел жәрдем дәрігері дене бетінің 10% аймағында күйік анықтады. Гиперемия және ісіну фонында эпидермис жоқ аймақтар бар.
Күйіктің ең ықтимал дәрежесін анықтаңыз:
*0
*I
*II
*III
*IV
#79*! 20 жасар жігітті электрлік розетканың қасында есінен танып қалған күйінде тапты. Қарап тексергенде бұлшықеттің тырысулық жиырылуы байқалады. Оң жақ алақанның терісінде сызықтық күйік бар. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*басішілік гипертензия
*бас-ми жарақаты
*электрожарақат
*есінен талу
*коллапс
#80*! Анасы 4 айлық баланы (көшеде +32 С) жүннен жасалған костюммен алып, оны жеңіл көрпеге орап серуендеуге шықты. 2 сағаттан кейін баланың дене қызуы 38 С дейін көтеріліп, құсу пайда болды. Қарап тексергенде терісі гиперемияланған, терісін ұстағанда ыстық екені анықталды. Катаральды көріністер жоқ. Тынысы пуэрилді, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 25 рет. Жүректе – тондары айқын, ырғақты, ЖСЖ минутына 140 рет.
Төмендегілердің қайсысы балада дене температурасының жоғарылауына себеп болды?
*пневмония
*қызыну
*ішек инфекция
*гипертензионды синдром
*респираторлы вирусты инфекция
#81*! Жағажайда ессіз-түссіз ер кісі табылды. Қарап тексергенде тері гиперемияланған, дене қызуы 40 С, ТАЖ минутына 23 рет, АҚ 110 \ 70 мм.рт.ст. ЭКГ: синустық тахикардия минутына 110 рет. ЭОС қалыпты. Жедел коронарлық патологиясыз. Қандағы глюкоза деңгейі 3,6 ммоль / л құрайды. ЕҢ ықтимал алдын-ала диагноз:
* күн өтіп кету
*алкогольмен улану
*анафилактикалық шок
*гипогликемиялық кома
*жедел инфаркт миокарды
#82*! 19 жастағы науқаста көптеген қабырғалар сынуы мен жедел тыныс жетіспеушілігі. Цианоздың жоғарылауы, АҚ төмендеуі, кеуде қуысының оң жағында біржақты толуы, қабырғааралық кеңістіктің кеңеюі байқалады.